Халықаралық ынтымақтастық

Академиялық ұтқырлықты арттыру мақсатында кафедрада 2011 жылдан бастап визитинг профессорларды шақыру ұйымдастырылды.

2011 жылдың қараша айында кафедраға профессор Скотт Миллер (Юта штатының Университеті, АҚШ, Америка Анатомистер қауымдастығының мүшесі, “Anatomical Record” журналының редакторы) “Анатомияны оқытудың заманауи тұжырымдамасы” атты мастер-класс бағдарламасымен шақырылды.

Үш жыл ішінде (2013, 2014, 2015 жылдары) қалыпты анатомия кафедрасының базасында Тель-Авив университетінің профессоры Григорий Лившицпен (доктор, PhD, Израиль) семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Сонымен қатар профессор Григорий Лившиц студенттерге орыс және ағылшын тілдерінде дәріс оқыды.

2022 жылдың қараша айында кафедраға Израильден келген профессор, Тель-Авив университетінің анатомия кафедрасының профессоры Григорий Лившиц шақырылды. Профессор ПОҚ үшін мастер-класс өткізіп, спланхнология және салыстырмалы анатомия бойынша студенттерге дәріс оқыды

2023 жылдың 6 қарашасы мен 11 қарашасы аралығында шетелдік жетекші профессор мамандарды шақыру бағдарламасы аясында Б.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің анатомия, топографиялық анатомия және оперативті хирургия кафедрасының доценті Бейсенбаева Анвар Акулькеримович шақырылды. Оқыту бағдарламасында: «Морфологияның өзекті мәселелері. Адам ағзасының бұлшықет, несеп-жыныс, ас қорыту, жүрек-қантамыр және жүйке жүйелерінің анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы іс-шараға Медицина және Педиатрия мектептерінің 1 және 2 курстарының 1000-нан астам студенттері қатысты. Кафедра қызметкерлері мен шетелдік әріптес арасындағы өзара әрекеттесу барысында ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы одан әрі ынтымақтастық жоспарлары талқыланды және әзірленді.