Қалыпты анатомия кафедрасының тьюторлары Ахмад Н.С., Шакенов Б.Ш., Жаныбеков Д.Е., Дакенова К.Т.,Романюк С.Н. Искиндирова А.М., Омарбекова Ф.С., Искакова Л.А., Байгамысова Д.С. тьюторлық топтарымен Д.А.Қонаев мұражайына барып қайтты.
« Мейірім-шуағына мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық- қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты.» Джавахарлал Неру.
Студенттер мұражайда Дінмұхамед Ахметұлының балалық шығы, қызметте өсу баспалдақтары мен қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолы туралы деректер мен тарихи мағлұматтармен танысты. Сонымен қатар, Д.А.Қонаевтың жеке және сыйға алған 81 дана қару-жарағын көріп, тамашалады.
Дінмұхаммед Ахметұлының 100 жылдық мерейтойының құрметіне 2012 жылдың 12 қаңтарында М.Төлебаев көшесінде №119 үйдің , бесінші пәтері мемориалды мұражай болып есігін ашты. Пәтер-мұражайда Дінмұхаммед Ахметұлының өмірі мен тұрмысымен танысуға болады. Мемориалды пәтерде әрбір заттары тарихи-өмірбаяндық деректеріне сәйкес орналастырылған. Пәтерде Д.А.Қонаевтың 7мыңнан астам сан-түрлі саланы қамтитын, сондай-ақ қазақ,орыс, кеңес және әлем әдебиеті шығармаларынан тұратын кітапханасын, түрлі адамдардан келген хаттарын және де ел ішінде әйгілі болып кеткен оттықтар топтамасын көрдік.Сонымен бірге, басқа да шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлері сыйға берген кәдесыйлықтары сақталған.Жалпы пәтер-мұражайдағы жәдігерлер өте қызықты, әрқайсысы Дінмұхаммед Қонаев және оның жұбайы ЗуҺра Шәріпқызы туралы студенттерге мол мәлімет береді.Д.А.Қонаев мұражайы – бұл өткен тарихымызбен таныстыратын орын,әрі өнегеліөмірдің нағыз куәгері.