2018 жылдың 27-ші ақпан күні Мәншүк Мәметова атындағы аудиторияда қалыпты анатомия кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты 9-шы тапсырмасы бойынша қалыпты анатомия кафедрасында конференция өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: студенттер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау, іс-шара арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлт жанды, жан – жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс шара құрметті профессор Мұстафина Ж.Ғ. қолдауымен, және қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі Ахмад Н.С., кафедраның профессоры Досаев Т.М., кафедра оқытушыларының және жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықпен күресуді негізге ала отырып, іс-шара өз бастамасын алған болатын. «Жемқорлыққа жол жоқ!» — дей отырып, беделді кісілерге сөз кезегі берілген болатын. Профессор Жанар Габиденовна өз сөзін «Жемқорлықпен күресу – этиканың бір түрі» деп бастады. Өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, жемқорлыққа қарсы күресе білуді ұсынды. Жемқорлықты жаны сүймейтін Жанар Габиденовна апайымыз «Жемқорлықты жою – өзіміздің қолымызда. Сіз бен біз болып, осы жолда тер төгетін болсақ еліміздің келешегі жарқын болмақ. Алдағы уақытта жемқорлықты жою үшін күрес – еліміздің дамуына үлкен үлес қосар еді» деді. Жанар Габиденовна медицина саласында білім алып жүрген студенттерге дұрыс жол нұсқай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақырды. Осы тұрғыда «Қалыпты анатомия» кафедрасының оқытушылары да өз ойын ортаға сала кеткен болатын. Атап айтсақ, профессор Т.М.Досаев өз сөзінде жемқорлық орын алып жатқан жағдайда үнсіз қалмай, арнаулы орындарға хабар беру керектігін атап өтті. Конференция барысында жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша баяндамалар оқыды. Студенттердің осы тұрғыда өз ойларын ортаға салып, өзгелердің ойына аз да болсын жемқорлықты жоюға ұмтылыс ұялатқаны қуантарлық жағдай. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында қойылым қойылды. Бұл қойылымның басты мақсаты: «Қанша жерден тығырыққа тірелсең де, өз ісіңе адал болуды, жемқорлыққа жол бермей, әділеттілікке шақыру. Конференция барысында сыбайлас жемқорлық жайында ой саларлық бейнероликтер мен терең мағыналы стендтер назарымызға ілінген болатын. Өз шегіне жеткен іс-шараның түпкі ойы қатысушыларға осы жолда күресуді мақсат етіп, үйрету болып табылады.
Сенің «Жоқ» дегенің өте маңызды! Жемқорлық індет, жою міндет! Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу барлық азамат, азаматшаларға міндет болып табылмақ. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Қалыпты анатомия кафедрасы