«Ана болу-бақыт»
Жақында патофизиология кафедрасының доценті В.М Сабырахметова педиатрия факультетінің П20-009 топ студенттерімен «Ана болу-бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға акушерлік гинекология кафедрасының ассистенті Ляззат Суйерхановна Зият,
1-ЖММ декан орынбасары Қырмызы Баймуханбетовна Жакупова және кафедра оқытушылары қатысты.
Шараның мақсаты: Студенттерге ана болу, ана болудың бақытын сезіну, ана мен бала арасындағы жақындықты ұғыну, өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу, көңіл-күйін көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу, ана мейірімділігінің маңыздылығын түсіну, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту жөнінде ақпараттар беру.
Дөңгелек үстел бірнеше сұрақтарды қамтыды:
- Ана болуды кім қалай түсінеді ?
Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету, шынайы қарым-қатынас құру, оның бойындағы бар ерекшелікті көре біліп, қабілетін дамыту, бағдарлау, ынталандыру – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті. Өміріміздің ең мәнді өзегі – тұлғалық тұрғыда толық қалыптасқан парасатты перзент тәрбиелеу. Әркімнің өз ойы құнды тартымды жауап, ұйғарымды ойлар бір –бірімен жалғасып кетті.
Жалпы ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отынының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.
- Жағдаяттарды шешустуденттерді екі топқа бөлу арқылы пікір талас түрінде өткізілді.
- Келесі сұрақ бедеулік пен абортқа байланысты болды. Қазіргі кезде ана болуда қиындықтар көбейіп жатыр,біреулерінде бедеулік болып жатса, енді біреулері аборт жасатып жатады. Сіздің бедеулікке, абортқа көзқарасыңыз қандай деген сұраққа студенттер өз пікірін ортаға салды. Студенттер аборттың болашақта бала көтермеуге әсері барын айтып берді.
- Бала сүю бақыты біреуге кеш, біреуге тез. Ал кейбіреуге… Мұндай жандарға біздің медицина саласы жатырдан тыс ұрықтандыру арқылы ана болуға мүмкіндік сыйлап жатады. Алайда қоғамымыздың ЭКО-ға көзқарасы қандай? ЭКО-мен босанған бала мен табиғи жолмен дүниеге келген сәбидің айырмашылығы қандай?Студенттер өз ойларын ортаға салды.
- Бақыт гормоны деген не? Барынша ашық жарқын өмір салтын ұстану бақыт гармонын көбейтеді.Достармен араласу, тіпті сүйікті кітап оқу да мидағы эндорфин мен серотониннің бөлінуіне әсерін тигізеді. Күйзеліс пен ашу-ызаға бой алдырған жандарда бақыт гормондары күрт азайып кетеді. Сондықтан үнемі жақсы ойларға беріліп, айналадағы сұлулықты сезіне білу маңызды деп студенттер өз ойларын ортаға салды.
Шара соңында дөңгелек үстелдің қонақтары акушерлік- гинекология кафедрасының ассистенті Ляззат Суйерхановна Зият, 1-ЖММ декан орынбасары Қырмызы Баймуханбетовна Жакупова және кафедра доценті Сырсұлу Ермұханбетовна студенттерге ана болу бақыты жөнінде өз пікірлерін білдіріп, студенттерге алғыстарын білдірді.