“Еңбек нарығының жаһандану жағдайында медициналық білім беру” халықаралық конгресс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен 12-13 қыркүйек күндері АГИУВ-тың 50 – жылдық Мерейтойына арналған «Еңбек нарығының жаһандану жағдайында медициналық білім беру» атты Конгресс  өткізілді.Конгресс жұмысы денсаулық сақтау, медициналық білім берудің өзекті мәселелерін  талқылауға арналды.

1

Конгресстің басты бағыты – мамандардың кәсіби араласу ортасын кеңейту арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби өсуін және дамуының сақтау саласында білім беру технологиялар трансфертінің механизмдерін жүзеге асыру, денсаулық сақтау ресурстарын үздіксіз кәсіби дамыту  мақсатында жан – жақты кешенді тәсілдің мәселелерін талқылау, әртүрлі ауруларды диагностикалауда және емдеуде бірегей әдісті әзірлеу болды. Конгресс жұмысына дүниежүзінің танымал медицина мекемелерінің ғалымдарымен  (Берлин қ., Шарите университеттік медицина кешені, (бірлескен мекеме Гумбольдт атындағы Дербес Берлин университеті), К. Эберхард атындағы Тюбинген университеті «Баденвюртенберг« Германия; Дат эпилепсия орталығы, травмотология және балалар шұғыл жәрдем хирургиясы Ресей, Ресей Федерациясының фтизиатрия ҒЗИ, Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім беру Академиясы, Беларусь медициналық дипломнан кейінгі білім беру Академиясы, Ташкент дәрігерлер білімін жетілдіру институты, «Сан- Камильо» Рим Университеті, Италия және т.б) және біздің оқытушылардың қатысуымен 24 секциялық отырыс, 12 мастер – класс, сондай-ақ, 34 семинар өткізілді. Конгресске  С.Ж Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Аканов А.А, м.ғ.д, профессор, академик НАН РҚ, Қазақ тағамтану акакдемиясының директоры Шарманов Т. Ш,  университет профессорлары және доценттері сондай-ақ, 5 курс  33-1  топ студенттері  жетекшісі жүйке аурулар кафедрасының  доценті   м.ғ.к  Избасарова А.Ш.  басшылығымен  қатысты.

2

Конференцияның екінші күні АГИУВ 50 жылдығына арналған семинар- тренинг  мынандай тақырып бойынша өткізілді «Неврологические проявления системных заболеваний» 13 қыркүйек 2013 жыл.

3

 

“Еңбек нарығының жаһандану жағдайында медициналық білім беру” халықаралық конгресс