«Таза Қазақстан» эко-челленджі аясында макулатура жинау акциясы өтті!

2026 жылғы 25 қазанда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында макулатура жинау акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қағаз қалдықтарын қайта өңдеуге бағыттау, табиғи ресурстарды үнемдеу және білім алушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Университеттің факультеттері мен мектептері арасында өткен макулатура жинау жарысында Медицина мектебі Бас жүлдені иеленді!

Бұл жетістік – қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершіліктің және бірлескен еңбектің нәтижесі.

Табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық! Таза Қазақстанды бірге қалыптастырайық!