Институтта физиология курсы 1932 жылы тұңғыш рет кіргізілді, ал 1934 жылы қалыпты физиология кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушілері И.А. Архангельская, М.Ф. Калмаков болды. 1937 жылдан бастап кафедраны м.ғ.д., профессор А.П. Полосухин басқарды. 1946 жылдан кафедраның ұжымы жас және дарынды ассистенттермен (Х.К. Сатпаева, С.А. Малинина, И.П. Кричевская, Е.Г. Скипина, Р.Д. Колесинская, К.А. Самойлова) толықтырылды.
Ұжымның зерттеулерінің басты бағыттарының бірі – ересек жануарлар мен өсіп келе жатқан организмдердің қан айналымының, тыныс алудың, лимфа айналымы мен ағымының орталық реттелуінің және веноздық қанайналымының нейрогуморалдық реттелуінің механизмдерін анықтау болды (барлық аталған қызметкерлер және Л.Е. Пальгова, И.А. Беремжанова, Ж.Б. Нильдибаева, К.А. Самойлова, Л.А. Артемьева, Т.В. Антонова, А.Д. Соколов, М.И. Алибеков, З.С.Абишева, Г.А. Беспалова, О.В. Ануфриева, Т.А. Жумакова, А.Г. Бисерова, Л.И. Малишевская, М.Б. Махамбетова, Н.С. Байжанова, Х.Х. Хасенова).
1983 жылдан бастап кафедраның қызметкерлері жалпы университеттік «Алматы қаласының қоршаған орта гигиенасының ғылыми негіздері» атты бағдарлама бойынша жаңа бағытта зерттеме жүргізуге кірісті. Мәселенің зерттемесінде проф. Х.К. Сатпаева, проф. А.Д. Соколов басшылығымен кафедраның барлық ұжымы ат салысты. 1990 жылы «Студент және денсаулық» атты мәселе бойынша проф. Х.К. Сатпаева және проф. А.Д. Соколов басшылығымен зерттеулер жүргізілді. Осы мәселе бойынша Г.Д. Жетписбаева өзінің кандидаттық диссертация жұмысын қорғады.
Физиологиялық зерттеулерінің үлкен топтамасы (А.Д. Соколов) доктор диссертациясымен және (Т.А. Жумакова, А. Абылкасимов) кандидаттық диссертацияларымен аяқтады.
Кафедраның ашылуынан бастап 38 кандидаттық және 14 докторлық диссертациялар қорғалды. 8 ғылыми қызметкерлер аспирантурадан өтті. 1,5 мыңнан астам мақалалар, 3 монография, 6 оқулықтар, 10 әдістемелік нұсқаулар басылды.
Кафедрада көп жылдан бері ғылыми студенттік үйірме жұмыс істейді (әр жылдарда үйірмені А.П. Полосухин, Е.Г. Скипина, А.Д. Соколов, И.П. Кричевская, Р.Д. Колесинская, Х.Х. Хасенова и Т.А. Жумакова басқарды). Отырыстар мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде жүргізіледі.
1993 жылы профессор Х.К. Сатпаева Валеология курсын енгізді (қазіргі кезде валеология курсының меңгерушісі проф. З.С. Абишева). Кафедраның қызметкерлерімен Валеология пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде басып шығарылды.
2003 жылдан бастап доцент М.К. Канкожаның басшылығымен Қазақстан ЖОО-ның қалыпты физиология кафедра қызметкерлеріның білімін жетілдіру өткізіледі.
1990 жылдан қазіргі кезге дейін ұжымның құрамына жас, қайратты, алғыр ұстаздар қабылданды (Е.М. Рослякова, Г.У. Шардарбекова, Ш.О. Рыспекова, С.К. Шанытбаев, М.К. Канкожа, Н. Атанова, У.С. Артыкбаева, А.С. Алипбекова, М.Т. Айтхожаева, А. Балхибекова, А.С. Игибаева, Т.Н. Исмагулова, Ж.Ж. Курмангалиева, О.М. Шайхынбекова, Л.М. Байболатова, Т.О. Абдирова, А.Н. Кожаниязова, Б.А. Джусипбекова, М.С. Туганбаева). Олардың көбісі кандидаттық диссертацияларын қорғады, жаңа келгендер материалдар жинақтауларын аяқтауда, ал доцент М.К. Канкожа докторлық диссертациясын рәсімдей бастады.
Кафедраны басқарғандар: 1937-1964 жж. – академик ҚазССР ҒА А.П. Полосухин; 1964-1966 жж.- профессор Л.Е. Пальгова; 1967-1974 жж. — профессор И.А. Беремжанова; 1974-1991 жж. — профессор Х.К. Сатпаева; 1991 ж. және қазіргі уақытқа дейін – профессор А.Д. Соколов.
Қазіргі таңда қалыпты физиология валеология курсымен кафедрасында 4 профессор, 7 доцент, 5 аға оқытушылар, 10 ассистенттер жұмыс істейді.
Кафедра қызметкерлері Республиканың, қаланың, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады.