(RU) «Life Science: Генетика и искусственный интеллект в медицине» секциясы бойынша есеп

Извините, этот текст доступен только в “RU”.

Халықаралық форум: «ANaMed Forum – New Generation 2026»

2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «AI-Driven Personalization: Medicine & Education» тақырыбымен IV Халықаралық «ANaMed Forum – New Generation 2026» форумы өтті. Форум медицина, генетика және жасанды интеллект саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды талқылауға арналған халықаралық алаң ретінде ұйымдастырылды.

Форум аясында өткен «Life Science: Генетика және жасанды интеллект медицинада» секциясы халықаралық деңгейде жоғары ғылыми қызығушылық тудырды. Секция жұмысына Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия, Қытай және Испания мемлекеттерінен келген ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Жалпы 5 шетел мемлекетінен арнайы шақырылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті ғылыми баяндамалар ұсынды.

Секция барысында молекулалық генетика, биотехнология, иммунология, кванттық офтальмология, биомедицина және жасанды интеллект технологияларын медицинада қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар халықаралық ғылыми тәжірибе алмасып, медицинадағы инновациялық зерттеулердің жаңа бағыттарымен танысты.

Секцияда төмендегі спикерлер баяндама жасады:

  1. Семенихина Н.М. — медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Алтай мемлекеттік медицина университетінің анатомия кафедрасы (Барнаул қ., Ресей).
  2. Ахметкулова М.С. — тамақтану және биомедицина саласының ғылым магистрі, Мюнхен техникалық университеті (Германия).
  3. Жондербек Ж.А. — «Молекулалық биотехнология және генетика» мамандығы бойынша докторант, Стамбұл университеті (Түркия).
  4. Кулмаганбетов М.А. — PhD, визитинг-профессор, кванттық офтальмология зертханасының меңгерушісі (Гонконг, Қытай).
    Баяндама тақырыбы: «Торқабық диагностикасындағы кванттық-аналогтық жарық күйі».
  5. Аннабель Валледор Фернандес — визитинг-профессор, Барселона университеті физиология және иммунология кафедрасының иммунология секциясының меңгерушісі (Испания).
  6. Святова Г.С. — профессор, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы медициналық генетиктер қауымдастығының президенті, «Молекулалық медицина орталығы» ЖШС ғылым және білім бөлімінің жетекшісі. Сонымен қатар басқада өз елімізден басқада қатысушылар баяндама жасады.

Секция жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Ғылыми пікірталастар барысында генетика мен жасанды интеллекттің медицинадағы болашағы, диагностиканың инновациялық тәсілдері және халықаралық ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

«ANaMed Forum – New Generation 2026» форумы жас ғалымдар мен халықаралық сарапшылар арасындағы ғылыми байланысты нығайтып, медицина ғылымының жаңа буынын дамытуға маңызды үлес қосты.

Секция соңында үздік ғылыми жұмыстар марапатталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша:

І орын — Камалов Жандос Максетович С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Медицина» мамандығының студенті,  ғылыми жетекшісі молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ғылыми атағы бар қауымдастырылған профессор А.Ж. Молдакарызова

ІІ орын — Жөндербек Жазира «Молекулалық биотехнология және генетика» мамандығы бойынша докторант, Стамбұл университеті (Түркия)

ІІІ орын — Соколов Д.К., магистр, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, биофизика курсымен қалыпты анатомия кафедрасының ассистенті

Акимниязова А.Н. магистр, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасының аға оқытушысы

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Іс-шара жоғары ғылыми деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға, халықаралық ғылыми байланысты нығайтуға және жас зерттеушілердің кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік берді.