«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»

 21.04.2022 жылы биохимия кафедрасында  «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты антикоррупциялық шара өткізілді. Бұл іс-шараны биохимия кафедрасының доценті Д.Ш.Жетпісбай, GM20-052-02 топ студенті Dhanwade Shreya Vishnu ұйымдастырды. Халықаралық медицина факультетінің 2 курс GM20-034-01; GM20-040-02; GM20-051-01; GM20-052-02; GM20-054-02 топтарының студенттері ат салысты. Жүргізуші  GM20-034-01 топ студенті Chhoker Sahil болды. Бұл іс-шарада баяндамалар оқылды (GM20-052-02 Dhanwade Shreya, GM20-034-01 Chhoker Sahil), GM20-034-01 топ студенттері дайындаған бейнефильм және көрініс (қатысушылар GM20-052-02 Dipesh Kumar, GM20-034-01 Yadav Anurag) көрсетілді. «Who is the leader?» викториналық ойыны ұйымдастырылып, екі команда сайысты. «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбына арналған қабырға газеттерінің байқауы өткізілді. Қазылар алқасы: биохимия кафедрасының доценттері: С.С.Жакыпбекова, С.С.Ерджанова, лектор Р.С.Досымбекова. Іс-шара соңында кафедраның сыбайлас жемқорлыққа қарсы істерге жауапты доцент С.С.Ерджанова студенттерге алғысын білдіріп, байқау нәтижелерін жариялады