С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы тәрбие жұмысы бойынша 2026 жылдың 24 сәуірінде ««Семей полигонының жабылуы – тарихи әділеттілік»» тақырыбында кафедра оқытушылары Абиырова Н.Б., Балапанова А.А., Исабекова Т.Қ., Кенбаева С.Р. және жалпы медицина мектебінің студенттерінің қатысуымен іс шара өткізді. Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі – Семей ядролық полигонының жабылуы болып табылады. Аталған тарихи шешімнің қабылдануына 35 жыл толуына орай (2026 жылы) тәрбиелік, патриоттық және экологиялық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға ядролық сынақтардың адам денсаулығына, қоршаған ортаға тигізген зиянын түсіндіру, тарихи сананы қалыптастыру және бейбітшілік құндылықтарын насихаттау.
Іс-шара барысында қатысушыларға Семей ядролық сынақ полигоны тарихы туралы кеңінен ақпарат берілді. Ядролық сынақтардың салдары, оның ішінде радиациялық әсердің халық денсаулығына тигізген зияны, экологиялық апаттар туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған тарихи шешімнің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Бұл шешім еліміздің бейбітшілік жолындағы саясатының айқын дәлелі ретінде қарастырылды. Іс-шара барысында студенттер арасында пікірталас ұйымдастырылып, ядролық қаруға қарсы көзқарастар талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар тақырып бойынша баяндамалар жасап, өз ойларымен бөлісті.





