Конституция 2026: сұрақтар және жауаптар

С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасы тәрбие жұмысы бойынша  2026 жылдың 19 наурызында «Конституция 2026: сұрақтар  жане жауаптар» тақырыбында кафедра оқытушылары Абиырова Н.Б., Балапанова А.А., Оханова М.И., Сүлейменова А.Ж., Келимбетова Ж.Т., Сайдахметова А.К., Қуатбекова А.К. және жалпы медицина мектебінің студенттерінің қатысуымен іс шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты қатысушыларға референдумның тікелей демократия нысаны ретіндегі маңызын түсіндіру, сондай-ақ жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері мен ерекшеліктерін бұрынғы редакциясымен салыстыра отырып түсіндіру болып табылады.  Іс шара барысында талқыланды: қатысушыларды референдум ұғымы және оның маңызы; жаңа Конституцияның негізгі ережелері; ескі және жаңа Конституцияға салыстырмалы талдау жүргізілді,  қатысушылардың құқықтық сауаттылығы және азаматтық жауапкершілігі, конституциялық өзгерістерді талдай алу қабілетін қалыптастыру.Сонымен қатар іс-шара барысында референдум және жаңа Конституцияның негізгі аспектілері туралы презентация оқылды. Презентациядан кейін пікірталас өткізілді. Қатысушыларға сұрақтар таратылып, студенттер жауап берді. Сондай ақ, референдумның халық еркін білдірудің маңызды құралы екендігі түсіндірілді. Жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістер қарастырылды.

Іс-шара интерактивті түрде өтті. Презентация, пікірталас және сұрақ-жауап жұмыстары білімді бекітуге ықпал етті.