М26-001/002 топ студенттері арасында психикалық денсаулықты сақтау және эмоционалдық әл-ауқатты қолдау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы есеп

2026 жылғы 10 қазан — Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай 8.10.2026 ж. күні Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторы Г.Т. Танеева Медицина мамандығының 1- курс М26-001/002 топ студенттерімен тәлімгерлік сағат өткізді. Тәлімгерлік сағатта психикалық денсаулықты сақтау, стресс пен эмоционалдық жүктеменің алдын алу және психологиялық көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың психикалық денсаулық туралы хабардарлығын арттыру, эмоционалдық әл-ауқатты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, күйзелістің алдын алу дағдыларын қалыптастыру және қажет болған жағдайда кәсіби психологиялық көмекке жүгінудің маңыздылығын насихаттау.

Іс-шара барысында студенттерге психикалық денсаулықтың адамның жалпы саулығының маңызды құрамдас бөлігі екені, оның оқу үлгеріміне, тұлғааралық қарым-қатынасқа, күнделікті белсенділікке және кәсіби қалыптасуына әсері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар академиялық жүктеме, емтихан кезеңіндегі алаңдаушылық, уақыт тапшылығы және күнделікті өмірдегі қиындықтар салдарынан туындауы мүмкін стресс факторлары қарастырылды.

Студенттерге эмоционалдық жүктемені төмендетудің тиімді тәсілдері, соның ішінде күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, еңбек пен демалыс уақытын үйлестіру, жеткілікті ұйқыны қамтамасыз ету, тұрақты дене белсенділігін сақтау, тыныс алу жаттығуларын орындау және жағымды әлеуметтік қарым-қатынасты қолдау жөнінде ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ психологиялық қиындықтарды дер кезінде анықтау және оларға бейжай қарамау қажеттілігі атап өтілді. Ұзақ уақытқа созылатын мазасыздық, көңіл күйдің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, шамадан тыс шаршау немесе күнделікті қызметке деген қызығушылықтың азаюы байқалған жағдайда психологқа немесе тиісті маманға жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді. Психологиялық көмекке жүгіну әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және психологиялық саулықты сақтаудың маңызды қадамы екені айтылды.