Халықаралық серіктестік

Шетелдік мамандарды шақырудың мақсаты шетелдік денсаулық сақтау және білім беру орталықтарында қолданылатын озық жаңа технологиялармен әдістерді енгізу және үйрену арқылы, білім сапасын,  ғылыми және клиникалық үрдістерін жақсартуға,  сондай-ақ халықаралық ғылыми, білім беру және практикалық алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

  1. Тарту Университететінің профессоры, патофизиология кафедрасының

Жетекшісі Сулев Кокс (қ. Тарту, Эстония) 14.11.2016ж. – 26.11.2016ж. аралығында 2,3 курс студенттеріне, магистранттарға, докторанттарға, кафедраның профессорлық –  оқытушы құрамына «Патологиядағы іргелі геномдық зерттеулердің өзекті мәселелері » тақырыбы бойынша семинар және дәріс өткізді.

Академиялық мобильділік және шетелдік жоғары оқу орындарымен халықаралық қатынастарды кеңейту шеңберінде кафедраның магистранттары  оқудан өтті:

  1. Аскарова А.Е., Uniklinik Koln Zentrumfur Klinische Studien, Clinical Trial Management (халықаралық тренинг), Германия, Кельн, 1.01.2015 – 30.01.2015