Жаңалықтар

21.02.2022 ж. Жалпы Медицина-1 мектебінің молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары Мустафаева А.Ж., Кашаганова Ж.А., Шайхымбекова Р.М. ұйымдастыруымен және ЖМ21-006, ЖМ21-007, ЖМ21-008 топ студенттерінің қатысуымен «Әр өлеңі – бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған іс-шарасы өткізілді.
Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы М.Мақатаевтың өлең-жырлары көрермен қауымның жүрегінен орын алып, туған елге деген патриоттық сезімдері оянып, көрермендермен қосыла айтылды.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада көрермен студенттер арасында Мұқағали Мақатаев жайлы сауалнамалар жүргізіліп, жеңімпаз студентке ақынның кітабын алуға сертификат тапсырылды.
Көрермен ретінде Жалпы медицина-1 мектебінің декан орынбасары Д.А. Сукенова келді.