Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық аясы кең ұғым.
“Кең болсаң — кем болмайсың” ұранын ұстана отырып Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс студенттері 2022 жылдың 8 сәуір күні жақсылық жасап жарысуда. Студенттер қасиетті Рамазан айына орай Алматы қаласындағы «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ орталығына барып, сыйлықтарын табыстап, балалардың көңіл-күйін көтеріп қайтты. Қайырымды және игі істеріміз көбірек болғай.