«Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны
2015 жылғы 29 қазан күні «Жалпы медицина» факультеті Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен, Қазақ Тағамтану Академиясының конференц-залында ҚазҰМУ-дың «Нутрициология» кафедрасының 20 жылдығына орай топаралық «Білгірлер бәйгесі» интеллектуалдық ойыны өтті.
Әділ-қазылар алқасы құрамында: кафедра меңгерушісі Кайнарбаева Майгуль Сейдуллаевна, кафедра доценті Хасенова Гүлстан Хасенқызы болды.
Аталмыш ойынға «Жалпы медицина» факультетінен құралған «Жүйрік қызанақтар»,«Витаминдер»,«Протеиндер» топтары қатысты.
Студенттер іс-шарада жоғары белсенділік танытып, өз біліктілерін және жан-жақты өнерлерін көрсете білді.
Ойын қорытындысы бойынша«Жүйрік қызанақтар» тобы жеңіске жетті.
Іс-шара соңында кафедра атынан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту бөлімі