«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтау іс-шарасы туралы есебі

2026 жылғы 2-қазан күні Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ПОҚ-ын Медицина мамандығының 1 курс М26-001/2 және М26-003/004 топ студенттері және топ тәлімгерлері Г.Т. Танеева, Қ.Е. Жүзжан «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтау іс-шарасын ұйыдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұстаз еңбегін құрметтеу, білім алушылардың мұғалім мен оқытушы мамандығына деген сыйластық сезімін қалыптастыру, ұстаздардың кәсіби еңбегінің маңыздылығын насихаттау.

Іс-шара барысында студенттер кафедраға таңертең сағат 7.40 келіп, дәлізде сабаққа келген ұстаздарды құттықтау сөздерімен күтіп алып, алғыстарын білдірді.

Іс-шара барысында студенттер ұстазға деген құрмет, алғыс айту, ізгілік, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын көрсетті.

Мерекелік іс-шара студенттердің бірлесіп жұмыс істеу, шығармашылық бастамашылық таныту және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Іс-шара соңында студенттер ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және еңбектеріне толағай табыс тіледі.