2017 жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызында аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің химия және химиялық технология факультетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасы мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университетінің биологиялық химия кафедрасының және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінің химиялық технология кафедрасы студенттері арасында «LEAGUE OF СHEMISTS» атты интеллектуалдық сайысы өтті. 3 турдан тұратын сайысқа құрама жеті команда қатысты: Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің xимиялық теxнология кафедрасының командасы «ЛЕД И ПЛАМЯ» (команда капитаны — Алихан Жеңіс); С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы медицина факультеті, биологиялық xимия кафедрасының екі командасы — «АСКЛЕПИЙ» (команда капитаны – Серкебаева Жанерке) және «STARSHIPS» (команда капитаны — Тұралыұлы Әділ); әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің xимия және xимиялық теxнология факультетінің үш командасы «Тәуекел» (команда капитаны – Батырбек Сандыбай), «АРХИМЕД ІЗБАСАРЛАРЫ» (команда капитаны – Нұршәріп Арманбек), «МЕНДЕЛЛЕВ ОТРЯДЫ» (команда капитаны – Арипбаева Арайлым) және «МOONAY».
Сайысты қорытындылай келе, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Е.А. Аубакиров және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің биологиялық химия кафедрасының меңгерушісі профессор К.О.Шарипов барлық қатысушыларға белсене қатысқаны үшін алғыстарын айтты.