Ардагерлер — ұлт мақтанышы
1941 жыл . Сұрапыл соғыс. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Сұрапыл соғыстың алаулаған жалынының өршіп тұрған кезі. Жерімізге төнген жаудың бетін қайтару, қиынға соғып тұрған заман болатын. Бұл соғыс тек екі елдің арасындағы ғана емес, барша ұлттың соғысы еді.Енді ғана арман қуып, бір – бір кәсіптің иесі атанғалы отырған қаншама жастарымыз, аға — әпкелеріміз армандарын – қаруға айырбастап кете барды.
Осындай қиын – қыстау кезде еліміздің түкпір – түкпірінен елі үшін, жері үшін аянбай тер төгіп, қасық қаны қалғанша күрескен ата-апаларымызға айтар алғысымыз шексіз.
Еліміздің іргесін жаудан тазартып, бүгінде тәуелсіз елде бақытты өмір сүріп жатқанымыз солардың арқасы. Ардақты да , асыл ардагерлеріміздің ерен еңбегі болашақ ұрпақтың, біздер — жастардың мәңгі есінде қалатыны анық. Бүгінде оларға мемлекет тарапынан қолдау да аз емес.
Осындай қолдаудың бірін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, жалпы медицина факультетінің
1-курс студенттері, Алматы қаласы, Алмалы ауданында тұрып жатқан ардагерлерімізге рухани-әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Қадірлейік қарттарды» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырған болатын.
Аталмыш іс – шара аясында біздер, Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше мәрте даңқты медальдармен марапатталған, қәзіргі таңда Алматы қаласында өмір сүріп жатқан Георгий Константинович атамызға барып қайтқан болатын.
«Соғыс басталды деп ел шулап жатқанда мен, небәрі 21 жаста болатынмын-, деп бастады әңгімесін атамыз. Әскердегі азаматтық борышымды өтеп, жақындарыма барамын деп отырғанда соғыс басталды деп, бізді елге жібермей, әскерге алып кетті. Сұрапыл соғысқа бойымдағы жастық жігерімді жинап, барынша рухтанып бардым. Бізді жаяу әскер құрамына алып, Ресейдің батыс-шығыс аудандарын азат етуге жіберді. 1943жылы Брест қамалын жаудан азат етуге кеткен гвардияға қол үшін созу үшін, біздіңде ротаны сол жаққа жіберді. Біз таң ата жеткенде ұрыс енді толастаған болатын, сол маңда жүріп төбемнен бомба түсіп, ауыр жарақат алдым. Есімді жисам медпункта жатыр екенмін. Маңайымызда қиян – кескі ұрыс болып жатқанда, медпункта дәрігерлер мен дәрі- дәрмектер қоры қайдан болсын. Сол жерде бір жұма жатып, мені Кавказға қайтарды. Одан әрі отаныма – Қазақстаныма оралдым.
Елге келгенімде маған көпке дейін ота жасалынбады. Кейіннен сол аяғымның жарамай қалғанын айтты. Жау тылында жүрмесемде, жау тылында жүргендер отандастарымызға көмек болсын деп, елдегі бар жұмыстарды атқара бердім.
Ұлы Отан соғысының «Жеңіс» сағатын соқтыруға Қазақстандықтардың қосқан үлесі аз емес. Осындай жанның бірі Георгий атамыз бүгінде 5 бала, 9 немере, 9 шөбере, 1 шөпшек сүйіп отырған ардақты — әке, өнегелі қария.
Бүгінде көмекке зәру болып отырмаған атамыз, өз отбасының арасында бақытты екенін айтты. «Ең бастысы, еліміздің — тыныштығы, жеріміздің амандығы»,-деді ол сөз барысында. Елбасының, қала әкімдігінің өзіне жасалған көмектеріне зор алғысын айтып, еліміздің тыныштығын тілеп, батасын берді.
Жалпы медицина факультетінің
1 курс студенті Мұстафа Бейбіт