Микробиология, вирусология кафедрасының ұжымы медициналық инфрақұрылымды дамыту, медицина қызметкерлерін қолдау және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру қоғамдық денсаулықты нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді.
🏥 Жаңа перинаталдық орталықтар мен балалар ауруханаларын салу медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, ана мен бала денсаулығын қорғау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
👩⚕️ Медицина қызметкерлерін қолдау және олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін нығайтудың маңызды шарттары болып табылады.
🔬 Президент табысты реформаларды жүзеге асыру үшін заңдарды жетілдірумен қатар, қоғамдық сананы да өзгерту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар заңға құрметті нығайтуға, білім мен ғылымды, жасанды интеллектіні дамытуға және отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Микробиология, вирусология кафедрасы ұжымының пікірінше, медициналық білім беруді дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және ғылым мен практикалық денсаулық сақтау арасындағы байланысты нығайту білікті мамандар даярлауға және халық денсаулығын қорғау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.




