Жүйке аурулары кафедрасы 1934 жылы Қазақ медицина институты құрамында ұйымдастырылды. Оның тұңғыш меңгерушiсi қызметiн 1934-1956 жылдар аралығында профессор Евсей Моисеевич Стеблов атқарады. Алғашқы кезде кафедраның құрамында бiр ассистент және бiр лаборант болды.
Профессор Стеблов Евсей Моисеевич (1934-1956 ж. кафедра меңгерушісі)
Кафедра негізі қаланғаннан ғылыми мәселесі Қазақстандағы жүйке жұқпалы аурулары: кене энцефалитi мен безгек энцефалиті, нейробруцеллез, тымаудағы жүйке жүйесінің зақымдануын зерттеу болып табылды. (ғылыми жетекшілері Е.М.Стеблов және М.Х.Фаризов).
Қазақстанда кене энцефалитінің табиғи ошақтарын зерттеу, эпидемиология ерекшеліктері, клиникалық ағымы мен нәтижесін зерттеу біздің республикамыздың тәжірибелік денсаулық сақтауда айқын маңызы бар. Кафедра қызметкерлерімен (Е.Л.Фалькова, М.С.Генина) анықталған кене энцефалиті бойынша клинико-эпидемиологиялық көрсеткіштер Қазақстан бойынша құрастырылған әдістемелік ұсыныстарда пайдаланылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кафедра қызметкерлері (Е.М.Стеблов, Р.Г.Мандрыко, асс. Е.Л.Фалькова) медициналық дәрігерлік кадрларды дайындаумен қатар Алматы қаласында орналасқан тыл госпитальдеріне білікті кеңес беріп жүрді. Ал М.Х.Фаризов және кафедра ассистенті К.В.Андреева майдан шебіндегі госпитальдерде алғашқы қатарда қызмет атқарды. Олардың Отанға сіңген еңбектері тиісті құрмет белгілерімен марапатталды.
Кейіннен кафедраның кеңеюіне байланысты Евсей Моисеевич тәжірибелі оқытушылар ұжымын құрып, 5 медицина кандидаттарын дайындады.
Кафедрада профессор Е.М.Стебловтың ізін жалғастырушы профессор Мухаметжан Хакимович Фаризов (1957-1976жж.). Ол тәжірибелі клиницит, Ұлы Отан соғысына қатысқан ғылыми қызығушылығы кең адам болған.
Профессор Фаризов Мухаметжан Хакимович (1957 — 1976жж. кафедра меңгерушісі)
Бұдан әрі өмірдің талабы ми қантамырлары аурулары мәселесін алға тарты. Сол себепті 1960 жылдан бастап бұл мәселе кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінде ерекше орын ала бастады (ғылыми жетекшісі — М.Х.Фаризов). Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы ми қантамырлары ауруларының таралымы және олардың пайда болуына генетикалық факторлардың тексеру жұмысы Мәскеудегі Ресей неврологиялық ғылыми зерттеу институтымен бірлесе жүргізіліп келді. Мухаметжан Хакимовичтің тікелей араласуымен республикада тұңғыш рет ми қантамырлары ауруларын емдеуге арналған бөлім ұйымдастырылды.
Қазақ мемлекеттік медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасында қызмет атқарып, біздің елімізге және достастық мемлекеттерге танымал болған ғалым- невропатологтар бар. Доцент Р.Г.Мандрыко 24 жыл бойы (1951-1975 жылдар) Қарағанды мемлекеттік медицина инсттитутының, доцент З.М.Брянцева 5 жыл бойы (1975-1980 жылдар) Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты жүйке аурулары кафедрасын басқарды. Медицина ғылымдарының докторы И.И.Великанов Пятигорск қаласындағы курортология және физиотерапия институтында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Б.А.Атчабаров медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының корреспонденті. Мамандар мен ғалым- невропатологтар даярлау саласында профессор А.П.Касаткинаның еңбегі ерекше. Ол 10 жылдай кафедра профессоры, ал соңғы 10 жыл бойы өмірінің соңына дейін Алматыдағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында жүйке аурулары кафедрасын басқарды.
М.Х.Фаризовтың жетекшілігімен 7 кандидаттық, 1 докторлық диссертация дайындалды. М.Х.Фаризов 10 жылдай Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми кеңесін басқарды, 15 жылдан аса «Здравоохранение Казахстана» журналының редакциялық ұжымына кірді.
1977-2000 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы профессор Смағұл Қайшыбайұлы Қайшыбаев басқарды. Кафедраның қалыптасуына байланысты оның клиникалық базасы да кеңее түсті.
Профессор Қайшыбаев Смағұл Қайшыбайұлы (1977 – 2000ж.ж. кафедра меңгерушісі)
1970-жылдардың соңынан бастап кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарының нітижелері денсаулық сақтау тәжірибесінде кеңінен қолдау тапты. Ол заманда ми қан айналымы жедел бұзылыстарын анықтау үшін ми қантамырлары ангиографиясы, электромиография көмегімен «жасырын синкинезияны» анықтау әдісі, эхоэнцефалография пайдаланылатын. Осы мақсатта Республика Ғылыми академиясының корреспондент мүшесі Б.А.Атшабаровтың басшылығымен бас сүйек қуысы ішіндегі физикалық жағдайларды тексеру ңдісі кеңінен пайдаланылды. Инсультты дегидратациялық терапия көмегімен емдеудің тиімділігін анықтау үшін импеданстық бақылау әдісі қолданылды. Ми қан айналымының жедел бұзылыстарын емдеу үрдісінде инемен емдеу және оттегін гипербарлық әдіспен қолдану әдістері пайдаланылда.
С 1980 жылдан бастап ми қантамырлары ауруларының алғашқы кезеңдерінде кездесетін вегетативтік нерв жүйесі өзгерістері кеңінен зерттеле бастады. Бұл жұмыстар кардиология және өлкелік патология ғылыми зерттеу институттарымен шартты келісім бойынша жүргізілді.
1980 жылдардың соңынан бастап кафедра қызметкерлерімен жедел ми қан айналысы бұзылыстарын ерте диагностикалау және емдеу, бас ми жарақаттарын, диабеттік энцефалопатиялар сұрақтарын өңдеу белсенді іске аса бастады.
Ол уақытта кафедра қызметкерлері орталық қалалық клиникалық ауруханада, 1 қалалық клиникалық ауруханада, 7 қалалық клиникалық ауруханада және «Аксай» Республикалық балалар клиникалық ауруханасында, сондай-ақ облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімдері негізінде қызмет атқарған.
2000 жылы кафедрада 19 қызметкер еңбек атқарды (1 кафедра меңгерушісі, 2 профессор, 3 доцент, 10 ассистент, 1 аға лаборант пен 2 лаборант).
Оқу-әдістемелік жұмыстар ол кезде емдеу, педиатрия, стоматология және санитарлық гигиена факультеттерінде өтетін. Кафедра қызмет істеген жылдарда невропатология маманы бойынша бірнеше ондаған мың студенттер, оннан көп клиникалық ординаторлар, стажерлар, 200 ден аса тәжірибелі клиницист неропатологтар дайындықтан өтті. Жалпы кафедра қызметкерлерінің 500 ден аса зерттеу жұмыстары жарық көрді. Кафедра құрылғаннан бастап 2000 жылға дейін басылым жұмыстарының жалпы саны 11 ғылыми еңбектер жинағы, 8 монография, 100 ден аса әдістемелік қсыныстар, 3 оқу құралы, 2 қазақ және орыс тілінде жазылған оқулықтар, неврологиялық терминдердің орысша қазақша сөздік баспасы басылып шықты, 10 нан аса авторлық куәлік, 30 дан рационализаторлық жолдамалар алынды.
Профессор М.Х.Фаризов невропатологтар мен психиатрлардың қоғамдық ұйымын ұйымдастырып, оны ұзақ жылдар бойы басқарды. Бқл қоғамды кейіннен профессор С.Қ.Қайшыбаев басқарды.
С.Қ. Қайшыбаевтың ғылыми-тәжірибелік қызметі ми қан айналымының бұзылыстарын емдеу мен диагностикалау әдістерін өңдеу мен ұйымдастырумен байланысты. С.Қ.Қайшыбаевтың жетекшілігімен 52 кандидаттық және 17 докторлық диссертация қорғалған. Шәкірттерінің бесеуі Республиканың медициналық ЖОО кафедраларды басқарады.
Ғылыми-педагогтық кадрларды дайындау мен ғылыми-тәжірибелік еңбектері үшін С.Қ. Қайшыбаев «За трудовую доблесть» (1967 ж.), «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина» (1970 ж.), «Отличник Здравоохранения СССР» белгісімен (1971ж.), Минвуза СССР (1981 ж.), Министерства Здравоохранения Казахской ССР (1985 г.), Минздрав СССР (1991 г.) құрмет грамотасымен және «10 лет независимости Республики Казахстан» (2001 ж.) мерейтой грамотасымен, «Заслуженный деятель РК» медальдарымен марапатталды.
Профессор С.К.Кайшибаевтың дәріс (1978 жыл)
Профессор Кайшибаев С.К., 1978 г. (ортада Қайшыбаев С.Қ.)
Жүйке аурулары кафедрасының ұжымы (1997 год)
2000-2004 жылдарда кафедра меңгерушiн мiндетiн медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Әменұлы Әбеуов атқарды. Ол кафедрада, 1 ҚКА базасында кафедра ғылым мен емдік-диагностикалық қызмет атқарды.
Профессор Әбеуов Болат Әменұлы (2000-2004 ж.ж. кафедра меңгерушісі)
Б.Ә.Әбеуов Қазақстан неврологтар Ассоциациясын ұйымдастырды. Профессор Әбеуов Б.А. ғылыми-педагогикалық жұмысын емдеу жұмысымен біріктіре білді, Алматы қаласының озық клиникаларында, шеткері медицина мекемелерінде де кеңес бере білді. Профессор Б.Ә.Әбеуов жетекшілігімен 1 докторлық, 10 кандидаттық диссертация қорғалды. Б.Ә.Әбеуов 120-дан аса ғылыми жұмыс басып шығарды, соның ішінде 4 монография және бірнеше әдістемелік құралдар. 5 ойлаптапқыштық патенті және 15 рациональды ұсыныстары үшін СССР ойлаптапқышы атағы берілді.
2004 жылдың қазан айынан бастап С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі – профессор, м.ғ.д. Нұрғожаев Еркын Смагулович. Кафедра көп жылдар бойы Алматы қаласы клиникаларының неврологиялық қызмет беруінде үлкен міндет алады.
Профессор Нұрғужаев Еркін Смағұлұлы
(2004 жылдан қазіргі күнге дейін кафедра меңгерушісі)
Профессор Нұрғожаев Е.С. басшылығымен жүйке аурулары кафедрасының ғылыми-тәжірибелік жұмысы цереброваскулярлы аурулар, шеткері жүйке жүйесі аурулары, жүйке жүйесінің миелинсіздену ауруларын, соматоневрологиялық ауларын диагностикалау және емдеу тәсілдерін зерттеу және енгізумен байланысты, әдетте бұл зерттеулердің қорытындысы ғылыми-тәжірибелік конференциялармен аяқталады. Профессор Нұрғожаев Е.С., ҚР неврологтар Ассоциациясының төрағасы, жүйелі түрде ғылымға және денсаулық сақтауға қызығушылық тудыратын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырып тұрады. Кафедра қызметкерлері халықаралық форумдарда, конгресстерде, конференцияларда неврологиялық ғылымды жоғарыдан көрсетеді.
Университет пен кафедраның ғылыми қызметіне орасан үлес қосқан доценттер: Клипицкая Нина Константиновна, Мусабаева Флора Акановна, Кальменева Ирина Мухаметжановна. Олар көптеген ассистенттер, клиникалық ординаторлар, интерндер, дәрігер-неврологтардың ұстазы болды.
Кафедра қазіргі кезде
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы: кафедра меңгерушісі профессор Нургужаев Еркын Смагулович, профессор Раимкулов Бекмурат Наметович, доценттер: Мухамбетова Гульнар Амерзаевна мен Избасарова Акмарал Шаймерденовна; ассистенттер к.м.н. Митрохин Дмитрий Алексеевич, Илиев Ренат Туглукович, Нуржанова Роза Балтабаевна, Каримова Алтынай Сагидуллаевна, Нурлыбаева Гульназ Асхатовна, Кадржанова Галия Баекеновна, Достаева Балнур Садыковна, Джуланова Айжан Толегеновна, Смагулова Алия Рафиковна.
Қазіргі кезде кафедраның клиникалық базаларына №7 ҚКА- ның неврология және №1, 2 нейроинсульттік бөлімдері, «Ақсай» Республикалық клиникалық балалар ауруханасының №1 және 3 неврологиялық бөлімшесі, «№1 ҚКА» бюджеттік және ақылы неврологиялық және нейрореабилитациялық бөлімшесі, неврология бөлімі, «С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң білім беру — клиникалық орталығы», «Алатау» қалалық ауруханасы жатады.
Жүйке аурулары кафедрасында линейлі және кредиттік формамен келесі пәндер бойынша білім беру жүргізіледі: «Жалпы медицина» 051301 мамандығы бойынша 5 курс студенттеріне «Неврология» пәнінен, «Емдеу ісі» (МЖМБС-2005) 051101 мамандығы бойынша емдеу факультетінің 5 курс студенттеріне «Неврология, клиническалық генетика», «Жалпы медицина» 4 курс студенттеріне (жеделделген оқу формасы), «Шығыс медицинасы» 6 курс студенттеріне 051101 «Емдеу ісі», 051102 «Педиатрия» мамандығы бойынша, 3 курс «Стоматология» мамандығы бойынша «Неврология» пәнінен, «Шығыс медицинасы» 6 курс студенттеріне 051106 мамандығы бойынша екі тілде жүргізілді. 2009 оқу жылынан бастап 2013 жылынан дейн 051101 «Мейірбике ісі» мамандығы 2 курс студенттері «Неврологиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша оқиды.
Университет Болон декларациясын қабылдағаннан кредитті оқу бөліміне ауыстырылды. Кафедрада 2012 жылдан бастап 5 курс 051301 «Жалпы медицина» мамандығы «Неврология» пәні бойынша бакалавриат білімін алады, 3 курс «Стоматология» мамандығы «Неврология» пәнін өтеді.
Кафедра қызметкерлері профессор Кайшибаев Нурлан Смагулович, Идрисова Жанат Рустемовна, Туруспекова Сауле Тлепбергеновна, Жанайдаров Жанибек Срымович педагогикалық, клиникалық және ғылыми қызметтерді белсенді атқарып келеді.
2011-2012 оқу жылында тәжірибелі клиницист, педагог доцент к.м.н. Кальменева Ирина Мухаметжановнаның басқаруымен «Невропатология, в том числе детская» мамандығымен алғашқы резиденттердің 10 түлегі Қазақстан Респудликасының емдік-медициналық мекемелерінде жұмыстарны жалғастырды. 2012-2013 оқу жылында профессор Раимкулов Б.Н. басқаруымен 9 резидент-невропатолог оқуды аяқтады. 2013-2014 оқу жылында резидент-невропатологтарға доцент м.ғ.к. Мухамбетова Гульнар Амерзаевна жауапты.
2013 жылы профессор Е.С.Нұрғужаевтің басқарумен халықаралық ынтымақтастық бойынша біздің резиндентеріміз Минск қаласында Медицина Университеті негізінде тәжірибелік білім алды (профессор В.В.Пономарев, Беларусь Республикасы).
Жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері тәжірибелік денсаулық сақтау органдарымен бірге жұмыс істеп, клиникаларда емдік жұмыстарды жүргізеді, сәйкес базаларды неврологиялық кеңестерді қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық қызметкерлері университеттің қоғамды өміріне белсенді араласады. Қазақ ұлттық медицина университетінде жүйке аурулары кафедрасы ұйымдасқаннан бері Қазақстан Республикасында неврология тұрақтанып дами бастады. Ең бастысы кафедра Қазақстанның барлық аймақтарына жоғары мамандырылған дәрігерлерді дайындап, тәжірибелі жоғарғы мектептің оқытушыларын шығарып, дүниетанымы кең мамандар тәрбиелейді.