2023 жылдың наурыздың 1і «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні» аясында сағат 9.00-бен 12.00-арасында азаматтық қорғаныстың хабарлау жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы да аталған іс шараға белсене ат салысты. Атап айтар болсақ, кафедраның барлық базасында білім алып жатқан студенттер қоңырау (сирена) соғысымен бірден ұстаздарының көрсеткен орындарына, ғимараттан 50 метр қашықтыққа сыртқа шығарылды. Ашық алаңға шыққаннан кейін сол базадағы ТЖ және АҚ бойынша жауапты тұлғалар жиналған халыққа төтенше жағдай кезінде қандай іс-әрекеттер жасау керек екенін түсіндіріп кетті.
Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы орналақан, И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы Алматы қаласы Түрксіб ауданы Дегдар 10/2 мекен-жайда Б корпусында орналасқан. Аталған орындағы осы күнгі сабақ кестесі бойынша сабаққа келген жалпы медицина факультеті, 3-курс бойынша 28, 29, 105, 106, 107 топтар сағат 10 да қоңырау соғысымен А және Б корпусы арасындағы ашық алаңға шығарылды. Ол жерде аурухананың АҚ және ТЖ бойынша жауапты тұлға Ербол мырза ұстаздар мен студенттерге төтенше жағдай кезіндегі іс шаралар туралы ақпарат берді. Айтылған ақпараттар бойынша суреттер төменде көрсетілген.