(KAZ) «Еңбек пен ізденіс – үлкен жетістік кепілі»

Извините, этот текст доступен только в “KAZ”.

2026 жылғы 21–22 мамыр күндері Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен IV Халықаралық «ANaMed Forum – New Generation 2026» форумы жоғары ғылыми деңгейде ұйымдастырылды. Форум медицина, генетика және жасанды интеллект салаларындағы заманауи зерттеулер мен инновациялық бағыттарды талқылауға арналған маңызды халықаралық алаң болды.

Форум аясында молекулалық биология, медициналық генетика және биотехнология бағыттары бойынша өзекті ғылыми мәселелер қарастырылып, халықаралық тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Форумға қатысушылар қатарында Ж.А. Жондербек— «Молекулалық биотехнология және генетика» мамандығы бойынша докторант (Стамбұл университеті, Түркия) қатысты. Ж.А. Жондербек бұған дейін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында оқытушы қызметін атқарып, өте жауапты әрі білікті оқытушы ретінде танылған маман болды.

Форум барысында Ж.А. Жондербек молекулалық биология және медициналық генетика саласындағы өзекті ғылыми бағыттар бойынша баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Оның жұмысы ғылыми қауым тарапынан жоғары бағаланып, секция соңында жүлделі ІІ орынға ие болды.

Ж.А. Жондербек арнайы 200 000 теңге көлеміндегі қаржылай сертификатпен марапатталды. Бұл жетістік оның ғылыми әлеуетін және халықаралық деңгейдегі зерттеуші ретіндегі кәсіби дамуын айқындады.

«ANaMed Forum – New Generation 2026» аясындағы бұл қатысу жас ғалымдардың жетістігін қолдауға, ғылым мен білім интеграциясын дамытуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.