Рамазанова Бахыт Аманулловна – м.ғ.д., профессор
Микробиология,вирусология кафедрасының меңгерушсі
Жұмыс тел: 3387080 (7288)
e-mail: [email protected]
Кафедра құрамы
Бегадилова Толкын Сембаевна

e-mail: [email protected]
Білімі:
1992-1998 жж. – Алматы мемлекеттік медицина институтын «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген
2010 ж. «Жаңа туған нәрестелердегі қалыпты ішек микрофлорасының қалыптасуы мен қызметіндегі колибактериофагтардың рөлі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады
Кәсіби қызметі:
1998 – 2001 жж. – ҚазҰМУ ҒЗО-да кіші ғылыми қызметкер
2001 – 2007 жж. – ҚазҰМУ, микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті
2007 – 2011 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы
2011 – 2024 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының доценті
2013 – 2016 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің деканы
2024 ж. қазіргі уақытта – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: жұқпалы ауруларды диагностикалаудың классикалық және заманауи микробиологиялық әдістері; молекулалық механизмдерін зерттеу; экожүйелердегі микроорганизмдердің рөлін зерттеу; патогенділік механизмдерін зерттеу; антибиотикке төзімділік (төзімділікке әкелетін генетикалық механизмдер, антибиотиктерді белсендіру және деактивациялау механизмдері, антибиотикке төзімділікті диагностикалау әдістері, диагностиканың заманауи молекулалық әдістері (ПТР, секвендеу); автоматтандырылған жүйелерді қолданып патогендердің антибиотиктерге төзімділігін анықтау; антибиотикке төзімділік эпидемиологиясы; антибиотикке төзімділік саласындағы болашақ зерттеулер (антибиотикке төзімділікті анықтау және алдын алудың жаңа технологиялары, бактериофагтар мен оларды қолдану саласындағы зерттеулер, иммунотерапияны және басқа қосымша тәсілдерді қолдану перспективалары) және т. б.
30 жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбек, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін басылымдардағы жарияланымдар, Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін шетелдік мақалалар.
Ғылыми жобалардың саны: 4
Әдістемелік жұмыс:
Кафедрада білім алатын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде практикалық сабақтар жүргізеді
Ағылшын тілі деңгейі: beginner
Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны: 20
Оқу-әдістемелік еңбектері:
Оқулықтар:
• «Медициналық микробиология негіздері»
• «Ауыз қуысының микробиологиясы»
• «Медициналық паразитология негіздері»
Оқу-әдістемелік құрал:
• «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін «Санитарлы микробиология негіздері»
Марапаттары:
2016 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қола медалі
2018 ж. – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
Алғыстар:
2020 ж. – қалалық кәсіподақ комитетінің алғысы
С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректорының «Алғыс хаты»
Қазіргі уақытта кафедра оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарады
Мустафина Камиля Камаловна

e-mail: [email protected]
Білімі:
1985-1991 жж – Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған
1992-1993 жж – «Инфекциялық аурулар» мамандығы бойынша интернатурада оқыды
1993-1995 жж. – «Аллергология және иммунология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурада оқыды
1995-1998 жж. – микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында аспирантурада оқып, «Шынығумен айналысатын адамдардың терісінің спецификалық емес қорғау факторлары және микрофлорасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Кәсіби қызметі:
1998 ж. қыркүйек – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті
1999 ж. – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі, доценті
2000 жылы доцент ғылыми дәрежесін алды
1999-2000 жж. – ҚазҰМУ халықаралық факультетінің декан орынбасары
2000-2004 жж. – ҚазҰМУ халықаралық факультетінің деканы
2011-2012 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тіркеуші кеңсесі басқармасының төрағасы
2013-2016 жж. – ҚазҰМУ базалық пәндер оқу департаментінің директоры
2016 жылдан қазіргі уақытта – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының профессор м.а.
Erasmus+ бағдарламасы аясында визитинг-профессоры ретінде Lithuanian University of Health Sciences Микробиология және жұқпалы аурулар кафедрасына тағылымдамаға барған. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы микробиология кафедрасының және Ташкент медицина академиясының микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының визитинг-профессоры болған.
Ғылыми жұмысы:
Оның ғылыми қызығушылық саласына адам ағзасының қалыпты микробиотасын, микроорганизмдердің биологиялық қасиеттерін, клиникалық микробиология мәселелерін, ауруларды микробиологиялық диагностикалаудың заманауи әдістерін, пневмококк инфекциясын, бактериялардың антибиотикке төзімділігін, кандиданың патогендік қасиеттерін және т. б. зерттеу кіреді.
● 37 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін басылымдардағы жарияланымдардың, Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін шетелдік мақалалардың авторы.
● Хирша индексі – 1
● Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны-14
● С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналдық білім беру моделі» атты 4 томдық еңбектің бірлескен авторы.
● «Жалпы микробиология» және «Адамның қалыпты микрофлорасы мен дисбактериоздар» оқулықтарының бірлескен авторы; орыс тіліндегі «Венерологиялық аурулар мен микоздарды зертханалық диагностикалау негіздері» және ағылшын тіліндегі «Медицинадағы микробиологиялық диагностика» атты элективті курстардың бірлескен авторы.
● 2 әдістемелік ұсыныстың бірлескен авторы
● 4 ғылыми жобаның орындаушысы және мүшесі
● 2020-2021 жылдары «Жалпы медицина» бойынша ББ құрастырушысы
Ғылыми жетекшілігімен «Microbiological characterization of air and water quality in the Almaty city» студенттік ғылыми жұмысы Республикалық студенттік ғылыми жұмыстар байқауында 3 дәрежелі дипломға ие болды.
Әдістемелік жұмыс:
Мустафина К.К. – білім алушылар онлайн сауалнамада тек оң жағынан бірнеше рет атап өткен білікті педагог және ұстаз. Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәрістер оқиды. Орыс (еркін), қазақ (ауызекі), ағылшын – «Intermediate» деңгейінде меңгерген. К.К. Мустафина кафедрада инновациялық білім беру технологияларын енгізуге белсенді қатысады (14 енгізу актісі бар). Сонымен қатар, ол ҚазҰМУ-дың медициналық білім берудің жаңа моделін құруға қатысқан. 2012.02.28 жылғы № 266 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, 05.05.2015 жылғы № 725 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, 22.02.2023 жылғы №32934 авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы куәліктің авторы. Республикалық деңгейде бірлескен авторы ретінде «Менингококк инфекциясы мен іріңді бактериялық менингиттердің зертханалық диагностикасы» және «Іш сүзегі, парасүзек және басқа сальмонеллез қоздырғыштарының болуына бактериологиялық зерттеу әдістемесі» атты әдістемелік ұсынымдар шығарған. Ол академиялық жазу бойынша магистранттарға арналған мазмұн, «Жалпы медицина», «Педиатрия», «Стоматология» мамандықтарының білім алушыларына арналған силлабустар, орыс және ағылшын тілдеріндегі әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар дайындауға қатысқан.
Марапаттары:
Университеттегі 33 жылдық еңбегі үшін К. К. Мустафина «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, ҚР БҒМ және ҚР ДСМ грамоталарымен және алғыс хаттарымен, ҚазҰМУ грамоталарымен, ҚазҰМУ «Күміс медалімен», «Жылдың үздік студенті 2024» ғылыми-білім беру мекемелері арасындағы халықаралық жобада белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін алғыспен марапатталған.
Қазіргі уақытта «Медицина» мамандығының білім алушылары үшін оқу процесін ұйымдастыруға жауапты және жас оқытушыларға тәлімгер міндеттерін орындайды.
Таурбаева Нуркуль Таурбаевна

e-mail: [email protected]
Білімі:
1963-1969 жж. – Алматы мемлекеттік медицина институтының (АММИ) емдеу факультетін бітірген
1969-1972 жж. – АММИ эпидемиология кафедрасында аспирантурада оқыды
1981 ж. – «Сібір жарасының эпидемиологиялық ерекшеліктері және оның микробиологиялық диагностикасының кейбір мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады
Кәсіби қызметі:
1973-1980 жж. – ҚазҒЗИ эпидемиология, жұқпалы аурулар микробиологиясы, вирусология бөлімінің тұмау зертханасында кіші ғылыми қызметкер
1980-1990 жж. – АММИ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті
1991-1995 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының аға оқытушысы
1995-2024 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының доценті
2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: антибиотикке төзімділік, адам микробиотасы, қоршаған орта микрофлорасы, клиникалық микробиология мәселелері
● 95 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы
● ҚР БҒМ БҒСБК тізіміндегі, Scopus және Web of Science базаларындағы мақалалар жарияланған
Әдістемелік жұмыс:
● Қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтар жүргізеді
● Қазақ және орыс тілдеріндегі жалпы және жеке микробиология мен вирусология бойынша оқу-әдістемелік құралдар
● «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік құрал
● Студенттерге арналған тест тапсырмалары жинағы
Марапаттары:
2010 ж. – ҚазҰМУ қола медалі
2011 ж. – ҚазҰМУ күміс медалі
2018 ж. – ҚазҰМУ алтын медалі
2020 ж. – ҚазҰМУ еңбек ардагері
2021 ж. – ҚР ДС еңбек ардагері
Алғыстар:
2006 ж. – ҚР ДСМ алғысы
2008-2010 жж. – ҚазҰМУ ректорының алғысы
2009 ж. – Қалалық ЖИТС орталығының алғысы
2010 ж. – «Эмили» мейірбике ісі институтының алғысы
2010 ж. – ҚазҰМУ ректорының құрмет грамотасы
2013 ж. – «Жемқорлыққа қарсымыз» мақтау қағазы (Алматы қ.)
2015 ж. – Облыстық кәсіподақтар комитетінің алғысы
2021 ж. – Бұхара медициналық институтының ректорының алғысы
2023 ж. – Ташкент медицина академиясы ректорының алғысы
2023 ж. – ҚазҰМУ ректорының алғысы
Қазіргі уақытта тәрбие жұмысына жетекшілік етеді және жас оқытушылардың тәлімгері болып табылады.
Ахметова Гульнази Даулетхановна

e-mail: [email protected]
Білімі:
1992 ж. – «Ветеринария» мамандығы бойынша Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын аяқтаған
1999–2001 жж. – ҚҰАУ аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды
2006 ж. – «Биология» мамандығы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін аяқтады
2010 ж. – «Серологиялық реакцияларға жоғары белсенді трипаносомдық антиген және соған тән позитивтік қан сарысуын дайындау технологиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады
03.00.19 – «Паразитология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты дәрежесі берілді
Кәсіби қызметі:
1992–1994 жж. – АЗВИ акушерства кафедрасында аға лаборант
1994–1997 жж. – ҚҰАУ оқу-әдістемелік бірлестігінде методист
1997–1999 жж. – «Паразитология және зоология» кафедрасында аға лаборант
2002–2006 жж. – ҚҰАЗУ «Патология және паразитология» кафедрасында ассистент
2006–2011 жж. – ҚҰАЗУ «Патология және паразитология» кафедрасында аға оқытушы
2011–2015 жж. – ҚҰАЗУ «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасында аға оқытушы
2015–2021 жж. – ҚҰАЗУ «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасында қауымдастырылған профессор
2021–2023 жж. – «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасында профессор
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми бағыты: паразитология, биология, диагностикалық және паразиттерге қарсы препараттарды дайындау
● 120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстың авторы
● ҚР БҒМ БҒСБК тізіміндегі, Scopus және Web of Science базаларындағы мақалалар жарияланған
● Авторлармен бірлесіп 6 оқу құралы жарық көрген
● Индекс Хирша = 2
● 2012–2023 жж. аралығында ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы бойынша 5 ғылыми жобаның жетекшісі және орындаушысы
Әдістемелік жұмыс:
● Мемлекеттік тілде «Медицина» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандықтары бойынша тәжірибелік сабақтар жүргізеді
● Монография – 1
● Предпатенттер мен инновациялық патенттер – 35
● 5 магистерлік диссертацияға ғылыми жетекшілік жасаған
Марапаттары:
2016 ж. – Өнертабыстық саласындағы «Шапағат» сыйлығының лауреаты
2018 ж. – АРТА бас рейтингі бойынша ҚР ЖОО үздік ұстаздарының 50-тобына енген
2019 ж. – ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері
2019 ж. – ҚР «Bilim-Órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісі және 1-дәрежелі дипломы
Қазіргі уақытта «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыруға жауапты
Бисекенова Акмарал Лескалиевна

e-mail: [email protected]
Білімі:
1984–1990 жж. – Алматы мемлекеттік медицина институтының (АММИ) педиатрия факультетін бітірген
1990–1991 жж. – Алматы қаласының №1 МКҚК интернатурасын «Балалар анестезиологиясы – реаниматология» мамандығы бойынша аяқтаған
1998–2000 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының тағылымдамашы–зерттеушісі
2002 ж. – 03.00.07 – микробиология мамандығы бойынша «Оңалтудың микрофлораға әсері, Қазақстанның экологиялық қолайсыз өңірлеріндегі балалардың ішектері мен ауыз-жұтқыншағының спецификалық емес резистенттілігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады
Кәсіби қызметі:
1991–1994 жж. – Алматы қаласы №1 балалар қалалық клиникалық ауруханасының Анестезиология және реанимация бөлімшесінің дәрігер-ординаторы
1998–2000 жж. – ҚазҰМУ микробиология кафедрасының тағылымдамашы–зерттеуші
2000–2002 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті
2002–2004 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы
2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін – ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: грам теріс микроорганизмдердің – ауруханадан тыс және ауруханаішілік инфекциялардың қоздырғыштарының бета–лактамды антибиотиктерге төзімділігі және оның молекулалық механизмдерін зерттеу мәселелері; пневмококкты инфекция; адам ағзасының қалыпты микробиотасы; клиникалық микробиология мәселелері, ауруларды микробиологиялық диагностикалаудың заманауи әдістері
● 37 ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміндегі, Scopus және Web of Science базаларындағы мақалалар
● Хирша индексі – 1
● «Жалпы микробиология» және «Қалыпты микрофлора және адам дисбиозы» оқулықтарының бірлескен авторы
● 3 ғылыми жобаның қатысушысы және орындаушысы
● «Жалпы медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының әзірлеушісі (2020–2021)
Әдістемелік жұмыс:
● 2 оқу-әдістемелік ұсынымның бірлескен авторы
● Микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курстары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар мен дәрістер жүргізеді
● Тілдер: орыс (еркін), қазақ (еркін), ағылшын (Intermediate деңгейі)
● Оқу үрдісіне енгізу актілері – 7
● «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс білім алушыларына арналған 15 дәріс кешенінің авторы
Марапаттары:
2011 ж. – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған алғыс
Қазіргі уақытта кафедраішілік бақылауды ұйымдастыруға жауапты және жас оқытушыларға тәлімгерлік қызмет атқарады.
Юсупов Рустам Рахимович

Медицина ғылымдарының кандидаты, микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры
e-mail: [email protected]
Білімі:
1985-1990 жж. – Республикалық медициналық училищеде «Санитариялық фельдшер» бөлімшесінде оқыды («Үздік диплом»)
1990-1996 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ санитарлық-гигиеналық факультетте «Дәрігер» мамандығында оқыды
1996-1999 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында аспирантурада оқыды
1999 жылы «Шектеулі контингенттерге жататын адамдардан бөлінген кандида тұқымдасы саңырауқұлақтарының таралуы және биологиялық сипаттамасы» тақырыбында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады
Кәсіби қызметі:
1986-1988 жж. – КСРО Қарулы Күштеріндегі шұғыл қызмет
1990 ж. – Алматы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігер көмекшісі
1999-2013 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті
2000-2005 жж. – Біріккен санитарлық-гигиеналық, фармацевтикалық және стоматологиялық факультеті деканының орынбасары
2006-2007 жж. – ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқу ісінің меңгерушісі
2008 – 2010 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ білім беру сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы
2010 – 2011 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқу процесін жоспарлау және бақылау бөлімінің бастығы
2011–2013 жж. – базалық медицина ғылымдары оқу департаментінің директоры («Life sciences» орталығы)
2013–2020 жж. – Х.С.Насыбуллин атындағы педагогикалық шеберлік орталығының (мектебінің) директоры (басшысы)
2020-2024 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының доценті
2024 ж. қыркүйектен бастап – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
• Монография – 1
• Өнертабысқа патент – 2
• Авторлық құқық объектісіне айрықша мүліктік құқықтарды тіркеу туралы куәліктің авторы-4
• Рационализаторлық ұсыныс-1
• 50-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін басылымдардағы жарияланымдар, Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін шетелдік мақалалар
Әдістемелік жұмыс:
Орыс тілін, Pre-intermediate деңгейінде ағылшын тілін, ауызекі қазақ тілін еркін меңгерген. ҚР Білім және ғылым ұйымдарының профессорлық-оқытушылық құрамы үшін медициналық білім беру, педагогикалық шеберлік бойынша сабақтар, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізеді.
• Білім беру бағдарламаларының, үлгілік және жұмыс оқу бағдарламаларының, «Медициналық микробиология, вирусология», «Медициналық паразитология», «Санитарлық микробиология» бойынша тест нысанындағы тапсырмалардың, дәрігерлерге, студенттер мен оқытушыларға арналған әдістемелік және оқу-әдістемелік құралдар мен ұсынымдардың авторы және бірлескен авторы
Марапаттары:
• ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері (15.12.2017)
• «Университет имиджін дамыту» номинациясы бойынша «Талант 2014-2015 ж.» сертификатының иегері
Қазіргі уақытта:
Сапа менеджменті жүйесі, кафедра қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелерімен және жас оқытушыларға тәлімгерлікпен айналысады
Колоскова Екатерина Александровна

e-mail: [email protected]
Білімі:
2005-2011 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Педиатрия» факультетін аяқтаған
2011-2012 жж. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша интернатурада оқыды
2012-2014 жж. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жұқпалы аурулар, оның ішінде балалар аурулары» мамандығы бойынша резидентурада оқыды
2014-2017 жж. – «Медицина» мамандығы бойынша докторантураны аяқтады
2018 ж. – «Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарында пневмококк инфекциясы тасымалдаушылары мен науқастары арасында кездесетін Streptococcus pneumoniae штаммдарының сипаттамасы» докторлық диссертациясын сәтті қорғады
Кәсіби қызметі:
2014-2019 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті
2020-2024 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының доценті
2024 жылдан бастап қазіргі кезде – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: клиникалық микробиология, антибиотикке төзімділік, пневмококк инфекциясы, кандидоз инфекциясы, адам денесінің қалыпты микробиотасы
• 28-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін басылымдардағы жарияланымдардың, Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін шетелдік мақалалардың авторы және бірлескен авторы
• 8 ғылыми жобаның орындаушысы
• С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЖОО ішілік гранты жобасының ғылыми жетекшісі
• «Медицина» мамандығы бойынша магистрлік жұмыстың ғылыми жетекшісі
Әдістемелік жұмыс:
• Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша орыс және ағылшын тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәрістер оқиды. Орыс (еркін), қазақ (ауызекі), ағылшын – «Upper-Intermediate» деңгейінде меңгерген
• Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны-34
• Патент-1
• Авторлық куәліктер-1
• Оқу-әдістемелік еңбектер-2 оқулық
• Монография-1
• Республикалық деңгейдегі әдістемелік ұсынымдар-2
Марапаттары:
2012 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ педиатрия факультетінің үздік студенті»
2012 ж. – Қазақстанның педиатрия факультетінің үздік студенттері арасында «III орын»
2013 ж. – «Антибиотиктер: оң және теріс жақтары» дебатындағы» Үздік спикер
2019 ж.– НМУ КЕАҚ алғыс грамотасы
2021 ж. – ҚР ДС алғыс хаты
Қазіргі уақытта СҒЗЖ/ҒЗЖ үшін жауапты және жас оқытушылардың тәлімгері міндеттерін атқарады
Игисенова Альфия Иманғалиқызы

e-mail: [email protected]
Білімі:
2002-2008 жж. С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Медико-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірген.
2010-2012 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистратурада «Медицина» мамандығы бойынша оқыды.
2014-2017 жж. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ PhD докторантура бойынша «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқып бітірген.
2018ж. – (PhD) докторлық диссертацисын: «Медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету қажеттілігін зерттеу негізінде егде жастағы адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдірудің ғылыми негіздемесі» тақырыбында қорғады.
Кәсіби қызметі:
2008 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының ассистенті
2010-2014 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының оқытушысы
2020-2024 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы
2024 жылдан қазіргі кезде – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: медициналық қызметтердің қолжетімділігін талдау және бағалау әдістері, микробиологиялық диагностика әдістері, медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялар.
• 21 ғылыми жұмыс жарияланған, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін басылымдарда, Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін шетелдік мақалалар жарияланды.
• Хирша индексі – 1
• Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны – 4
• 2 әдістемелік құралдың бірлескен авторы
Игисенова А.И. студенттерді СҒЗЖ кафедралық үйірмесінің жұмысына белсенді тартады. Оның жетекшілігімен студенттер СҒЗЖ байқауларына және халықаралық олимпиадаларға сәтті қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оның жетекшілігімен «Алматы қаласының стоматологиялық емханаларындағы ауа микрофлорасының жағдайы» студенттік жұмысы студенттік ғылыми жұмыстардың университеттік конкурсында 3 дәрежелі дипломға ие болды.
Әдістемелік жұмыс:
• Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша қазақ, орыс және ағылшын (Pre-intermediate) тілдерінде практикалық сабақтар өткізеді, дәрістер оқиды.
• «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтарының студенттеріне арналған «Санитарлық микробиология негіздері» оқу-әдістемелік құралының бірлескен авторы. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы және Фармация мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған «Микробиология негіздері. Фармацевтикалық өндірістің микробиологиялық аспектілері» атты оқу-әдістемелік құралдарының бірлескен авторы
• және Хедделсон реакциясын кезең-кезеңімен қою техникасы, Glo Germ гелін қолданып қолды дұрыс жуу техникасы бойынша бейне дәрістер дайындады.
Марапаттары:
2011 ж. – президенттік стипендия иегері
2024 ж. – ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаты
Қазіргі уақытта кафедрада «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медициналық-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға жауапты
Ханділла Зәмзәгүл Мырзанқызы

Денсаулық сақтау магистрі, микробиология, вирусология кафедрасының профессор ассистенті
e-mail: [email protected]
1988-1995 жж. Алматы Мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген
2009-2011 жж. С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Менеджмент» мамандығы бойынша оқыды
2016-2018 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасында «Медицина» мамандығы бойынша магистратурада оқыды
2017 жылы «Қауіпті мінез-құлық топтары арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуын зерттеу» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
Кәсіби қызметі
2009-2010 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға лаборанты
2010-2015 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының оқытушысы
2015-2019 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы.
2019-2024 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасында кафедрасының лекторы
2024 жылдан қазіргі уақытта – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасында профессор ассистенті.
Тәжірибе алмасу аясында 2021 жылы «ОҚМА» АҚ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында академиялық ұтқырлықтан өткен.
Ғылыми жұмысы
Ғылыми қызығушылығы – ЖЖТА, пневмококк инфекциясы
• Жарияланған ғылыми жұмыстардың саны – 10 ғылыми жұмыс, оның ішінде ҚР БҒМ БҒСБК тізіміне кіретін басылымдарда, Scopus, Web of Science дерекқорларына кіретін шетелдік мақалалар жарияланымдары бар.
• Ғылыми жобалар саны -3
Әдістемелік жұмыс
Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша қазақ және орыс тілдерінде сабақ жүргізеді.
• Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны – 10
• Жарияланған оқу-әдістемелік жұмыстардың саны-мемлекеттік тілге сәйкес 5 әдістемелік құрал «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жеке микробиология бойынша практикалық сабақтар мен СӨЖ оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралы; «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жалпы микробиология бойынша практикалық сабақтар мен СӨЖ оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралы; Фармацевтикалық өндіріс технологиясы және Фармация мамандығы білім алушылары үшін «Микробиология негіздері. Фармацевтикалық өндірістің микробиологиялық аспектілері»; «Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жеке микробиология бөлімі бойынша практикалық сабақтарды қамтамасыз етуге арналған оқу-әдістемелік құралы; Жеке медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған «Жеке микробиология және СӨЖ бөлімі бойынша практикалық сабақтарды қамтамасыз етуге арналған оқу-әдістемелік құралы, 2 оқулықтың бірлескен авторы «Медициналық паразитология негіздері» және «Жалпы медициналық микробиология негіздері».
Марапаттары
2021 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қола медалі
2023 ж. – Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы
Қазіргі уақытта кафедраның Supply manager және жас оқытушыларға тәлімгер қызметтерін атқарады
Искакова Ұлжан Бекболатқызы

e-mail: [email protected]
1995 жылы С.Д.Асфендияров атындағы АММИ педиатрия факультетінің «Педиатрия» мамандығын бітірген.
Кәсіби қызметі:
1995-2003 жж. – Алматы қаласындағы №7 қалалық балалар емханасында педиатр
2003-2017 жж. – Валеология курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушысы
2013-2017 жж. – Валеология курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі
2017-2018 жж. – Микробиология, вирусология кафедрасының оқу ісі бойынша меңгерушісі
2019-2024 жж. – Микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы
2024 ж. қыркүйек айынан қазіргі уақытта – Микробиология, вирусология кафедрасының профессор ассистенті
2020 жылы Академиялық ұтқырлық аясында Оңтүстік Қазақстан медицина университетінде микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында тәжірибе алмасу өтті.
Ғылыми жұмысы:
• «Ауыз қуысының микробиологиясы» оқулығының бірлескен авторы
• 8-ден астам ғылыми мақалаларын жариялады, оның 2-уі Scopus мәліметтер базасында рецензияланған басылымдарда.
• 1 ғылыми-зерттеу жобасының қатысушысы
Әдістемелік жұмыс:
Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша қазақ және орыс тілдерінде сабақ береді.
• «Денсаулыққа қауіп факторлары. Жаман әдеттер» және «Психикалық денсаулық. Тесттер бойынша психофизиологиялық жағдайды бағалау», «Glo Germ гелін қолдану арқылы қолды дұрыс жуу техникасы» тақырыптарында оқу-әдістемелік құралдар дайындап, оқу үдерісіне енгізген
• «Бактерияларды анықтау және вирустарды өсіру» тақырыптарына 2 бейне дәріс дайындаған
• Білім беру бағдарламаларын әзірлеуші, ал 2014-2016 жылдары «Жалпы медицина» факультетінің ББК мүшесі болған
Марапаттары:
2019 ж. – ҚР Білім Министрлігінің құрмет грамотасы
2021 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қола медалі
Қазіргі уақытта «Стоматология» мамандығы бойынша кафедрада оқу процесін ұйымдастыруға жауапты
Бейсегулова Гулжан Нуркапызовна

e-mail: [email protected]
1998-2001 жж. – РМК-де «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша білім алды
2001-2007 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ емдеу факультетінде білім алды
2007-2008 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Акушерия және гинекология» мамандығы бойынша интернатурада білім алды
2011-2013 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Менеджмент» мамандығы бойынша білім алды
2017-2019 жж. – ҚазМҮББУ мен JAMK (Финляндия) қолданбалы ғылымдар университетінің бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша магистратурада оқыды
2019-2021 жж. – ҚазМҮББУ «Медицина» мамандығы бойынша докторантурада оқыды
2021-2022 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Медицина» мамандығы бойынша докторантурада оқуын жалғастырды. Диссертация тақырыбы: «Балалардың ұйымдасқан ұжымдарындағы тасымалдаушыларда Streptococcus pneumoniae серотип штаммдарының сипаттамасы»
Кәсіби қызметі:
2009-2017 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының оқытушысы
2009-2017 жж. – «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары
2017-2019 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ клиникалық лабораторлық диагностика кафедрасының ассистенті
2019-2024 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының лекторы
2024 жылдан қазіргі уақытта – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің микробиология, вирусология кафедрасының профессор ассистенті
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылықтары: Streptococcus pneumoniae микробиологиялық сипаттамаларын, оның серотиптерін және тасымалдаушылар арасындағы таралуын, әсіресе балалардың ұйымдасқан ұжымдарында зерттеу; түрлі инфекциялардың антимикробтық төзімділігі, эпидемиологиясы және алдын-алу мәселелері.
• Жарияланған мақалалар саны – 13.
• Scopus деректер базасында рецензияланған «Plos One» журналындағы мақала (процентиль 89, Q1) – 1
• ҚР ҒЖБМ БҒСБК ұсынған журналдардағы жарияланған мақалалар саны – 5
• SAPIENS пневмококк инфекциясының ерекшеліктерін көп орталықты проспективті зерттеу бойынша Халықаралық ғылыми жобаның қатысушысы
Әдістемелік жұмыс:
• Микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология бойынша барлық мамандықтың студенттеріне үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілінде (В1 деңгейі) сабақ береді
• Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны – 3
• Авторлық куәліктер -1.
• Жарияланған оқу-әдістемелікеңбектер саны – 1. «Санитарлық микробиология негіздері» оқу құралының бірлескен авторы
Марапаттары:
2013 ж.- ҚазҰМУ ректорының алғыс хаты
2018 ж.- ҚР Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаты
Қазіргі уақытта «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медико-профилактикалық іс» және «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша оқу үрдісіне жауапты, сонымен қатар оқу тәжірибесін ұйымдастырумен айналысады
Мусаева Айжан Аблайқызы

e-mail: [email protected]
2004-2010 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім алды
2016-2018 жж. – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жалпы медицина» мамандығы бойынша магистратурада оқыды
2018 ж. «Зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларын тудыратын грам теріс микроорганизмдердің бета – лактамды антибиотиктерге сезімталдылық қасиетін және төзімділігінің молекулярлық механизмдерін зерттеу» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады
Кәсіби қызметі:
2010-2013 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының тағылымдамашы-оқытушысы
2013-2016 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының оқытушысы
2016-2018 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы
2019 жылдан қазіргі уақытта – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының дәріскері
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылықтары: инфекциялық аурулар және олардың патогенезін зерттеу, микроорганизмдерге антибактериальды препараттардың әсері, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігі.
• Магистрлік диссертация тақырыбы: «Зәр шығару жолдарының жұқпалы ауруларын тудыратын грам теріс микроорганизмдердің бета – лактамды антибиотиктерге сезімталдылық қасиетін және төзімділігінің молекулярлық механизмдерін зерттеу»
• Жарияланған ғылыми мақалалар саны – 6
Әдістемелік жұмыс:
Микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология пәндері бойынша студенттерге сабақ береді.
Микробиология мен вирусологиядан қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дәрістер мен семинар сабақтарын өткізеді.
Сонымен қатар, медициналық параллельді білім беру саласында білім алушыларға мамандық бойынша басқа да пәндер бойынша сабақ береді.
Медициналық параллельді білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер мен семинарларды өткізу
Марапаттары:
2021 ж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Алғыс хаты
Угышева Шолпан Ерлановна

Денсаулық сақтау магистрі, микробиология, вирусология кафедрасының дәріскері
e-mail: [email protected]
Білімі:
2004-2010 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқыды
2018-2020 жж. – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратурада оқыды
2020 ж. «Алматы қаласы жағдайындағы 5 жасқа дейінгі денсаулығы қалыпты балалардың мұрын-жұтқыншақ микробиомы» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады
Кәсіби қызметі:
2011-2013 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға зертханашысы
2014-2018 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының оқытушысы
2018-2019 жж. – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының аға оқытушысы
2019 жылдан қазіргі уақытта – С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының дәріскері
Тәжірибе алмасу аясында 2021 жылы «ОҚМА» АҚ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасында академиялық ұтқырлықтан өткен
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы – антибиотикке төзімділік, ЖЖБИ, адам денесінің микробиотасы
Жарияланған ғылыми жұмыстар саны – 8
Ғылыми жобаның саны – 3
Әдістемелік жұмыс:
Кфедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша қазақ және орыс тілдерінде практикалық сабақтарды жүргізіледі
Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны – 8
Жарияланған оқу-әдістемелік еңбектер саны – «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттері үшін жеке микробиология бойынша практикалық сабақтар мен СӨЖ қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік құрал және «Стоматология» факультетінің 2 курс студенттері үшін «Ауыз қуысының микробиологиясы» оқулығының бірлескен авторы 2 әдістемелік құрал
Марапаттары:
2021 ж. – С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ алғыс хаты
Рысалова Балжан Бекбосыновна

e-mail: [email protected]
Білімі:
2009-2013 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Биотехнология» мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды
2013-2015 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Биотехнология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Сәулеленген және бақылау популяциясындағы ксенобиотиктерді детоксикациялаудың екінші фазасындағы ферменттер гендерінің полиморфизмі»
2024 жылдан бастап – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша докторантурада оқиды
Кәсіби қызметі:
2017-2023 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті
2023-2024 жж. – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология кафедрасының дәріскері
2024 жылдың қыркүйегінен бастап– С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология кафедрасының профессор ассистенті
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: пре-, про-, симбиотиктердің бактерияға қарсы қасиеттері; жұқпалы ауруларды диагностикалаудың заманауи микробиологиялық әдістері
2 ғылыми жобаға қатысушы және орындаушы
Әдістемелік жұмыс:
Микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын (Intermediate) тілдерінде барлық мамандық студенттеріне практикалық сабақ өткізеді
Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны -1
«Ауыз қуысының микробиологиясы» оқулығының бірлескен авторы
Марапаттары:
2021 ж. – ҚазҰМУ ректорының Құрмет грамотасы
С.Ж.Асфендияровтың 135 жылдығына арналған ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы спартакиаданың жүлдегері:
Дойбы– 3 орын
Волейбол (ЖММ-1 командасының құрамында) – 3 орын
Буняева Дарья Владимировна

e-mail: [email protected]
Білімі:
2014-2019 жж. – ҚазҰАЗУ «Ветеринариялық медицина» мамандығы мамандығы бойынша білім алған
2019-2021 жж. – ҚазҰАЗУ «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Жыртқыштардың пироплазмозы және диагностикалық әдістерді жетілдіру»
Кәсіби қызметі:
2021-2024 жж.- С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті
2024 жылдан қазіргі уақытта – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология кафедрасының дәріскері
2024 ж. шілде – International workshop on identification technology for pathogens of respiratory infections, National Institute of Pathogen Biology, the Chinese Academy of Medical Sciences & Peking Union Medical College тағылымдамасының қатысушысы
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: паразитология, арахноэнтомология, биоинформатика, бағдарламалауды ғылыми мақсатта қолдану
Ғылыми конференция материалдарында жарияланған тезистер саны – 3
Әдістемелік жұмыс:
Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша орыс және ағылшын (Upper Intermediate) тілдерінде оқытуды жүргізеді
Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны – 1
Пайдалы модельге патент – 2
«Медициналық паразитология негіздері» оқулығының бірлескен авторы
Қазіргі уақытта СҒЗЖ техникалық хатшысының міндеттерін орындайды және халықаралық пәндік олимпиаданы ұйымдастыруға жауапты
Асқар Гүлсім Халмаханқызы

e-mail: [email protected]
Білімі:
2014-2018 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетін аяқтады.
2018-2020 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Биология» мамандығы бойынша білімді аяқтады. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Fusicoccum amygdali Del. саңырауқұлағынан бөлініп алынған терпеноидты метоболиті-фузикокцин биореттегішінің бидайдың төзімділігі мен өнімдігіне әсер ету механизмін зерттеу»
2019 ж. қараша-желтоқсан Литва, Каунас қаласы, Ұлы Витауто университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.
Кәсіби қызметі:
2020-2022 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының зертханашысы.
2022 жылдан қазіргі уақытта – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті.
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: саңырауқұлақтардан бөлініп алынған биореттегішті тиімді қолдану, микроорганизмдердің биохимиясы, микробиологиясы және физиологиясы.
Ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы:
– Халықаралық конференция материалдарында жарияланған тезистер – 4
– Ғылыми мақала – 2
Әдістемелік жұмыс:
– Кафедрада оқитын барлық мамандықтардың білім алушылары үшін микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология курсы бойынша қазақ және ағылшын (Intermediate) тілдерінде практикалық сабақтарды өткізеді.
– Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны – 1
Қазіргі уақытта корпоративтік IT-құралдарды (Salem HR, Salem office, Hero space study) енгізу мен іске асыруға және кафедрадағы жаңалықтарды ҚазҰМУ сайтында жариялауға жауапты.
Нургазина Гулим Сергазыевна

e-mail: [email protected]
Білімі:
2015-2020 гг. – ҚазҰАЗУ «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша баклавриатты аяқтады.
2020-2022 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Биомедицина» мамандығы бойынша магистратура бойынша білім алды. Магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Біріншілік гипотериозда құрамында йод бар биологиялық белсенді препараттарды қолдана отырып, қалқанша безінің гормондарының деңгейін зерттеу»
2020 ж. наурыз-Түркияның Нийде қаласындағы Нийде Омер Халисдемир университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Кәсіби қызмет:
2020-2022 жылдары- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының маманы.
2022 – қазіргі уақытта -С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті.
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылығы: адам ағзасының микробиотасы, ауруханаішілік инфекциялар, микология.
Жарияланған ғылыми жұмыстардың саны:
– Ғылыми-практикалық халықаралық конференциялар материалдарындағы тезистер саны – 2
– Ғылыми мақалалар саны – 2
Әдістемелік жұмыс:
Микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын (Intermediate) тілдерінде барлық мамандық студенттеріне тәжірибелік сабақ өткізеді.
– Оқу үрдісіне енгізу актілерінің саны -1
Қазіргі уақытта «Life science» Ғылыми комитеті хатшысының міндеттерін орындайды, кафедраға қарайтын студенттер арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ, ҚазҰМУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Мұстапаева Жұлдыз Өмірбекқызы

e-mail: [email protected]
Білімі:
2010-2014 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Биотехнология» мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды. 2014-2016 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Биотехнология» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Мұнай беру коэффициентін арттыруға арналған перспективалы микроорганизмдерді зерттеу»
Кәсіби қызметі:
2017-2019 жж. – «Нобел АФФ» АҚ-да микробиолог.2023 ж. бастап қазіргі уақытта – С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті.
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми қызығушылықтары: биотехнология (микроорганизмдерді биоремедиациялық агенттер ретінде зерттеу және қолдану), микробиология, паразитология.
– ККСОН ұсынған басылымдардағы мақала – 1
– Scopus дерекқорына енгізілген журналдағы мақала – 1
– Халықаралық конференциялар материалдарында жарияланған тезистер – 4
Әдістемелік жұмыс:
Микробиология, вирусология, иммунология, медициналық паразитология пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын (Intermediate) тілдерінде барлық мамандық студенттеріне дәріс береді.
Қазіргі уақытта:
– Шетелдік мамандармен жұмыс жүргізеді (академиялық ұтқырлық және визитинг-профессорлар бағдарламаларын жүзеге асыру);
– QS халықаралық рейтингтерінде Университеттің алға жылжуын қамтамасыз етеді;
– Студенттер мен кафедра оқытушыларының техникалық қауіпсіздігіне жауап береді;
– «Педиатрия» мамандығы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырумен айналысады.
Айтимова Дана Нальтаевна

e-mail: [email protected]
Білімі:
2009-2013 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде бакалавриатта оқыды.
2013-2015 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде магистратурада оқыды. Магистрлік диссертацияның тақырыбы: «Модeльді тәжірибeлeрдe жaңa кeшeнді биопрeпaрaттaрдың жaрaны жaзу қacиeтін зeртттeу»
Кәсіби қызмет:
2015-2018 жж. – “Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері,
2015 ж. шілде – Кельн қаласының Кельн университетінде (Германия) ғылыми тағылымдамадан өтті.
2024 ж. қазіргі уақытта- С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының ассистенті.
Ғылыми жұмысы:
Ғылыми жарияланымның авторы және бірлескен авторы:
– Ғылыми мақалалар-4
– Тезистер-2
Қазіргі уақытта ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасының хатшысы қызметін атқарады.