Емтихандық сессия барысында 2016 жылдың 4-12 ақпан аралығында «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттері (ОЖЖ-1) емтиханның II кезеңін тапсыру үстінде. Аттестация өткен жылдағыдай тәжірибелік дағдыларды қабылдау пәнаралық біріктірілген емтихан ОҚКЕ технологиясы бойынша өткізілуде. Емтихан 3 блоктан тұрады:
- Морфологиялық блок
— қалыпты анатомия – макропрепаратты сипаттау
— гистология — микропрепаратты сипаттау
— патологиялық анатомия — макропрепарат / микропрепаратты сипаттау
2.Патология
-қалыпты физиология — а) спирометрия б)сіңірлік рефлекстерді анықтау в)АҚ өлшеу в) ЭКГ-ны тіркеу әдісі г)қан тобын және резус факторын анықтау
— патологиялық физиология – анализдерге талдау жасау (ҚЖА, ЗЖА, б/х зерттеулер, қақырықтың жалпы анализі, плевралық пунктат)
— пульсты анықтау
3.Клиникалық блок
— визуальды диагностика — жүйелер мен мүшелер бойынша аспаптық зерттеу нәтижелерін талдау (рентгенологиялық, ультрадыбыстық)
— фармакология – рецепт жазу және дәрілік заттың әсер ету механизмін сипаттау
— ішкі аурулар пропедевтикасы — а) өкпе аускультациясы б) жүрек аускультациясы в) бауырдың өлшемдерін анықтау