«Ғылым ордасы» музейі – студенттердің рухани азық ордасы

2026 жылдың 16 қазанында «Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушысы В.О. Абдрасилова және М26-017к тәлімгерлік  тобының студенттері «Ғылым ордасы» ғылыми-музей кешеніне барды. Студенттердің білім беру-танымдық деңгейін арттыру, Қазақстанның тарихы, археологиясы мен ғылымының даму жолымен таныстыру, топ ішіндегі мәдени-патриоттық тәрбиені нығайту және теориялық білімді көрнекі жәдігерлер арқылы толықтыру мақсатында музейдің ғылыми қызметкерлерімен бірге экскурсия алынды.

Кешен ішінде 4 түрлі музей жұмыс істейді:

  • Археология музейі — тас дәуірі мен орта ғасырлар аралығындағы бірегей жәдігерлер (соның ішінде «Алтын адам» мен берельлік жылқылардың реконструкциясы) қойылған.
  • Табиғат музейі — палеонтологиялық және биологиялық жәдігерлер, соның ішінде динозаврлар мен тарбозаврлардың қаңқалары бар Қазақстандағы жалғыз табиғи-тарихи музей.
  • Қазақстан ғылымының тарихы музейі — елдегі ғылымның қалыптасу тарихы мен көрнекті ғалымдар туралы сыр шертеді.
  • Сирек кездесетін кітаптар музейі — құнды қолжазбалар мен сирек кітап қорын сақтайды.

Археологиялық музей

Сирек кездесетін кітаптар музейі

Табиғат музейі