Тәлімгерлік М25-001 топ студенттерімен «Мошенники 2» көркем фильмінің көрсетіліміне барғандығы туралы есеп

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру, жауапты мінез-құлықты насихаттау және алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында студент жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағыттағы тәрбиелік іс-шараларды іске асыру мақсатындамолекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының тәлімгері Г.Т. Танеева 30.04.2026ж. күні М25-001 топ студенттерімен «BAS Production» кинокомпаниясы түсірген «Мошенники 2» көркем фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қазіргі қоғамда кең таралған интернет-алаяқтық, қаржылық қауіпсіздік, әлеуметтік желілер арқылы жасалатын қылмыстық әрекеттер туралы түсініктерін кеңейту және жастарды сақтыққа тәрбиелеу болды. Сонымен қатар фильм мазмұны арқылы студенттерге заң талаптарын сақтау, жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қорғау, күмәнді ақпараттарға сенбеу және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері түсіндірілді.

Көрсетілім барысында студенттер фильм сюжеті арқылы алаяқтардың түрлі психологиялық тәсілдер мен заманауи технологияларды пайдалану арқылы адамдарды алдау жолдарымен танысты. Фильмде қазіргі қоғамда жиі кездесетін қаржылық пирамидалар, интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер, жалған ақпарат тарату және азаматтардың сеніміне кіру сияқты мәселелер көркем түрде бейнеленген. Бұл студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын меңгеруіне оң әсерін тигізді.

Фильм көрсетілімінен кейін студенттер арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, көркем туындыда көтерілген мәселелер талқыланды. Студенттер өз ойларын ортаға салып, қазіргі таңда алаяқтық қылмыстарының түрлері көбейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, олар мұндай профилактикалық іс-шаралардың жастар үшін маңызы зор екенін айтып, құқықтық ақпараттарды жиі насихаттау қажеттігін жеткізді.

Іс-шара нәтижесінде студенттердің құқықтық сауаттылығы артып, қоғамдағы өзекті мәселелерге деген жауапкершілік көзқарастары қалыптасты. «Мошенники 2» көркем фильмі студент жастарға тәрбиелік және танымдық әсер беріп, заңға бағынушылық мәдениетті нығайтуға ықпал етті.