ҚазҰМУ молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында «Кіші және үлкен топтарда белсенді оқыту әдістері» және «Медициналық ЖОО-да экспертиза және бағалау» атты тақырыптарда профессорлық оқытушылар құрамы (ПОҚ) білім деңгейлерін арттырып, кваликацияларын көтеріп және студенттердің оқу үрдісінде білім беру әдісін жоғарлатуда.
Қазіргі таңда білім деңгейін жоғарлату мақсатында кафедра оқытушылары оқу үрдісінде белсенді оқытудың технологияларын қолдана отырып, жас мамандарға сапалы білім, саналы тәрбие, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту және қалыптастырудың маңызы зор.
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі, профессор Джумашева Р.Т. ұйымдастыруымен 2018 жылдың қаңтар айының 22-ші жұлдызынан, ақпан айының 18 жұлдызы аралығында кіші және үлкен топтарда белсенді оқыту әдісін игере отырып медициналық генетика пәнінен ашық сабақтар өткізілуде. Әр-бір өткізлген тәжірбиелік сабақтан кейін кафедраның профессорлық оқытушылар құрамымен талдап сарпатама жасалынып отырады.
Белсенді оқыту әдістерін сабақта қолданудың мақсаты:
— сабаққа дайындалу, жан-жақты әдебиет көздерін кеңінен пайдалана отырып топтың коммунативтік құзреттілігін;
— болашақ дәрігерлердің топпен жұмыс істеу, ойларын еркін жеткізу, ой өрісін жоғарлату.
Кіші және үлкен топпен жұмыс істеу нәтижесінде әр түрлі генетикалық аурулардың ішіндегі кең тараған ауруларды танып, сол ауруларға күмандануды, аурулардың алдын алуды игерудің теориялық жүзінде білім алуына бағыт алады. Жоғарыда аталған әдістермен практикалық сабақтар өткізілген топтарда студенттер белсенді түрде сабақты қорғап болған соң, бұл әдістің тиімді екені сезілді. Студенттердің терең білім беруді жоғарылату мақсатында ҚазҰМУ молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында оқытушылары кіші және үлкен топтарда белсенді оқыту әдістерін білім жүйесінде пайдалануды қолдайды.