Академиялық ұтқырлығы

Али Абу ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетінің профессоры Кұрбанова Гүлноз Негматовна және доцент Абдуллаева Дилором Ахмедқызы академиялық ұтқырлығы

Академиялық ұтқырлығы аясында Әбу Әли ибн-Сина атындағы Бұхара Мемлекеттік Медицина Университетінің өзбек тілі мен әдебиеті, орыс тілі, педагогика және психология кафедрасының педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кұрбанова Гүлноз Негматовна және өзбек тілі мен әдебиеті, орыс тілі, педагогика және психология кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абдуллаева Дилор Ахмедовна С. Д. Асфендияров атындағы  Қазақ ұлттық медицина университетінің «Тілдік пәндер» кафедрасында 20.11.23-26.11.2023 ж.  “Стоматология” және “Жалпы медицина” факультетінің 1, 2 курс студенттерімен орыс тілі пәні бойынша оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып практикалық сабақтар өткізді.

Профессор Құрбанова Гүлноз Негматовна және доцент Абдуллаева Дилор Ахмедовна «Тілдік пәндер» кафедрасының оқу процесінің құрылымымен танысты. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісі А.Т. Бақтыбаевамен бірге және кафедраның ПОҚ өзбек тілі мен әдебиеті кафедралары мен С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Тілдік пәндер» кафедрасы жұмысының салыстырмалы сипаттамасын жүргізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы барысында профессор Г. Н.Құрбанова және доцент Д. А. Абдуллаева студенттерімен бірге С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мұражайына барды, сондай-ақ М.Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театрында “Нерон және Сенека дәуіріндегі Театр” спектаклінің қойылымына қатысты. Жалпы академиялық ұтқырлық жоғары деңгейде өтті, оқытушылар мен студенттер біздің университет және «Тілдік пәндер» кафедрасы туралы жаңа білім, жаңа әсер алды.

Академиялық ұтқырлық аяқталғаннан кейін профессор Құрбанова Гүлназ Нығматқызы мен доцент Абдуллаева Дилор Ахмедовнаға салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

«Тілдік пәндер» кафедрасы жемісті ынтымақтастық үшін үлкен алғысы білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді.