Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімін тереңдету, практикалық дағдыларын жетілдіру, клиникалық ойлау қабілетін дамыту және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Аталған олимпиадаға Қазақстан Республикасының түрлі медициналық жоғары оқу орындары Семей Медициналық Университеті, Астана Медициналық Университеті, Қарағанды медициналық университет, Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Университеті, Қазақстан Ресей медициналық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен командалар қатысты. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын, кәсіби біліктіліктерін және командалық жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
Олимпиада бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрды:
1-ші тур. Командалардың сәлемдесу
2-ші тур. Блиц-сұрау
3-ші тур. Кроссворд
4-ші тур. “Қолтырауын”
5-ші тур. Эпонимдер
6-шы тур. Анатомиялық терминдер сайысы
7-ші тур. “4 сурет және 1 сөз”
8-ші тур. Ылғалды препараттар бойынша практикалық дағдыларды көрсету
Барлық кезеңдер қатысушылардың білімін жан-жақты бағалауға бағытталды.
Олимпиада қорытындысы бойынша:
Гран При – «AstraMED» командасы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.
I орын – «Импульс» командасы, Қарағанды медициналық университет.
II орын – «Гипокамп» командасы, Қазақстан Ресей Медициналық университеті.
II орын- «Синапс» командасы, Семей Медициналық Университеті.
III орын – «Panacea» командасы, Батыс Қазақстан медициналық университеті.
III орын – «MedSana» командасы, Астана медициналық университеті.
III орын – «Anatomy warrior» командасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Олимпиада студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ анатомия және клиникалық пәндерге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Ұйымдастырушылар ретінде қалыпты анатомия кафедрасы барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және қазылар алқасына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреді.




















