«Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. және Байдуллаева Г.Е. «Медицина барлық өнердің ішіндегі ең мәртебесі» тақырыбында университетті бітіріп кеткен түлектермен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде «Жалпы медицина» мектебінің 1-курс студенттері мен біздің университет түлектері қатысты. Алғы сөзді кафедра меңгерушісі Рыспекова Ш.О. сөйледі.
- Тоғызбаева Жазира – ERENSAU Hospital дәрігер-ревматолог, Қазақстан ревматологтар қауымдастығының және халықаралық кәсіби медициналық ұйымдардың мүшесі.
- Щитанова Ақерке – акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының магистрі, Smart Health University City орталығында жұмыс жасайды.
- Ташимова Ақмаржан -дәрігер невропатолог, медициналық колледжде сабақ береді, Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың инсульт орталығының жетекші дәрігері болып жұмыс жасайды.
Студенттерге университет түлегі, PhD доктор Кулмаганбетов Мұхиттың видеохабарламасын көрді. Мұхит Гонконгта Көз аурулар емханасында қызмет етеді және Канада университетінде сабақ береді. Түлектер өздерінің студенттік өмірі мен оқу үдерісінде және жұмыс кезіндегі қиыншылықтары, қызықты сәттері, ғылыми жұмыс пен қоғамдық жұмыстың қажеттілігі туралы ойларын ортаға салды. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесуде студенттер медицина, дәрігерлер туралы өлеңдер оқыды, күй тартылды және ән айтылды. Студенттер осындай кездесулердің қажеттілігі туралы және алған әсерлерін айтып өтті.












