«Ұстазға тағзым» мақала

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 5-ші жұлдызы, «Ұстаздар күніне» арналған ҚазҰМУ-дың гистология кафедрасының ұжымы бастамасымен, Жалпы медицина факультетінің Модуль 3 курс студенттерінің қатысуымен «Ұстазға тағзым» атты мерекелік жиын ұйымдастырылды. Жиын ректорымыздың Аканов А.А.-тің ізгі істерінің бірі — аль-Фараби алаңы, «Ұстазым» монументінің алдында өтілді.Салтанатты жиын Жалпы медицина факультетінің деканы  Джумашева Р.Т.-ның алғашқы сөзімен ашылды. “Сіздерді Ұстаздар күні ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл­халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұла­ма­лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй­реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар ”, дей келіп, – құттық­тау­да Ұстаз сөзінің қа­сиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, жиын қонақтары деканат өкілдері, кафедрамыздың профессоры  Юй Р.И. және университетіміздің ұлағатты ұстаздары қатысып өз кезегінде алғысын білдіріп, Ұстазға арналған мерекенің адам­заттың даму тарихында қашан да болса алар орны бөлек, жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміздің, ізетіміздің жөні басқа екендігін айтып өтті. Ал бұл сөзді естіген кез кел­ген жанның көз алдына па­расатты,  білімді, жылы жүзді адам елес­тейтіні сөзсіз. Осы ұстаздарымыздың құрметіне университетіміздің өнерлі студенттері өз өнерлерін ортаға салды. «Өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз»,-демекші ұстаздарға мәңгілік құрмет белгісі ретінде, алаңдағы «Ұстазым» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Студенттердің атынан ізгі тілектер мен алғыс сөздер айтылды. Жиын соңы, «Ұстазым» әнін шырқап, Ұстаз атты тұлғаларға гүл шоқтарымен, құттықтау қағаздар таратылып, көкке шар ұшырылды.

2

1