- Салыкова Дильназ
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім: 1)Мамандығыма деген көзқарас
2)Дәрігер мамандығын таңдау себебім және оның менің өмірімде алатын орны
3)Мен таңдаған мамандық
III.Қорытынды
Дәрігер – ол маман, адамның ағзасының қалыпты жұмысын сақтап, аурудың алдын-алуда және емдеуде өзінің тәжірибесін, білімі мен дағдысын қолданатын адам. Бұл мамандық жауапкершілікті талап ететіндіктен онда жоғарғы білімнің міндетті түрде болуы және мамандандырылған жағдайда қосымша кәсіби дайындықты керек етеді. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білуімен қатар, кез-келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы қажет. Сонымен қатар, дәрігер өз міндеттерін Гиппократ анты, гуманизм және қайырымдылық ұстанымдарына сәйкес орындайды.
Сәйкесінше, медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді:
- «Жедел жәрдем» мамандары тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диагнозды қойып, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ауруханаға жеткізеді. Тез кәсіби жәрдем көрсетудің арқасында әл үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалады.
- Дәрігер-терапевт науқастың талдамаларын алып, оған дұрыс диагноз қойып, оны толық емдеумен айналысады. Науқастың жағдайын күнделікті бақылап, қажетті емдік шараларды қолданады.
- Дәрігер-хирург бас дәрігердің шешімі бойынша науқастарға түрлі дәрежедегі оталар жасап, әрі қарай да бақылап, қажетті ем қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етеді. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады. Сондықтан хирургтің өзінің физикалық жағдайы осыған сәйкес болуы тиіс.
- Фармацевт-провизор дәрілік препараттардың құрамын, қолданылуын терең біледі. Дәріханаға ауырып, өз бетімен келетін жандар көп. Соларға керекті дәрілерді алуға кеңес береді. Сондай-ақ дәріхананы алуан түрлі дәрі мен құралдармен жабдықтайды. Бірнеше дәріні қосып, рецепт бойынша дәрілер әзірлейді.
Дәрігер — өте құрметті мамандықтардың бірі. Жақсы дәрігер адамдарға көмектессем деген ізгі ниеті арқылы Алланың разылығына бөлене алады, сонымен қатар адамдардың да шексіз алғысын алады. Қазақ «Дені саудың – жаны сау» деп тегін айтпаса керек.
Мен ойлаймын, адам өзінің жаны сүйген мамандықты таңдағаннан кейін, сол мамандығын сүйіспеншілікпен жасайтын болады. Себебі, кез — келген адам тек қана медицина маманы емес,басқа мамандық иелері де өз қалаған істерімен айналысу арқылы жетістікке жетіп, ләззат алып, жұмысының маманы екендігіне қуанады. Сол себептен, адам өзі нені қалайды сонымен айналысуы тиіс. Қазіргі кезде көптеген отбасыларда ата-аналары балаларының орнына мамандық таңдап беріп, баласының өз қалағанынан, өз таңдауынан бас тартқызып жатады. Олай біреудің таңдауымен оқып шыққан адамды мен өз ісінің маманы деп есептемеймін, оның үстіне ол — дәрігер мамандығы болса. Әр адамның түсінігі, ойлауы басқаша болғандықтан, қоғамда мамандықты жәй қалдыра салатын адамдарды кездестіреміз. Алайда, мынадай сөз бар «Өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспе. Біріншісі — жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдауда». Бұл дегеніміз, адам өмірге келгеннен кейін оның алдында не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді.Тіпті ата-анасы. Ол адам болып қалыптасқандықтан, өзі шешім қабылдауға тырысу керек, саналы түрде ойланып, өзінің дегеніне жетуі тиіс, сол кезде ғана ата-анасы баласының дұрыс шешім қабылдай алатындығына көзі жетіп, риза болып,әрқашан қолдау көрсетеді.
Негізгі бөлімге келіп жетсемде, неден бастарымды білмей, ойланып отырмын. Неге? Алдымен, мен ата-анама үлкен алғысымды айтамын және айтып өтемін. Себебі, сол кісілердің арқасында мен 19 жасыма дейін ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін ажыратып үйрендім. Иә, өмір тосын сыйларға толы, әлі де біліп, үйренетініміз көп. Осы жерде есіме түсіп тұр, қазақта « Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» деген керемет сөз бар. Негізінен, мен дәрігер болуды бала кезімнен армандайтынмын. Тіпті, кішкентай бала болсамда, анам ауырып қалған кезінде өскенде өзім емдеймін деп айтатынмын. Дегенмен, уақыт өте адамның ойы өзгереді емес пе?! Жалпы мен кішкентайымнан барлық нәрсеге қабілетті болдым. Көп балалы отбасынан болсамда, 5 бауырым болса да анам мені жан-жақты етіп өсірді. Кішкентайымнан мектепте ән айтып жүргенімді байқап, анам мені музыкалық мектепке берді.Ол жерде бес жыл қатысып домбыра, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, т.б. аспаптарын меңгердім. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта озат оқушы едім. Әкем болса, тіл маманы болғанымды қалайтын. Сол үшін мені тағы да, ағылшын үйірмелеріне қатыстырды. Төртінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейін үзбей баратынмын. Одан бөлек, ағам артында ұл болмағандықтан менімен ойнап төбелескенді жақсы көретін. Анама спорт кешеніне апарайыншы дейтін. Бірақ, мен қыз бала болғандықтан анам қарсы болды. Солай мектепті аяқтағанға дейін, үйде бос отырмай әр түрлі үйірмелерге қатысып, жарыстарда жүлделі орындарды иемдеген болатынмын. Сол кезде ойлайтынмын, мен еш қиналмаймын, қандай маман иесі болсамда деп. Себебі, жан-жақты болғасын, өзіме өте сенімді болдым. Сөйтіп, оныншы сынып аяғында қандай маман иесі болатынымды ойлана бастадым. Айта кетейін, менің ата-анамның бір жақсы қасиеттері мені және бауырларымды мамандық таңдауда қыспаққа салмаған. Өзіңнің қалауың деп, бізге сенім артады. Әрине, ата-ана баласына сеніп тұрғасын, баласы да жауапкершілікпен қарап, кім болсада, қандай мамандық таңдаса да сенімді болуы тиіс.
Ойлана келе, он бірінші сыныпқа да келіп жеттім. ҰБТ- ге дайындық бастауым керек. Анаммен ақылдасып,өзімнің шешімімді айтып, дәрігер боламын дедім. Неге мұндай шешім дейтін шығарсыз? Себебі, мен іштей сезетінмін, болашақта өзімді «Ақ халатты абзал жан» ретінде көретініме. Жүрегім мен ақылым осы мамандықты дұрыс деп сигнал берді. Бұл шешіміме отбасымның барлық мүшелері қуанып, маған қолдау көрсетті. Осы жерде ата- анамыздың балаларынан ештеңе аямай,кем қылмай өсіретіндігін көреміз. Яғни, ата-анам еш қиындық туындатпай менің оқуыма бар жағдай жасады. Ал, мен болсам үміттерін ақтап, ҰБТ- ді жақсы тапсырып шықтым. Және өзім армандаған, қалаған С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіне түстім. Арманымның орындалғанына бақыттымын, Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік айтамын. Және өз баласының бақытты болғанын көрген ата-анамда бақытты. Тағы да бұл жерде айта кететін жайт, кейбір ата-ана балаларының грантқа түсуін талап етіп жатады. Алайда мен ойлаймын, ҰБТ- оқушының білімін көрсетпейді. Қаншама студенттерді көріп жатамыз, университетте оқып жүріп, грантқа ауысып, керемет маман иесі болып шығып жатыр.Сондықтан ата-аналар балаларына ондай талап қоймаса деп сұраймын.Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын көріп, міне үшінші курсқа да келіп жеттім.
Мен дәрігер болуды үлкен мәртебе деп білемін. Адамдарға көмектескенді жаным сүйеді. Ауруханаға барған сайын дәрігерлерге қызыға қараймын. Мен де ауырып жатқан адамдарға көмек көрсетіп, халқыма аянбай еңбек еткім келеді. Сол нәрсеге әрқашанда дайынмын, және алдағы уақытта барлығының орындалатынына сенемін. Жалпы, медицина саласындағы мамандықтардың өзіндік ерекше орны, беделі бар.Дегенмен, мен таңдаған мамандық- Хирургия саласы. Өте күрделі, қиын, шыдамдылықты талап ететін мамандық екендігіне қарамастан, мен бұл мамандықты таңдадым. Таңдаған себебім, маған кез- келген жағдайдағы адамдармен жұмыс жасаған қатты ұнайды және өте қызық. Алғашқы көмек көрсету, белгілі бір ауруларды неден пайда болғанын, қалай өрбігенін анықтау және адам өмірін сақтап қалу мен үшін өте маңызды. Мен ойлаймын, хирург болған адам барлығын білуі тиіс, және ол бөлінуді қажет етпейді. Мысалы, гинеколог, кардиолог, терапевт, т.б. салалардың дәрігерлері тек қана өзінің мамандығын меңгеріп, сол бойынша жұмыс жасайды. Ал мен барлығында біліп, үйренгім келеді. Сонымен қатар, көп адамдар айтып жатады, бұл мамандық ер адамдарға тән дегендей. Неге? Егер де мен қайсар, батыл, ештеңеден қорықпайтын болсам. Сол себептен, мен бұл көзқараспен келіспеймін. Және де болашақта Қазақстанда оқып қана шектелмей, шет елдерде тәжірибе алмасып көру арманым. Бұл арманыма да жететініме сенемін. Әлемге әйгілі хирургтардың қолын алып, олардың өз мамандықтарын қалай жақсы көретіндігін, не себептен бұл мамандықты таңдағандарын, мұқтаж жандарға қалай көмек көрсету керек екендігін, жалпы әлемде алатын орнын, хирургияның қыр-сырларын меңгеру жоспарымда бар.
Қорытындылай келе, мен медицина мамандығын таңдауда қателеспегендігімді түсіндім. Және болашақта көптеген белестерді бағындырып, үйреніп, жетістікке жетіп, туған елім Қазақстанның медицинасын көтергім келеді. Сол үшін өз- өзіммен аянбай жұмыс жасаймын.Әлі де ашылмаған, зерттелмеген, әр түрлі қауіпті аурулардың емдеу жолдарын ойлап тауып Қазақстанның атын шығару мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан, бәріміз күш біріктіріп, бір-бірімізді қолдап жүрсек, біздің еліміз әлемдік дәрежеде өзіндік орын алады.
2.Мирман Индира
Менің мамандығым-дәрігер!
Адам бала кезінен барлық нәрсеге еліктеп өседі. Бұл қалыпты құбылыс. Бала кезде біреу әнші боламын,біреу ұстаз боламын, біреу дәрігер, енді біреуі ұшқыш боламын деп армандайды. Жалпы еліктеу жақсы қасиет деп ойлаймын. Себебі еліктеу арқылы сондай боламын деп алдыңа мақсат қойып, соған жетуге ұмтыласың. Менің ойымша жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге болады. Абай атамыздың «Сенде бір кірпіш дүниеге, тетігін тапта, бар қалан», -деген қасиетті сөзі бар. Болашақта бәрінің үлкен мамандық иесі болғысы келеді.
Есейіп он бірінші сыныпты бітірген соң мамандық таңдау бірінші орында тұрады. Мамандық таңдаудан қателеспеу керек деген сөз де бар. Себебі ол сенің болашақ өмірің, айналысатын ісің, жауапкершілікті қажет ететін нәрсе. Жалпы адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен тығыз байланысты. Адам өзінің сүйіп істейтін ісімен айналысуы қажет. Сол кезде ғана ол ісі- жемісін, нәтижесін береді.
Мен таңдаған мамандық-дәрігер. Анашым да менің дәрігер мамандығын таңдап, соның оқуына түскенімді қалады. Маған көптеген қолдау көрсетті және көрсетіп келеді. Оқуға түскенімді естігенде, тест қорытындысын көргенде төбесі көкке жетіп қуанды. Анамның қуанғанын көру мен үшін ең үлкен бақыт. Болашақта мықты дәрігер болуды армандаймын. Анамның ақ үмітін ақтасам деймін. Бұл әр перзенттің арманы. Дәрігер десе ақ халатты абзал жан есімізге түседі. Дәрігер болу ол адам өміріне жауап беру, өз мойныңа жауапкершілік алу, адал болу, халыққа қызмет ету дегенді білдіреді. Дәрігер болу үлкен қайратты, төзімді, сабырлықты,күш-жігерді талап етеді. Әрине әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы болады. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне сүйену керек.
Менің ойымша ең бастысы адам еңбекке қабілетті болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Мамандық таңдау ол тағдырыңды таңдау дегенді білдіреді. Өмірде өкінбейтіндей, өз қабілетіне сай кәсіп түрін таңдау. Дәрігер ол абыройлы, мықты, керемет мамандық. Ең бастысы батылдықты, жауапкершілікті талап ететін мамандық. Қазіргі таңда мен Мирман Индира Қарғашқызы Асфендияров атындағы медициналық университеттің жалпы медицина факультетінде оқимын. Маған өзімнің таңдаған мамандығым қатты ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстанның медицинасын дамытып, көптеген қызметтер, қайырлы істер жасағым келеді. Менің отбасымда дәрігер жоқ. Мен отбасыма болашақта көмегім тигенін қалаймын. Менің қазіргі мақсатым аянбай оқу, іздену, жан-жақты болу. Жақсы жұмыс істеп жұмысымның жемісін көрсем деймін. Менің мамандығым-менің болашағым, менің наным. Мен биіктерден көрінгім келеді, және өз мамандығымның қоғамға қажет екенін сезіне отырып, мықты дәрігер болу үшін барлық күшімді салуға дайынмын. Қиындықтарға мойымай, өзім сүйіп таңдаған мамандық иесі болатыныма нақ сенемін. Осы эссені жазу барысында менің шабытым оянып, өз ойымнан өлең шығарған болатынмын. Соны жазуды жөн көрдім.
Мен дәрігер боламын,
Қызмет етем еліме
Еңбек етіп, аянбай
Көмектесем бәріне.
Ешқашанда ерінбей
Тер төгемін мың сан рет
Боламын мен дәрігер
Адал қызмет ететін
Туып-өскен еліме!
Әрқашан да жүремін
Күлімсіреп, жадырап,
Мұңаймаймын мен мүлде
Берілседе мың сынақ.
Емдеймін мен барлығын
Бақыт сыйлап, қуантып
Аппақ болып киіну
Бала күнгі арманым!
Ақ халатты абзал жан
Боламын мен бұйырса
Ізденемін, оқимын
Күш саламын болашаққа.
Мақтанатын ата-анам,
Боламын мен дәрігер
Ел сыйлайтын ең мықты
Боламын мен дәрігер!
Мақсатыма жетемін,
Ерінбеймін мен мүлде
Бүкіл әлем танитын
Боламын мен дәрігер!
- Мейрамова Айгерім
« Менің мамандығым — дәрігер»
Кіріспе. Бұл өмірде кез келген адамның өз армандары, алға қойған мақсаттары болады. Менің арманым – дәрігер болу. Әр адам мамандық таңдауда шатыспау керек, себебі осы мамандық оның болашағы болып табылады. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін және қай сала ұнайтынын, немесе қай сала сұранысқа ие екенін білуі қажет. Меніңше, дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам бойында жақсы қасиеттері еңбексүйгіш, қамқорлық, кішіпейілділік , адамгершілігі мол , сонымен қатар , зейінді болуы керек. Өмірде өз ісіне сенімді және дұрыс таңдау жасаған адам ғана үлкен жетістіктерге жетеді. Дәрігер – бұл адам өміріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын және адамдарды өмір мен өлім арасында құтқарып қалатын, ақ халатты абзал жандар.
Негізгі бөлім. Мен неге медицинаны таңдадым? Себебі, мен бала күнімнен дәрігер болуды армандайтын. «Менің болашақ арманым- дәрігер болу» деп айтатынмын. Мен мектепте үздік оқушы және мектеп белсенділері қатарында болдым. 4-сынып оқып жүргенімде мен биология пәнінен Ғылыми жоба қорғадым. Ғылыми жобамның тақырыбы: «Жүрек – адам ағзасының басты органы» деп алдым. Менің жобам. Мен зерттеу жұмысын бастамас бұрын өзіме сұрақ қойдым: Мен нені зерттегім келеді? Адам ағзасындағы жүректің атқаратын қызметін, жүрек ауруының неден пайда болатынын және жүрек ауруымен ауырмас үшін не істеу керегін білгім келді. Бұл тақырыпты таңдау себебім: адамның ең басты органы – жүрек туралы және соңғы кездері көбейіп бара жатқан жүрек ауруы туралы біліп, болашақта атам сияқты жүрек дәрігері болғым келеді.
Менің ғылыми жетекшім: атам, жүрек дәрігері – Сүйімбаев Мейрам Мәндібайұлы. Менің атам Алматы Медицина институты , қазіргі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін 1965 жылы үздік дипломға бітіріп шықты. Қазіргі таңда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында медицина саласында 50 жылдай қызмет атқарып, ауданымыздың «Құрмет азаматы» атанды. Мен осындай атаммен мақтанамын және мақтан тұтамын. Атам менің үлгі тұтар тұлғам. Кішкентай кезімнен атамның қасында жүріп, медицинаға деген қызығушылым артты. Ғылыми жобаны жоғарғы дәрежеде қорғап шықтым. Осы ғылыми жобаға қатысқаныма қатты қуандым, себебі атам маған дәрігерліктің қыр –сырын үйретті, орталық емханада атамның кабинетіне барып, пациент қабылдау барысымен де таныстым. Пациенттің артериялық қан қысымын өлшеп, ЭКГ-ге қалай түсіруді үйрендім. Сонымен қатар, көптеген газет-журналдарды оқып, ізденіп, білімімді ары қарай шыңдадым. Осы жолдан таймайын деп, ары қарай да көптеген медицина туралы кітаптар оқып, түсініксіз терминдерді атамнан сұрадым. Медицинаға үлес қосқан тұлғалар , ғалымдар мен доктор проффесор адамдардың өмірбаянымен танысып, олардың еңбектерін оқыдым. Көбінесе, Евгений Чазовтың мақалалары мен еңбектерін оқитынмын. Е.Чазов негізгі тромбоз және миокард инфарктісі, миокард метаболизмі және қанайналым жеткіліксіздігі мәселелері туралы ғылыми еңбектерін оқып, таныстым.
Осы жолдан таймайын деп, мен ары қарай биология және химия пәндерінен өз білімді жетілдіру мақсатында, 8-сыныпта Республика деңгейінде ғылыми зерттеу жүргізіп, жобамды қорғадым. Бұл жолы зерттеу жұмысымның тақырыбы: « Ауыр металдардың өсімдіктерге сіңіріліуі және жинақталуына жасуша қабығының рөлі». Осы зерттеу жұмысымның барысында мен ауыр металдардың сіңірілуі және жинақталу процестеріне тамыр жасуша қабығының атқаратын рөлі, ауыр металдардың өсімдіктерге тигізетін улы әсері туралы егжей-тегжейлі біліп, зерттедім. Осы тақырыптағы менің мақалам «Жас Ғалымдар Жаршысы» атты ғылыми журналда жарияланды.
Кейін , 11-сыныпты бітіріп, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден 104 бал жинадым. Бірақ , осы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетіне грантқа оқуға түсе алмадым. Мен бұл жаңалықты естігенде қатты көңілім босады, бірақ ата-анам мені ақылы түрде осы университетке оқуға түсірді. Неге мен осы медицина университетін таңдадым? Көп достарым, сыныстас достарым неге басқа медицина университетіне тапсырмадың басқасына грантқа түсіп кететін едің гой, — деді. Әрине, кез келген адамның өз армандары болады гой, адамдар сол арманына жету үшін алға мақсат қойып, оған ұмтылуы қажет. «Болашақта мен де атам сияқты білікті дәрігер боламын» деген мақсатпен осы медицина мамандығын таңдадым. Атамның ары қарай жолын жалғастыратын ұрпақ болайын деп осы университетті таңдадым.
Болашақта кім боламын?
Менің қазіргі басты мақсатым — оқуымды аман-есен бітіріп шығып, ата-анамның үмітін ақтау. Болашақта адам сияқты жүрек дәрігері – кардиолог болғым келеді. Қазақстанда жиі кездесетін аурулардың қатарында – осы жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары. Болашақта жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды қарап, дұрыс ем тағайындап, «әрбір науқас- менің жалғызым» деп , оларға денсаулық сыйлап, қамқор болуым керек. Сонымен қатар, шетелге оқуға барып, ол жақтың медицинасымен танысқым келеді. Қазіргі таңда Израиль, Германия , Қытай медицинасы сұранысқа ие. Ал, Қазақстанда медицина саласы жүйелі түрде күннен-күнге даму үстінде. Осы гүлденген, дамыған, тәуелсіз еліміз Қазақстанның медицина саласына өз үлесімді қосқым келеді.
Қорытынды. Қорыта келгенде, дәрігер мамандығы, яғни медицина сұранысқа ие, сондықтан да жыл сайын медицина университетіне түсетін студенттер саны артуда. Бұл – біздің еліміз үшін қуаныш. Себебі, Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Сол себептен, қазірден бастап , оқуымызды жақсылап оқып, аман-есен бітіріп, білікті де білімді дәрігерлер болып, болашақ Қазақстанның медицина саласын жоғарғы деңгейде көрсетіп, дамытайық. Ол өскелең ұрпақ біздей болашақ жастардың қолында!
4.Бейсен Аяжан
«Менің мамандығым – дәрігер»
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Ақ халатты – абзал жан
- Менің таңдауым
- Дәрігерлердің қоғамдағы рөлі
ІІІ Қорытынды
Дені саудың – жаны сау. Халық даналығы
Әр адам өмірге келген соң бір маман иесі болуды қалайтыны анық. Халық айтады: «Адам өмірде екі нәрседен қателеспеуі керек, соның бірі – мамандық таңдаудан».Бұл сөздің мәніне терең ұғынып қарайтын болсам, әр адам мамандық таңдау арқылы өз болашағын жасайды деп ойлаймын. Себебі, бұл тек қана жәй таңдау ғана емес, бұл адамның тағдыры десем де қателеспес едім. Мамандық таңдау арқылы адам өзінің ары қарайғы өмірінің де таңдауын жасайды. Ғұмырының соңына дейін осы мамандықпен бірге өмір сүреді, себебі күнделікті жұмысқа барудың өзі адам үшін бақыт алып келуі керек, ал бұл тікелей адамның дұрыс мамандық таңдауына әкеліп тіреледі. Қазіргі таңда ерекше бір мамандық түрі – дәрігер болу.Атап айтқанда, дәрігерлікті таңдау – ерекше бір ғылым саласы медицинаға қарай бет бұру болып табылады. Мына бір сөзді жиі естиміз — «ақ халатты – абзал жан». Абзал жан деп отырған себебі, дәрігер – адамның өміріне жауапты және де сол міндетін атқару үшін талмай еңбек ететін тұлға деп санаймын.
Менің таңдауым – дәрігер болу. Мен бұл таңдауды не себепті жасадым? Мектеп қабырғасында жүргенде, көптеген тұлғалармен кездесу іс-шараларына баратынмын. Ойыма, неліктен бұл кісілерді жәй ғана адам емес, тұлға деп атайды деген бір сұрақ келді. Бір күні бұл сөздің мағынасын түсіндім, тұлға дегеніміз – өз мамандығының шебері және қоғамда өз орнын қалыптастыра білген адам ретінде санама ой қалыптастырдым. Өзіме сұрақ қойдым, мен тұлға болу үшін не жасай аламын дедім де, өз сұрағыма өзім жауап бердім. Ол жауабым, дұрыс мамандық таңдап және сол мамандықтың шебері атану. Ең бастысы – адал жолмен және де адамгершілік сияқты қасиетті жоғалтпау керек екендігін түсіндім. Мен таңдауымды жасау арқылы алдыма мақсат қойдым. Ол – ҰБТ-дан жоғары баллды еншілеп, өз елімізде ғана емес әлемге танылған С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға білім грантын жеңіп алу. Осы орайда мына мақал есіме түсуде «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең», расында да бастапқыда бұл мен үшін арман болды, алайда арманымды мақсатыма айналдыру арқылы мен өз дегеніме жете алдым. Менің дәрігер мамандығын таңдау себебім – кішкентай кезімнен-ақ өте қатты қызығатынмын. Уақыт өте келе жақындарымның ауруға шалдыққанын көрдім және емін таба алмай дүниеден озғандары да болды. Сол кезде неге мен білім алып, көптеген емі табылмаған аурулардың шипасын таппасқа деген ой түйіндедім. Қазіргі уақытта медицина күн сайын дамуда. Алайда, біздің елімізде кейбір ота түрлері жасалмауынан, көптеген отандастарымыз шетел асып сонда жасатуда. Біріншіден, бұл барлық адамның қалтасы көтеретіндей жағдай емес, екіншіден, біздің медицина саламызға деген үлкен сын деп білемін. Барлығы – өз қолымызда екеніне мен нық сенімдемін және жас буын өкілдері, яғни біз осы жолда талмай еңбек ететін болсақ қолымыздан келетіндігіне сенімдімін. Қазіргі уақытта, «Жалпы медицина» факультетінің 2-курс студентімін. Бастапқыда өте қиын болғандығын жасырмаймын, алайда күндер өткен сайын мен өзімнің жаңа бір деңгейге көтерілгенімді түсіне бастадым. Сол кезде, мен өз таңдауымның дұрыстығына көзім жетті. Ерекше атап айтқым келетін тағы да бір ойым бар — болашақ дәрігерлерге білім беретін ұстаздар қауымы мен университет әкімшілігі ерекше мақтауға лайық деп санаймын. Себебі, студенттің дәрігер болып қалыптасуында бұл кісілердің еңбегі зор.
Қазіргі таңда қоғамда дәрігердің орны ерекше деп білемін. Дәрігерлерге біздің елімізде — ғылыммен айналысуына,жаңалық ашуына және басқа елдегі әріптестерімен тәжірибе алмасуда көптеген жағдайлар жасалуда. Қазіргі таңда болып жатқан пандемияны алып қарайтын болсақ. Осы жағдайдан кейін барлық адамның дәрігерге деген құрметі артып және де қоғамдағы рөлі айқын көрінді десем қате айтпаймын. Себебі, әр науқастың өмірі үшін күн демей, түн демей еңбек етіп жатқаны бізге мәлім. Өз басымнан өткен жағдайды да мысал ретінде келтіретін болсам, ұзақ уақыт ауруханада жаттым. Сол кезде кемінде 5 сағат жасалатын бірнеше ота жасатуыма тура келді. Мен ауруханада бірнеше күн ғана емес, бірнеше ай жатқан болатынмын. Сол кезде дәрігерлердің жұмысын көріп ол кісілерге деген құрметім арта түсті, себебі бірнеше сағат бойы ота жасап және оны сәтті аяқтау үлкен еңбек деп білемін. Осындай жағдайларды көре келе менің таңдауым яғни дәрігер болу дұрыс шешім екендігіне көзім жетті.
Өз ойымды А.П.Чеховтың сөзімен қорытындыласам, «дәрігер болу — ерлік, ол үшін жанқиярлық, жан тазалығы және ой тазалығы қажет». Себебі, Ж.Баласағұн айтқандай «Дәрігер тек қана тәнді ғана емдемейді, ол – жанды да емдеуші».
5.Мұқатаев Ермұрат
« Менің мамандығым – дәрігер »
Адам баласы өмірге келгеннен кейін, жасайтын міндет-мақсаттары болады. Өз алдына тұлға болуға тырысады. Иә, әрине барлық адамның арманы мен мақсаттары әр түрлі. Дегенмен де, осындай тұлға болуға қалыптастыратын, ол сенің – өзің, қоршаған ортаңдағы адамдар және мамандығың. Ең бірінші, тұлға деген кім? деген сұраққа жауап беріп көрейік. Тұлға – мемлекетіне адал қызмет етіп, халқына пайдасын тигізетін адам деп ойлаймын. Осындай қабілет болу үшін, ең алдымен – мықты маман болу керек. Ал, енді өзіме тоқталатын болсам, мен – болашақ дәрігермін. Дәрігер? Иә, иә ақ халатты абзал жан болғым келеді. Медицинаның атасы аталып кеткен, Гиппократтың бір сөзі бар: « Медицина поистине самое благородное из всех искусств». Міне, осы арқылы біз, дәрігерлік мамандығының қиындығы, жауапкершілігі жайлы ұғына аламыз.
Неге медицина, басқа мамандық емес?
Иә, дәл осы сұрақтарды достарым да қойып жатады. «Ол жерде оқу қиын ғой, оған қоса ұзақ оқисын, неге ?» деп айтатындары да бар. Әрине, әр мамандықтың, өзіндік қиыншылықтары мен қызықтары болады. Сол себептен де қандай сала болмасын, тиянақты түрде оқу қажет. Бірақ, бір нәрсені ұмытпау керек. Ол — жүрек. Яки, жүрегің нені қалайды, соны істеу керек. Мен, өзім жүрегімді тыңдадым. Себебі, әрбір оқушының қорқынышы болған ҰБТ-ны өзімде тапсырып көрдім. Бірақ, өз сүйген маммандыққа баллым жетпей, басқасына түсіп кетіппін. Көп ойландым. Отбасым, достарым өз ақылдарын айтып, мен де жүрегім мен қоса миымды іске қосып ақылдастым. Содан, тегін гранттан бас тартып, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне ақылы түстім. Әрине, барлығы Алланың қалауымен. Ата-анамда мені қолдап, кішкентайымнан армандаған, оқуыма түсірді. Ес біле келе, өзім футбол немесе медицина деген жолға тоқтадым. Өзімді басқа ешқандай салада елестете де алмадым. Бірақ, біріншісі жәй ғана хобби екенін түсініп, нақты халқыма адал қызмет ететін дәрігер болсам деген арман болды. Шүкір, арманыма аз да болса да, нық қадаммен алға жылжып келемін.
Оқу қиын ба?
Иә, өте. Бірақ, жаңа айтып кеткендей әр нәрсені жүрекпен жақсы көріп, шын ниеттенсең, алынбайтын асу болмайды. Жасырмаймын, 1 курс кезімде түнде сабақ оқып, қиналғаннан біраз жылаған кездерімде болды. Бір оқиға есіме түсіп отыр. Бірде осылай қиналып, не істерімді білмей жүргенімде, бір жоғарғы курс оқитын танысымнан:
— «Маған көбісі медицинаның бастапқы 3 жылы қиын, содан кейін оңай деп еді, сол шын ба?» – деп, сұрадым. Ол бала күліп, « Жоқ, ешқандай оңайлық жоқ. Тек қана осы 3 жылда қиындыққа бойың үйренісісіп кетеді» — дегені бар еді. Сол секілді, біздің оқу қиын әрі қызық. Қызық?
Иә, әрине. Қызықтың бәрі бізде. Универдегі алғашқы кездер. Ең бірінші – анатомия. Шынайы сүйектер, бұлшықеттер, препараттар. Алғаш қолыма укол ұстап, жаттықтырғыш ойыншыққа салғаным, аппақ халат киіп, микроскоппен кесінділер қарау. Міне, осының бәрі менің өмірімдегі ұмытылмас кезеңдер.
Өкінішті, осы жылғы қадамдарын енді басып жатқын, болашақ дәрігерлерге қиын болды. Себебі, жанағы айтқан сезімдерді көрмеді. Иә, әрине әлемдік пандемия біткен соң, өз alma mater – імізге қайта оралып, керемет күндер кешетінімізге сенемін. Бірақ, осы індет, біздің мамандығымыздың дәрежесін біраз көтеріп тастағандай. Өйткені, елдің бәрі ауырып, ауырмағандар үйлерінде отырды. Тек, ақ халатты жандар ғана індет пен жеке күресті. Өздеріне жұғып кететін ауруды біле тұра, барынша алпарысты. Отбасыларын тіпті айлап көрмеседе, сынбады. Өйткені, барлығы дәрігерлік мамандығының осындай жауапкершілігі мол, ауыр жұмыс екенін түсініп барып, қадам жасаған қаһармандар. Кішкентай кезімізде теледидардан өрмекші адам, темір адам секілді қаһармандар жаудан өз елдерін құтқарып, қорғайтынын көруші едік. Ал, қазіргі сәтте нағыз қаһарман ол – дәрігерлер.
Қорытындылай келе, дәрігерлік бұл – адам өміріне араша болып, барлық аурулармен күресетін батырлар. Осындай жауапкершілігі мол сала да оқып, білім алып жатқаныма еш өкінбеймін. Қазіргі таңдағы жағдайды көріп жүрген, жас бүлдіршіндердің де, болашақта аға-әпкелері секілді қаһарман болғысы келетіндер көбейетініне сенемін. Қандай мамандық болсын, сол саланы шын жүрекпен сүйіп, шыңына шығып, еліне адал қызмет істеу. Міне, нағыз тұлғаның бейнесі осы.
6.Дощан Ербол
Менің мамандығым-дәрігер
«Дәрігер мамандығы-ерлік , ол
жанқиярлықты, жан тазалығын
және ой тазалығын талап етеді».
(А.П. Чехов)
Дәрігер мамандығы- әлемдегі маңызын жоймаған, бүкіл адамзат үшін қызмет ететін мамандық. Дәрігер дегенді естігенде әр адамда көз алдына ақ халатты, көп жылдық білім қоры және де тәжірибесі бар, мейірімді де абзал жандар елестейді. Ұлы философ Сократтың айтуы бойынша: үш мамандық құдайдан-мұғалім, сот және дәрігер, басқасының барлығы адамның мамандығы дегендей, дәрігерлердің қоғамдағы рөлі өте зор. Қазірде елімізде болып жатқан карантиндік шараларды ескерсек, осы мамандық иелерінің атқарып жатқан еңбегі орысан зор. Бейбіт күннің батырына айналуда. Науқас адам өз ауруымен жеке қалғанда көмек қолын беруге қабілетті жан ол-дәрігер. Дәрігер мамандығы мол жауапкершілікті, білімділікті, мұқияттылық пен жанашырлықты талап етеді. Медицинада ең негізгі дәрі бұл дәрігердің өзі, ал дәрігердің ауруға қарсы қоятын қаруы-бұл қазіргі сәттен бастап өз бойына сіңіріп келе жатқан білімі. Тек білімді дәрігер сапалы емдеу шараларын жүргізуге қабілетті, сол себепті де бұл аспектіні дәрігерге қажеттілерінің бірі деген пікірдемін. Заман дами келе, медицина да дамып келе жатыр, болашақ дәрігерлер ретінде біз де жаңа емдеу әдістері мен техникаларын прогрессивті түрде игереміз деген ойдамын.
Менің дәрігер мамандығына қызығушылығым жастайымнан болатын. Әкем, анам, туысқан мен таныстарым ауырып мазасызданғанда менде денсаулығын жақсартуға еш әрекет жасай алмағандықтан, дәрменсіздік сезімі туындайтын. Сонда олардың дәрігерге барып көрінгеннен кейін, оның тағайындаған нұсқаулығымен аурудан құтылғанын көрген соң, бұл мамандықтың ұлағаттылығына одан әрі қызыға келдім. Өсе келе отбасымда көбісі аурушаң бола бастады, әкем мен атам жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан болатын, нақтылай келгенде миокард инфарктісі және әкемде стенокардия, ота жасата келе жағдайлары жақсара келген болатын. Бұл мамандықты игеруді, дәрігер атануды армандадым. Сол кезден бастап болашақта осы бағытпен айналысып, қоғамда осы сала бойынша орын табуға мақсат еткен болатынмын.
Медицина саласының бағыттарына келетін болсақ, олар өте көп және оның барлығы да қажет, әрқайсының өзіндік рөлі мен мәні бар. Менің жеке дамығым келетін бағытым бұл-кардиология. Қазіргі таңда жүрек-қантамыр ауруларының көрсеткіштері бойынша өлім деңгейі жоғары. Елімізде кардиология бағыты бойынша еңбек еткім келеді. Менің ойымша кардиологияның болашағы кең және жетістіктері көп. Алдымызда одан әрі дамып жаңа аспаптары мен импланттары, емдеу тәсілдері арта келеді деген үміттемін.
Қазіргі таңда 2- курс жалпы медицина факультетінде оқимын. Өкінішке орай, белгілі себептермен біз арақашықтан оқуға мәжбүрміз, бірақ С.Ж. Асфендияров атындағы университетіміздің студенттері жақсы дәрігер болуға қашықтықтан болса да, бүкіл күш-ынтасын салып жүргеніне сенімдімін. Дәрігер болу үлкен мәртебе, ал ол мәртебеге лайықты болу үшін үнемі алдымға ұмтылу керек.
Қорытындылай келе дәрігер мамандығын игеру ерлікті, зейінді, шыдамдылық пен білімге таусылмас ұмтылысты талап етеді. Дәрігер атанудың жолы қиын және ұзақ. Ғалым Гиппократ айтқандай, егер біз өзімізді талап етсек, онда тек жетістіктер ғана емес, сонымен қатар қателік білім көзі болады. Біздің жақсы немесе жаман дәрігер атануымыз тікелей бүгінгі әрекеттеріміздің жиынтығына тәуелді. Сол себепті де талаптануды қоймай үздік дәрігерлер қатарына қосылуға тырысамын, аңсаған мақсатыма қол жеткіземін! Осы мақсат жолында үздіксіз білім мен талапқа толы күш-жігеріммен болашақта қазақ еліне қызмет етемін!
7.Исатай Әсел
«Менің мамандығым-дәрігер»
Кіріспе бөлім:
Кішкентай арман-Болашаққа мақсат.
Негізгі бөлім:
а)Науқас және Дәрігер
в)Жақсы дәрігер-бақытты тұлға
с)Менің мамандығым дәрігер
Қорытынды:
Кез-келген кішкентай баладан өскенде кім боласың деп сұрайтын болсақ қиналмастан – Дәрігер деп жауап береді.Неге?,-Өйткені ақ халатты абзал жандар біздің қаһарманымыз десекте қателеспейміз.Адамзат баласының ойы ұшқыр болғаны соншалықты өзімізді бір мезгілде бірнеше маман иесі ретінде елестетіп көреміз.Мен кішкентай кезде ата-анам, жақын туыстарым барлығы өскенде кім боласың?-,деп көп сұрайтын.Мен сол кезде ойланып барып дәрігер деп айтатынмын.Неге мен дәрігер болғым келетін?-,Өйткені өте керемет жандар қаншама адамдарды бақытқа бөлейді.Әлемде өте көп ауру түрлері бар, біздің дәрігерлеріміз оның емін тауып,әлемді құтқарып жатыр десек артық етпес.Мысалы: күнделікті өмірде жүзі жылы жанды көріп қалсам дәрігер екен деп қалам.Мен өсе келе дәрігер емес, басқа маман иесі боламын деп ойлайтынмын.Бірақ өмір өз ағынымен армандарға жетелейді екен.Бала күнгі арман мен үшін мақсатқа айналды,қазір алға қойған мақсатыма жету үшін, барымды салып жатырмын.Қазір менің мақсатым айқын және ол мақсатқа жету барысында, мен үлкен белестерді бағындыратын боламын.Мен болашақта дәрігер болып, көптеген ауру жандарды тегін емдейтін боламын,менің ұстанымым бойынша денсаулық ақшаға сатып алатын зат емес.Ол баға жетпес байлық.
Қазіргі таңда айналамызға қарайтын болсақ, науқас жандар өте көп, бірінің емі табылып жатса, бірінің емі жоқ.Неліктен?-,Өйткені біздің заманның адамдары, өздері өзгерудің орнына заманды, адамдарды өзгертті.Осылайша көптеген мамандықта, саны көп, сапасы жоқ маман иелері көбейіп кетті.Мүмкін осыдан болар ауру жандардың көбейіп жатқаны.Менің ойымша науқас пен дәрігердің арасында мықты байланыс болуы керек.Кейбір дәрігерлерге қарайтын болсақөте қатал әрі дөрекі сөйлеседі.Менің ойымша олай дұрыс емес,адамдарды қалай қарсалуыңада байланысты.Егер адамды жақсы қарсалсаң ол тез емделгісі кеп емді жақсы қабылдайды.Ал керісінше қабақ түйіп қарсы алсаң емделмек түгілі,көргісіде келмейді.Менің ойымша дәрігерлердің мейірімді болғаны дұрыс.Науқас пен дәрігердің арасындағы мықты қарым қатынас ол-сыйластық.
Елімізде бірнеше мықты тұлғалар бар жәнеде соның бірі ерекше жандар-дәрігерлер. Жақсы атқа ие болу ол оңай емес, ол үшін жылдап тер төгіп жұмыс жасайсың.Ал жаман атқа ие болу бірақ сәтте.Кез-келген мамандықтың биік шыңына жету ол оңай емес, және көптің бірі жете бермейді.Сондықтан мамандық таңдауда қателеспеу керек.Мамандықты қалай жаның сүйсе,сенің қолыңнан бәрі келеді, жәнеде талай биік шыңдарды бағындырасың.Негізі көптеген адамдарға сенімділік пен қолдау жетіспейді. Әрқашан өз-өзіңе сенімді болсаң істеріңнің бәрі тек алға басады.Адамды сенімсіздік құртып жіберуі әбден мүмкін.Жаңадан дәрігер болған кезде қорқыныш,үрей,қобалжу болуы мүмкін. Бірақ өзің сенімді болсаң, күшің мен ақылың екі жақтап сені алып шығады.Ештеңеден қорықпау қажет.
Менің болашақ мамандығым-дәрігер жәнеде менде бұл мамандыққа деген қызығушылық, күннен-күнге артуда.Өйткені қазіргі таңда, мысал ретінде айтатын болсам: біз күнделікті өтіп жатқан сабақтарымыздың өзінде, түрлі аурулар,науқастар және диагноз қойып себебін анықтап өте қызығушылықты оятатын сәттердің бірі.Бізде апта сайын Проблемалық Кейстер қосымша тапсырма ретінде беріліп отырады,ол кейстер бізді болашақ дәрігер ретінде қалыптасуымызға үлкен септігін тигізеді.Біз ол жерде, ауруды анықтап,диагноз қойып, алдын-алу шараларын жазып, өзімізді дәрігер ретінде көреміз. Мен болашақта дәрігер болып, адамдарды емдейтін боламын.Халыққа қызмет етіп, өз борышымды орындау үшін барымды саламын.Медицина-бұл жол, өте ауыр және мықты болып табылады.Бұл жолда қалай жүріп жетістікке жету, ол адамның өз қолында.
Қорытынды:Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Дәрігер-медицина саласының маманы,адам өмірін қорғаушылар.Кез-келген адам дәрігер бола бермейді.Бұл мамандық өте ауыр және жауапкершілікті қажет ететін жол болып табылады.Бұл өмір мүмкіндіктер мекені.Кез-келген мүмкіндікті дұрыс пайдалана білген жөн.Болашақ дәрігер ретінде айтатыным науқас бізге өмірін тапсырып келген соң барымызды салып емдеуіміз қажет. Өмірде ең басты байлық-Денсаулық.Әлемдегі байлықтарымызды сақтап қалу біздердің яғни дәрігерлердің қолында.Әрбір жанған жарық жұлдыздарымыздың сөнуіне ешқашан жол бермейік.
8.Қауынбай Әлихан
Менің мамандығым – дәрігер
Қай уақытта болмасын, дәрігер мамандығы адамзат қоғамында ең бір тұғыры биік, маңызы зор мамандықтардың бірі де біргейі болды және солай болып қала бермек. Грек ғалымы Ұлы Сократтың айқаны бар: «Барлық мамандықтар адамнан және тек үшеуі Құдайдан: ұстаздық, сот және дәрігер». Мұнымен келіспеске болмас. Себебі, сондай бір сәттер болады, адам өмірін өлімнен жалғыз ғана қалқан қорғап тұрады, ол – сол бір адам өмірі үшін күреске түскен дәрігер. Ал, адам өмірі – бұл жалғандағы ең қымбат байлық емес пе?!
Алдына келген науқастың жан-дүниесін тұтастай ұғыну, оның өміріне деген жауапкершілікті сезіну, қандай тығырықты жағдай болмасын, бар ерік-жігерін салып, сол тығырықтан шығудың жолын іздестіру – әрбір дәрігерден талап етілетін жайт. Дәрігер алғаш жоғарғы оқу орны табалдырығын аттағаннан сол жауапкершілікті сезіне білуі керек. Мейлі, маңызы төмен болсын, бірақ денсаулық жағдайына қатысты әрбір жайтты егжей-тегжейлі зерттеп, ұғынуға және тәжірибеде қолдана білуге тиіс. Білім мен біліктілікті арттыру оқу орны қабырғасымен шектеліп қалмай, қызмет ету барысында да өз жалғасын табуы қажет. Дәрігерлік «адам денсаулығы» деген ауыртпалығы мол жүкті өз мойнына алған іспетті, ал кімде-кім сол жүкті бел буып көтерген екен, оған кері шегінуіне жол жоқ, сол жүкті тиісті жеріне еш зақым келтірместен жеткізуі тиіс.
Осынау қызығы мен қиындығы мол жол көптің ішінде мені де өзімен ілестіре әкетті. Бұл жолдың бастауы мектеп қабырғасында биология және химия пәндеріне деген қызығушылықтан бастау алды. Ботаника курсынан соң анатомия курсын бастадық. Шынын айтсам, кішкене кезімнен адам тәні құрылысына қызығатынмын. «Неге?», «Қалай?», «Қандай?» деген сұрақтар жиі мазалайтын. Міне, сол бір сұрақтарға жауап алатын сәт те келген соң бар құлшынысыммен осы курсты меңгере бастадым. Талабым текке кетпеді. Адам тәнінде осыншама құрылымдар неткен керемет үйлесімділік тапқан! Дәл осы таңданысты сол сәттен әлі күнге дейін сезінемін. Кейіннен химия пәнін меңгере бастадық. Мектеп қабырғасындағы ең сүйікті пәнім болды. Басқа–басқа, химия пәні өзіне ерекше баурап алды. Тұтас сынып бар құлшынысымызды салып оқитынбыз. Бейорганика курсын аяқтап, органика курсын бастадық. Рас, салыстырмалы түрде органика курсы қайда жеңіл соғады. Сол себептен бе, мектеп бағдарламасынан тыс ақпараттармен танысуға ұмтылатынбыз. Оның үстіне, мұғаліміміз де бар білгенін үйретуге тырысатын. Солай, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасап бастадым. Қолданған әдебиеттерімнің бірінде биохимия курсы да қамтылған еді. Түрлі-түсті суреттері мен схемалары қызықтыра әкетті. Менің де қарсылығым болмады, меңгеруге кірісіп кеттім. Тіндік деңгейде тәннің құрылымын меңгеріп шыққан оқушының ендігі жерде жасушалық деңгейдегі процесстермен танысқан кездегі эмоциясын көрсеңіз. Жай ғана «Уау!». Бұл жол – менікі екеніне анық көзім жетті.
Солай арман қуып өзім қалаған жоғарғы оқу орнына да түстім. Алғашқы сәтте жаңа ортаға үйрену қиыншылықтары туындағанмен, кейіннен бәрі өз орнына жайғаса кетті. Шыны керек, кейде тапсырмалардың көптігі, ал сапалы орындауға уақыттың тапшылығы қиындықтар тудыратын. Ұйқысыз өткен түндер әрбір студенттің басында болған жайт деп ойлаймын. Бірақ, мен қандай жолға аяқ басатынымды жақсы білдім және болашақта науқас алдындағы жауапкершілік сезімін алға тарта, жігерімді жасытпай алға жылжуға ұмтылудамын. Болашақтағы қызметтік бағытымды да айқындадым – эндокринолог-дәрігер ретінде қызмет атқарғым келеді, әрі жоғарғы оқу орнында оқытушы ретінде қызмет атқарып, білікті мамандар даярдауға өз үлесімді қосқым келеді. Эндокринология саласын таңдау себебім, қазіргі таңда аталған салаға тиісті дерттердің әлем бойынша және елімізде белең алуымен түсіндіргім келеді. Мендегі мақсат – дерттің диагностикасы мен емдеу шараларын неғұрлым сапалы әрі қолжетімді ету, дерттің кездесу жиілігін барынша азайту.
Міне, арман қуған көп студенттің бірінде осындай оқиға. Бұл жолды таңдағаныма еш өкінген емеспін. Керісінше, мақтан етемін. Мен үшін дәрігер ретінде қызмет атқару – жетістік, жауапкершілік, абырой!
9.Саулебек Дина
«Менің мамандығым-дәрігер»
Менің мамандығым-дәрігер.Мен кішкентай кезімнен дәрігер болуды армандайтынмын және кәзіргі уақытта сол арманыма жеттім деп ойлаймын өте қуаныштымын.Мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде оқимын.Қазақстанның ең алдыңғы қатардағы университеті деп айта аламын.Бұл жерде өте көп мықты дәрігерлер біліп алып шыққан.Дәрігер болу ол үлкен мәртебе деп білемін.Дәрігер болу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні сөзсіз.Мен ешкім жетпеген жетістіктерге қол жеткізгім келеді.Әр бір адам мамандық таңдаудан қателеспеу кере деп ойлаймын.Өзінің жүрегі қалайтын іспен айналысу қажет мен өзімнің жүрегім қалайтын мамандықты таңдадым деп ойлаймын.Мен мықты маман болғым келеді,сол үшін аянбай еңбек етемін.Еліме адал қызмет көрсеткім келеді.Ия дәрігер болу оңай іс емес үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Дәрігер тікелей адам өміріне жауап беретін болғандықтан әр ісіне мұқият болуы керек.Алдына келген әр науқасқа диагноз қойып еміне шипа болатындай жағдай жасауы керек.Мен қазіргі уақытта Жалпы Медицина мамандығында оқимын 6 жыл оқып бітіріп болған соң ары қарай жалғастырып Генеколог-акушер болғым келеді.Әрине оңай емес осынша жыл оқу бірақта мен өз алдыма мақсат қойдым халықтың денсаулықтары мықты болу үшін өз үлесімді қосуға.Мен мамандығым адам өмірімен байланысты болған соң,үлкен ізденісті,еңбек етуді талап етеді.Мен өте тәжірибелі маман иесі атанғым келеді.Бұл менің өз таңдауым.Менің отбасымда ешқандай дәрігер жоқ маған отбасым үлкен үміт артып отыр мен сол үміттерін ақтағым келеді.Отбасымнан ең бірінші дәрігер атанамын.Халық үшін іс жасағым келеді.Дәрігер болуымның басты себебі маған барлық адамның дені сау болғанын қалаймын ешқандай адам ауырмаса деймін.Елімізде болып жатқан жағдайлардың болашақта қайталанбауы үшін өз үлесімді қосқым келеді.Ақ халатты абзал жан болу әркімнің болмасын арманы.Бірақта кез келген адамның қолынан келе беретін іс емес.Мен өз қолымнан келеді деп ойлаймын.Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық керек,өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар бойы ізденіп оқу керек.Бірақ адам осы ісінен қуаныш таба білсе,бойына жаңа күш қосылып еңбекке,оқуға деген шабыты арта түседі. Әр бір науқасқа диагноз қою біліктілікті талап етеді. Сондықтан да менің ойымша медицина саласында оқудың өзі 9 жылды талап етеді.Адамды емдеу өте қиын,қателесуге ешқандайда құқың жоқ.Өткені ол адамның өмірі сенің қолыңда,сол үшінде улкен жауапкершілікпен қарауға міндеттісің.Барлық қиыншылыққа қарамай мен тек мықты маман болуға бар күшімді саламын.Дәрігерлердің мойнына улкен жүк артылады.Соған қарамастан мен осы мамандықты ойланбастан таңдаймын.Менің өзімнің аңсаған арманыма жетуге тырысамын және қалайда жетемін Мен мамандығымды сүйемін.Мықты,білікті дәрігер боламын.
10.Әміртаева Айгүл
Менің мамандығым – дәрігер
Өте кішкентай кезімде армандарым өте көп болатын. Біртіндеп өсе келе, өмірдің әрбір қиындықтары мен шынайы бейнесін қатарынан көре келе, армандарымның бағыты да өзгерді. Арман – адамды болашаққа жетелейтін алғашқы жолдардың бірі… Осы тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: « Жарқын болашақ – жастардың қолында» дегендей, әрбір жас ұрпақтың болашағы өз қолында екені бәрімізге мәлім. Мектепте оқып жүрген кезімде, кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланатынмын. Өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі ол – мамандық таңдау. Адамның болашағы, оның өмірлік жолы мамандығына тікелей байланысты. Әр адамның мамандығы өзіне рахат сыйлайтын, оның сүйікті ісінің бірі болуы қажет. Мамандық таңдау ол – өміріңнің бір кірпішін дұрыс етіп қалау деп түсінемін. Болашақтағы өзімнің таңдаған мамандығыммен тікелей байланыстырамын.
Дәрігер…. Менің мамандығым – дәрігер – адам үшін ең қажетті, ең маңызды мамандықтардың бірі. Адам үшін өмірде денсаулықтан асқан маңызды нәрсе бар ма?! Әрине, жоқ. Болашақта адамдарға ауруларымен күресіп, оларға қамқорлық көрсетіп, түсіністік танытып, өмірлерін сақтап қалуға бар күшімді салғым келеді. Дәрігерлік – нағыз ерлік. Тән мен ойдың тазалығын қажет етеді. Кімнің жағдайы нашар, кімге ауыр барлығына көмектескім келеді. Ерлікке толы, жауапты мамандықты таңдау қиын шығар, бірақтан да, ежелгі заманнан бері дәрігерлердің білімдері қоғамда құрметке ие болып келеді. Ақ халат киген адам – әрқашан да ажал мен өмірдің арасындағы күресте тұрады. Адам өмірі мен денсаулығы үшін күресуші. Оның күнделікті жұмысы азапта жатқан жанның жарасын жеңілдетуге және адамдардың өмірін сақтауға бағытталған. Әрбір дәрігерде болуы керек ең басты нәрсе – сүйіспеншілік деп білемін. Адамдарды сүюді, олардың мәселелеріне үңілуді, тыңдауды және өте мұқият болуды талап етеді. Мұны істеу үшін шынында да мейірімді және күшті адам болуды талап етеді. Дәрігерлердің қателесуге құқығы жоқ. Тігінші немесе сатушының қателіктерін түзетуге болатын болса, ал дұрыс емес диагноз, хирургтардың дірілдеген қолдары, тіпті науқасқа деген немқұрайлылық науқастың өмірін қиюы мүмкін. Бұл мамандық батылдықты талап етеді. Әрине, бұл жолда талай қиындықтар туындайтынын білсем де, мен өз мақсатыма жететініме сенімдімін. Осы орайда ойымды жүзеге асыру үшін қазірден бастап алға қарай талпынып, қадам басудамын. Барлық жігерім мен күш-қайратымды сабаққа арнаудамын.
Қорыта айтқанда, мен де қоғамға пайдамды тигізгім келеді. Антоний Кэмпиньский айтқандай, медицинада дәрігердің өзі нағыз дәрі болып табылады. Мамандық таңдаудан қателеспедім деп білемін. Қыз бала үшін дәрігерлік нағыз ең таза, ең адал мамандық. Ата-ананың үкілеп отырған үмітін ақтау, көз қуанышы болу ол бір төбе бақыт емес пе?!
11.Раманқұлов Амандос
Менің мамандығым –дәрігер!
Менің ойымша, адам өміріндегі ең маңызды қадамдарының бірі –өмірлік мамандығын дұрыс таңдау. Қазақ халқымыз «Адам екі түрлі таңдауда қателеспеуі маңызды, бірі –жар таңдағанда болса, екіншісі –мамандық таңдағанда» -деп, бекер айтпаса керек, демек, мамандық таңдау деген, өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет деп білемін. Ол үшін адамда таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігі және өзіне деген сенімі болуы тиіс!
Мені де, бала күнімнен толғандыратын дүниелердің бірі –болашақ мамандығымды дұрыс таңдау болды. Барынша жүрегіме жақын, өзім бейім саланы таңдауға тырыстым. Менің түсінуім бойынша, адам қандай саланы таңдасада , егер өзі қалаған сала болса, міндетті түрде мықты маман иесі болады және өз саласы бойынша жетістікке жететініне сенімдімін! Әрине, мықты, жақсы маман иесі болуды кім армандамасын?! Өмірімде бірден –бір орын алатын , өмірлік мамандығымды дұрыс таңдап, мықты, білікті маман иесі болу арқылы –Отанымның дамуына кішігірім болсада өз үлесімді қосу , менің бала күнімнен алдыма қойған ең негізгі мақсатым десем артық айтқандық болмас еді.
Менің болашақ мамандығым –дәрігер! Йә, ойланып –толғана келе, осы медицина саласына тоқталдым және қазіргі таңда сол салада, яғни бала күнімнен армандаған, жүрегіммен, бар жан дүниеммен қалаған «дәрігер» мамандығы бойынша білім алудамын. Демек, мен өз мақсатыма деген ең негізгі нық қадамды жасадым, әрі қарай барынша тырысып, сапалы білім алсам, мықты маман болып, мақсатыма жетемін деген сенемдемін. Әрине, бұл мен үшін оңай болған жоқ. Өмірімде «дәрігер» мамандығын таңдауға деген біршама кедергілер және сол кедергілерді жеңе біліп, дәрігер мамандығына қызығушылығымды арттыра білген, ойымды нақтылай түскен дүниелер де кездесті.
Дәрігер –адам жанының арашасы ғой. Менің бұл мамандықты таңдауыма түрткі болған дүниелердің бірі ең алдымен, бала күнімде отбасымызда жақындарымның біреуі ауыра қалса бірден дәрігер іздеп, емханаға апаратын. Сол кездерде менің санамда, «Дәрігерлер әркез адамдарға көмектеседі, оларға барша адамзат мұқтаж, егер менде дәрігер болсам, адамдар арасында зор мәртебеге ие боламын» -деген, балалық көзқарас пайда болған болатын. Одан кейін осы ойымның санамда орнығып, қалыптасуына өсе келе, басымнан өткерген бір қайғылы жағдай негізгі себепші бола білді. Осы жағдай «дәрігер» мамандығын таңдауыма іштей негізгі түрткі болды десем артық айтпаған болар едім, ол себепші –менің асыл әжем. Мені дүниеге әкелген анам болсада, маған одан қатты жақын болып, мені бала кезімде бәрінен қорғап, әркез қамқор болып, бағып, қаққан, мен үшін бәрінен бұрын бірінші орында тұратын марқұм әжемнің кеселі. Ол кезде мен 9 жаста едім, сол кездерде әжем сырқаттанып, біраз уақыт емханада емделіп жүрген болатын. Әкеммен анам барынша емдетуге тырысып бағып жүрді, мен ол кезде бала болсамда, сол кезеңдер, әжемнің қиналып ауырғаны, барлығы да әлі көз алдымда. Әжемнің асқазаны ауыратын, дәрігерлер әжеме тез арада шетелге барып, ота жасату керек және ол үшін қомақты қаражат керек екенін айтты. Әрине, ол кезде мен бала болдым, ал ата -анама қанша жұмыс жасасада 1күнде ондай қаражатты табу қиындыққа түсті. Сондада, мейлінше тырысып,керекті соманы тапқанымен әжем ота жасатуға, туған жерінен алыстап шетелге баруға үзілді –кесілді қарсы болды. Әкем барынша әжемді көндіруге тырысты, ақыры әжем келісімін берген болатын, алайда бір өкініштісі ол кезде әжем үшін ота жасатуға тым кеш болды. Содан кейін екі жеті өтер өтпес, сол кесел әжемді жалмап әкетті…
Мен үшін бұл жағдай ауыр тиді, және өсе келе ойланамын, «Неліктен бір отаны жасату шетелде соншалықты қаражатты қажет етеді , неге еліміз отаның барлық түрін жасауға қауқарсыз?! Егер мықты дәрігер болсам, кез-келген отаны тегін жасаймын және жақындарымның ұзақ өмір сүруіне себепші болар едім» — деген, мақсатта ер жетіп, рухани тұрғыда осы мамандыққа бір қадам жақындай түстім. Бұл дүниелердің бәрі әрине, бала күнімнен санамда қалыптасып, қазіргі таңда «дәрігер» мамандығында білім алуыма себепші болып отыр. Жоғары оқу орнын тәмәмдаған соң, шетелдік мықты дәрігерлермен тәжібибе алмасып, мықты әрі сапалы медицинаның елімізде толығымен орнауына себепші болсам деймін. Дәрігер маманы еліміз үшін әркез бірінші орында тұратын мамандықтардың бірі әрі бірегейі екені сөзсіз. Оны, дәл қазіргі уақытта дүниежүзіндегі барша адамзат үшін басты проблема болып жатқан, қауіпті індетпен күресуде, тағыда бірінші қатарда дәрігерлердің тұрғанынан аңғаруға болады. Бұл жайт, менің өз мамандығыма деген сүйіспеншілігімді арттырып, мамандығымды дұрыс таңдағаныма тағыда көзімді жеткізіп отыр.
Сөзімді қорытындылай келе, дәрігер болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін, жауапкершілігі мол мамандық, дәрігер адамның бойынан барлық адами қасиеттер, соның ішінде батылдық,ептілік, ақылдылық, жанашырлық сынды қасиеттер тоғыса білуі керек деп ойлаймын. Өзімді еліміздің ең мықты дәрігерлері қатарынан көрсеткім келеді, мықты дәрігер болу арқылы, Қазақстан медицинасының дамуына өз үлесімді қоссам, елде халқымызға барлық мәселе бойынша қол жетімді көмек көрсетіліп, шет елдерге еш мұқтаждықсыз, өз еліміздің кез-келген азаматына еркін емдік шара көрсете білсек екен деймін. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс, азаматты мақсатына жеткізетін қанат деп білемін!
12.Ахметғали Алина
«Менің мамандығым-дәрігер»
Айнала сары-қызғылт түске боялған шақ еді. Мен он үш жастамын,сабақтан үйге келіп анам әкелген журналдарға көзім түсті,әдемі қыздар мен сәнді киінген жігіттер арасынан көзіме қабағынан қар жауған өткір көз қарасты,шаршаңқы жанды байқадым.Астынан оның: Ақ халатты жылуы,скальпелі серігі болған дәрігер Гүлсім Асфендиярова екенін оқыдым.Оның үлесі бір қарағанда сезілмейтін болып көрінеді,бірақ жетістіктеріне мән берсек ,қосқан үлесіне назар аудармау мүмкін емес.Әрине он үш жасар қызға дәрігер-қолына шприц ұстаған әрбір балалар қорқатын мамандық иесі ретінде болған.Кейіннен есейе келе Ақ халатты киіп,скальпельді қолына ұстап-періштелерді әспеттеп,төзім мен күшті жүйке серігі болған,сонымен қоса кез келген жағдайда жол таба білу нағыз дәрігердің портреті екенін түсіндім.
Үлкен өмірге дайындық сатысында,мамандық таңдар шағында сол бір портрет жүрегіме жол салғанын түсіндім.Әрине күмән ойлар мазалады.Бірақ сол бір портрет мені жетелеп ,ақыры тұзағына түсірді. Соңғы қоңырау… Міне Ұлттық Бірыңғай Тестілеу уақыты, баяу,бірақ нық қадамдармен көк есіктің босағасын аттадым.Қаптаған адам,қараған көздер барлық назар Жас түлектерде.Бәрінің бойында қорқыныш,себебі болашақтарына алаңды,ертең кім қайда түсері белгісіз.Ал менің жүрегімде,санамда С.Д Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде еді.Тестілеу парақшасын таратты, үш жарым сағат,тағдырлар шешілуде.Медицина мамандығына түсу үшін биология және химиясы пәні бойынша тестілеу тапсырдым.Секунд,минут,сағаттар өтуде.Үйде отбасыммен Ұлттық Біріңғай Тестілеу нәтижесін күтудеміз.Сол сәтте қобалжып жүріп ұйықтап кетіппін,түс те көріп үлгердім.Түсімде сүйікті универімнің алдында ақ халатпен суретке түсіп жүр екем,бір сәтте әпкемің «Ураааа,Алина жүз жиырма тоғыз»-балл жинадың деген даусын ести ұйқым шайдай ашылып кетті.Бірінші Аллахым,екінші ата-анам үшінші өзімнінің арқамда Ең үлкен армандарымның бірі орындалды.Мен Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің бірінші курс студенті атандым.Арман қуып Алматы қаласына да келдік.Бірінші жатаханадан бөлме алдым,кіріп келгенімде:көздері мөлдіреген,дәл өзім сияқты ,Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған балмұздақтар екенбіз.Есімде ең алғаш ақ халатты киіп,Гипократқа ант бергеніміз. Жеті әріптің басын қосқан -Дәрігер сөзінің жауапкершілігін,қиындығын,маңыздылығын мен ең алғашқы рубежка,сессия кезінде сезіндім. Дәрігер болу туралы шешім қабылдаған кез-келген адам қиын оқу кезеңін абыроймен өтуі керек, ол бүкіл мансабында жалғасады. Өзін-өзі жетілдіру, білім мен дағдылардың үнемі және әдістемелік кеңеюі — бұл сабақтар дәрігерді өмір бойы жетелейді, өйткені оларсыз ең талантты маман да шынайы биіктерге және еңбек жетістіктеріне жете алмайды. Дәрігердің өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы неғұрлым маңызды, өйткені науқастардың денсаулығы мен өмірі оның әрбір негізделген шешіміне байланысты. Дәрігер мамандығы әрқашан беделді болды. Жақсы дәрігер үлкен сұранысқа ие,сол жасөспірім Алинадан дәрігер Алинаға дейін үлкен жолды жүріп өтуім тиіс.Ұйқысыз түндер,кітапқа үңіліп түсінбегенше қайта-қайта оқып,өлім мен өмір арасын арпалысқан жандарға дер кезінде көмек қолын созу,алған білімімді дұрыс арнада тәжірбиеде қолдану менің мақсатымның бірі. Осылайша мені жетелеп келе жаткқан мақсаттарымды жүзеге асырып, медицина тарихында орын алуға қанаттанып самғаймын.
13.Серікбай Думан
Бала кезімізде әрқайсымызға «өскенде кім болғын келеді?» деген сұрақ қойылады. Себебі мамандық таңдау әр адамның өміріндегі маңызды шешімдердің бірі. Біздің өміріміз қандай болатыны, біздің таңдаған кәсібімізге байланысты. Сондықтан, біз өз таңдауымызды мұқият ойластырып, оған байыпты түрде қарауымыз керек. Өз қабілеттерімізді дұрыс бағалап, ең бастысы — өзімізге ұнайтын жұмыс таңдауымыз керек, өйткені біз жұмысымызды бастаған сайын оған қызығушылық артады, сәйкесінше, көптеген жетістіктерге жетуге мүмкіндік туады. Қазіргі таңда танымал және сұранысқа ие мамандықтар жеткілікті. Үлкен жалақы берілетін кәсіптерді көпшілігін қызықтырады. Менің ойымша, мамандық таңдауда бастысы адамдармен қарым-қатынаста болатын мамандықты таңдаған жөн. Ал дәрігерлік бұл өмір бойы адамдармен қарым-қатынаста болатын бірден бір мамандықтың бірі. Дәрігер мамандығы адам үшін ең маңызды, себебі, денсаулықтан да құнды нәрсе бар ма? Адамға денсаулық беру — үлкен мәртебе. Сол себепті кім болғым келетіні туралы сұрағанда, мен әрдайым мақтанышпен дәрігер деп жауап беретінмін. Ия, дәрігер болуым туралы шешім менде бала күннен бастап қалыптасты. Менде мектеп кезде оқу пәндеріне ерекше қызығушылық болатын. Мысалы маған география пәні ерекше ұнайтын себебі әр түрлі елдерді аралап, олардың тұрмыс салты мен мәдениетімен танысып, табиғатын тамашалау аса қызық болатын. Сондай ақ әдебиет пәнің сүйіп оқитынмын. Әр ақын-жазушының шығармаларын оқып, өзімде дәл сол ақындар секілді өз шығармашылығымды адамдарға таңытқым келетін. Бірақ ең алғаш сегізінші сыныпта биология пәнінен адам ағзасын өткенде менде ерекше сезім оянды. Әрбір сабақты өткізіп алмай одан бетер талпынып адам ағзасы туралы көп білгім келді. Осылай менің медицинаға деген алғашқы қадамдарымның бір жасалды. Менің отбасымда дәрігер атағын алған адамдар көп болатын, мүмкін содан болар дәрігер мамандығына қызығушылық ерте жастан бастап қалыптасқан. Осылай бала күнімнен басталған арманым мақсатыма айналды. Жоғарғы сыныптарда нақты мамандығыңды таңдап, болашаққа үлкен қадам жасау керек болды. Маған бұл таңдау еш қиындық туғызғаны жоқ себебі, мен нақты не қалайтынымды білдім. Ал енді қазір сол арманымның бір бөлігіне қол жеткіздім. Ол осы медицина оқу орнына түсу болатын. Барлық кедергілер мен қиындықтарға қарамастан, болашақта мақтанышпен ақ халат киіп, дәрігер атағын алу мен үшін үлкен мансап болатын. Мен өмір бойы жұмыс істеп қана қоймай, содан ләззат алғым келеді. Өйткені дәрігерлердің өмірі мені қатты қызықтырады. Таң атпай басталатын жұмыс, әр түрлі аурулармен келген науқастар және түнгі ұйқысыз өтетін кезекшіліктер маған қорқыныш сезімін ұялатпады. Керісінше қарбалас жағдайда, тез арада шешім қабылдап пациненттің өмірін аман сақтап қалу жаныма жақын болып көрінеді. Мен үшін медициналық кәсіпте жалақы мен жұмыс орыны маңызды емес, мен емдеген адамдардың жүздерінен қуаныш сезімін көру аса маңызды болатын. Адам ағзасы тылсым бір дүние ғой, әр мүшенің ерекшеліктері мен қасиеттері сан алуан сол себепті медицина көп білімді, көп уақыт пен күш талап етеді. Ал енді қазыргі уақыттағы мақсатым, нақты бір бағытты таңдау. Мен ол таңдауды да шешіп койдым. Мен адам жүрегіне ерекше қызығушылықпен қараймын және болашақта сол жүректерді емдеп, адамдарға бақыт сыйлайтыныма еш күмәнданбаймын. Себебі ата-анамның қолдауымен, менің күш-жігерім мені алға жетелейді. Бала күнімде қызығып оқыған пәндердің бағыты бойынша осы мамандығымды байланыстырғым келеді. Болашақта басқа елдерге барып сол жердің табиғатын тамашалап сол елдің медицинасымен танысқым келеді. Осылай медицина жолымен жүріп қана қоймай өз шығармаларымды жазып, өзімнен кейінгі ұрпаққа дәрігерлік жолдың қиындықтары мен қызықтарын таныстырғым келеді. Осылай менің медицинаға деген сүйіспеншілігім бала күнімде пайда болды, енді меніңше, ол әрқашан менімен бірге болады. Мен көптеген емделмейтін аурулардың емін ойлап тауып, адамдарға өз ауруларын жеңуге және өмірлерін сақтап қалуға көмектесемін және бұл менің өмірлік борышым болып өтеді. Болашақта осы жолды тандап жүрген жастарға үлгі болатындай және барша халық мақтан тұтатындай дәрігер болатыныма сенімдімін.
14.Орындаған Аманбек
Менің мамандығым – Дәрігер.
Дәрігер деген кім? Неге бұл мамандық маңызды деп саналады? Ойға келетін сан түрлі сауал бар, бірақ жауап біреу. Дәрігер – адам жанының жердегі құтқарушысы. Дәрігер – ақ халатты абзал жан. Дәрігер – азатзат құрметтейтін бірден – бір адам. Дәрігер туралы көптеген пікір, жақсы сөздер айтуға болады. Және бұл тұлғалар осы марапатқа лайықты деп ойлаймын.
Біздің ата – бабаларымыз дәрігерлерге құрметпен қараған және келешек ұрпақта құрметпен қарайды деген сенімдемін. Бұл мамандықты таңдаған адамдар басқа адамдардан өз бойындағы қасиеттермен ерекшеледі. Себебі дәрігер мамандығын оқу барлық адамдардың қолынан келе бермейді. Бұл мамандықты алып шығу үшін, қаншама тер төгіледі, қаншама жігер керек және қайратты қайтпас төзім керек.
Дәрігер мамандығы қызықты да қиын мамандықтардың бірі. Бір күндік дәрігер өмірінің қандай екенін айтып жеткізу мүмкін емес. Таң атқаннан күн батқанға дейін саған мұқтаж қаншама адам келеді. Олардың барлығының көңілінен шығу керек. Олардың айтып отырған әрбір сөзін мұқият тыңдау, оларға дұрыс диагноз қоя білу ол тек еңбекті қажет етеді.
Бәріміз білетіндей өмірде барлық оқиға оң бола бермейді, оның кері тұстары да бар. Сол кері тұстардан жол тауып шығу үшін білім қажет.
Мен бұл мамандыққа неге келдім? Неге дәл осы мамандықты таңдадым? Және кім болып шығуды армандаймын? Мен бұл мамандықты жайдан жай таңдаған жоқпын және бұл мамандықтың қиын екенін , үлкен жауапкершілікті талап ететінін біліп ,сараптап, ой елегімнен өткізіп барып келдім. Мен болашақта білікті акушер – гинеколог болғым келеді.Және де қазіргі таңда осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық күш жігерімді салып оқып жатырмын. Неге дәл бұл сала? Себебі сіз ойлап қараңызшы, адамзаттың бұл өмірдегі басты құндылығы ол — ұрпақ жалғастыру. Ал бұл маман иесі дәл осы тұрғыдан жұмыс жасайды. Көз алдыңызға елестетіңіз, жас отбасы ,бәрі білетіндей әр баланы ата анасы ерекше ықыласпен, махаббатпен ,сүйіспеншілікпен күтеді. Әсіресе 1-ші сәбиді. Мен сол бақытты сәбидің жарық дүние есігін ашуына себепші боламын, ары қарайғы жағдайды елестетсең жүзіңізге еріксіз күлкі ұялайды. Себебі бала дүние есігін ашты, мен оны анасының құшағына бердім дәл сол сәтті бақытты ана жүзі, одан әрі сыртқа шығып тағатсыз күтіп отырған әкесі және отбасысы оларға келіп, сәбидің дүние есігін ашқандығын айтсаңыз ол бөлек сезім. Әке қуанышы ол сәттегі атмосфера мүлдем бөлек болып табылады. Бұл сезімдерді сөзбен айтып жеткізу қиын.Бұл сезімді мен 1 мин ғана емес өмір бойына сезінемін, ол деген ғажап мүмкіндік.
Тек осы сезімдерге ғана емес , осы саланың зерттелмеген жерлерін не толық зерттелмеген жағдайларды зерттеп, адамдарға көптеген мүмкіншілік бергім келеді. Және де осы саланың Қазақстанда шешілмеген барлық сұрақтары шешіліп, ешқандай келеңсіз жағдай болмағанын қалаймын. Сонымен қатар келшекте барлық адам толық қанды гинекологке тексерілуден ұялмаса деймін. Себебі қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлардың алдын алуға болады. Негізінде бүткіл жағдайдың алдын алуға болады. Мысалыға айтатын болсақ, ауру баланың туылуы . Оған біршама себептер бар. Атап айтатын болсақ:
Жақын туыстар арасындағы неке;
Тұқым қуалаушылық;
Жағымсыз қоршаған ортаның факторлары;
Дұрыс тамақтанбау және дұрыс күтінбеу және тағы басқа.
Егер ата – ананың генінде ауру болған болса, онда жас жұбайлар алдын ала дәрігермен кеңесу арқылы, бұл жағдайдың алу алуға мүмкіндік алады. Барлық жағынан кеш болып, өкінгеннен гөрі, ерте алдын алған әлдеқайда жақсы.
Қорытындылай келе, мен өз мамандығымды жақсы көретін және осы мамандықтың қыр сырын үйренген білікті де білімді акушер – гинеколог болғым келеді. Және мен өз мақсатыма қол жеткізу үшін жұмыс жасап келмін. Маған артылған барлық үмітті ақтаймын.
15.Ермек Динара
Менің мамандағым-дәрігер
I.Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
III. Қорытынды
Болашақ мамандықты таңдау өте маңызды. Бұл жауапты қадам, өйткені адамның болашақ өмірі, жұмысы, мансабы, тіпті жеке өмірі оған байланысты болады. Дәрігерлік менің бала күндік арманым,және мен арманыма жеттім,әрі қарайда жетемін! Әрине,бастысы не мамандық таңдағаныңда емес,таңдаған мамандығыңды абыроймен атқару, алып шығу,сол мамандықты жан тәніңмен сүю! Міне,мен өз мамандығымды сүйе отырып,оны абыроймен атқаратыныма сене отырып бұл мамандықты таңдадым!
Менің болашақ мамандығым адам үшін ең қажетті және ең маңызды ол-дәрігер. Өмірде денсаулықтан асқан маңызды нәрсе жоқ деп ойлаймын. Халқымыз денсаулықты зор байлыққа балайтыныда осыдан шықса керек. Сондықтанда адамның жаман дәрігер боламын деген ойы болмайтыны хақ. Адамның өмірде денсаулыққа сенім артатын ең құнды нәрсесі дәрі-дәрмектен бұрын дәрігер болып табылады. Олай дейтініміз қарапайым науқас дәрігердің ақыл кеңесіне жүгінбей дәрі-дәрмектерді де дұрыс пайдалана алмайтыны анық.
Медициналық университетте оқу — бұл ұзақ процесс, кем дегенде 6 жылды қамтиды. Алғашқы оқу жылдардарынан бастап оқу оңайға соқпайтыны анық. Тақырыптар өте қиын болып келеді. Сол үшін нақты шешім қабылдар алдында сіз өзіңіздің күшіңізді шамалап, алдын-ала есептеуіңіз керек. Оқу процесі барысында сіз ешқашан босаңсып, сабақтарға немқұрайлы қарауға мүлде болмайды . Әрбір сабақты ден қоя отырып, тыңдап қатысу өте маңызды. Егерде бір дәрісті белгілі бір себептермен жіберіп алсаңыз, болашақта бұл бір науқастың өмірін жоғалтуы әбден мүмкін. Сол себептен жауапкершілік — болашақ дәрігердің басты қасиеті. Дәрігер мамандығы бір қарағанда әлдеқайда күрделі және қызықты болып келеді. Көбісі оны теледидарлық бағдарламаларда,фильмдерде,шоуларда ғана көріп басқаша пікір қалыптастыруы мүмкін. Алайда өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Емделуші пациенттер мінез-құлық тұрғысынан әр түрлі болып келеді, бірақ сіз оған қарамастан бәрімен бірдей тіл табыса білуіңіз қажет. Дәрігер, медициналық білімнен басқа, әртүрлі адамдармен байланыс таба білуі керек. Ол жастармен және қарттармен, сондай-ақ әртүрлі ауытқулары бар адамдармен сөйлесуге тура келеді. Болашақ дәрігердің бойында шыдамдылық, сауаттылық, мейірімділік, сыпайылық қасиеттері болуы шарт. Оның үстіне дәрігердің күнделікті жұмысы өте ауыр болып келеді.
Мен дәрігер мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, және болашақта ҚР-ның медицина саласына өзімнің зор үлесімді қосамын деген сенімім мол.
Мен дұрыс таңдау жасадым деп санаймын, өйткені мен адамдарға көмектескенді ұнатамын, ал дәрігер мамандығында бұл ең бастысы – көмектесуге деген ұмтылыс.
16.Нұрланбек Аярыс
Жоспар
I.Кіріспе бөлімі
1.Қанатсыз-ақ періште болуға болады…
2.Дәрігерлік кәсіп емес, ол-міндет,парыз,ар-ождан!
II.Негізгі бөлімі
1.Таңдау…
2.Бір қадам…
- …Дақ тигізбеу міндетім!
4.Армандаймыз! Алға ұмтыламыз!Мақсатымызға жетеміз!
III.Қорытынды бөлімі
1.Күннің әр сәулесі нұрға бөлейді…
2.Мақтан тұтамын!
«Олар сондай таза … қардай ақ көңілді, сәбидің пейіліндей кіршіксіз, ұлпа мақтадай таза, көк аспандай заңғыр. Олардың білер-білінбес қанаты бар, қанаты аққудыкі тәріздес мамық…» иә, періштелер туралы әр аңызда сан қилы сипатта дәріптейді, сан түрлі бейнеде суреттейді. Біреулер ия олар өмір сүреді, « бар»дейді, біреулер аңыз , әңгіме, болмайды олар «жоқ» дейді. Шын мәнісіне келсек ия, әрбір адам періште бола алады, бірақ өкініштісі «періште» болып қала алмайды…
Егерде менен періштеге сенесіз бе десе , «ия олар бар» , « олар бүгінгі таңымыздың себепшісі» , « ақ халаттың иелері – дәрігерлер» деуші едім. Келісемін, менің бұл сөзім абсолютті түрде кереғар түсінік.Дәрігер болу үшін ең алдымен сол атаудың маңызын түсініп, ұғынып алу керек деп білемін. Дәрігерлік біреулер үшін жай ғана табыс көзі , біреулер үшін бұл теңдесі жоқ мамандық , ал бұлай ойлау – адамдықтың ең төмен дейгейі… Дәрігер болуды кәсіп ретінде ұғынған жандар ия, сәйкесінше ақыр аяғында пайда үшін күнелтеді, табыс үшін әрекет етеді, мансап үшін ғана іс қылады… Ал меніңше , дәрігер болу бұл – ерекше дарынға ие болу. Тәңірдің берген тартуы деп түсіну керек. Дәрігерлік – ол міндет, ар-ожданның таразысы, теңдесі жоқ қасиетті ұғым .
Әр адамның өмірінде кішілі-үлкенді таңдау болатыны рас.Менің өмірімдегі ең ірі әрі маңызды таңдаулардың бірі – оқу орнын талдау болды. Көптеген санқилы пікірлер мен сыни көз қарастар қалыптасса да мен әлі күнге дейін өз таңдауымның дұрыстығына көз жеткізіп келемін. Менің таңдауым – Санжар Жаппарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті.
Ия,сапасы жағынан ескі оқу кешені болса да , ғимараттың ішіне кіргеннен бастап- ақ жылулықтың, мейрімнің, сүйіспеншілік пен арманға деген құлшыныстың лебі өзіне баурап тұрғандай… Университет табалдырығын әр кез аттаған сайын ең алғашқыдағыдай әсер аламын. Жүрегімді қуаныштың мерейлі сезімі кернеп, арманыма бір қадам жасағандай боламын…
Университеттің сырт көрінісі суық, сесті көрінері даусыз. Осы ғимаратқа жылулық силап , жан бітіріп , мейрімнің шуағына бөлеп, жандандырып отырған – ұлағатты , абзал жанды ұстаздарымыз. Ия, сөзбен айтып түсіндіру бір бөлек те , оны сезініп көру мүлде бөлек дүние. Мұғалімдерімнің әр сөзінен үміт отының алауын , сенім мен ақ көңілдерінің кіршіксіз екенін түсінемін. Осыдан кейін-ақ , біздің университетімізден атына кір келтірер азаматтың шықпайтынын шексіз кепілпен айта аламын. Себебі олардың алдында тек оқу мен түсіну ғана емес, адалдықтың , үлкен үкілеген кіршіксіз үміттің адамдық сипаттағы жүгін арқалайды. Ал осы сенімге селкеу түсірмеу әр адамның адамдығына шек болмақ!
Бүгінгі заман – ол жаңару мен жаңалық дәуірі. Бүгінгі күн жастарға арналған мүмкіндік күні. Осындай мүмкіндікті барынша пайдалана білген жан ғана өмір сүріп жүр деп түсінемін. Жаңалық әкелу өте оңай.Бар керегі ойыңа алған әр нәрсеге сенімді түрде , байсалды қарап, байыппен іс әрекет жасау қажет. Армандай біл ! Бұл айып емес… Алдыңа мақсат қоя біл! Мақсатыңның әр деталді бөлшегіне дейін елестет, жоспарла , жасап шық! Мақсатқа жетудегі әрекетің арбаның дөңгелегіндей болу қажет! Тек алға ғана сүрегенде арманыңа оңай ақ қол жеткізесің…
Мен сезіне алмын… Арманыма бастар жолдағы ұлудың әрекетіндей болмасын , жүйріктің жалынындай болмасын ,қандайда бір деңгейдегі жылжуды сеземін. Ең бастысы осы деп білемін. Бастысы бір жерде қалмау, ұмтылыс жасау, алға қарай қимылдау, тоқтамау !
Қазір кім болып табылмайын , мен өз әрекетіме қанағат қыламын. Әркімнің өз түсінігі бар екенімен келісемін,бірақ «мен үшін» ең керемет , ең мықты , « ең-ең» деген оқу орнында оқып жатқанымды, «таңдаулы» ұстаздардан білім алып , оқып-үйреніп жүргенімді мақтан тұтамын. Ең бастысы – бақыттымын!
17.Арғынбек Инкар
Бала кезден әр кім, өзін бір мамандық иесі ретінде көріп, армандайды және сол арманын мақсатқа айналдырып, жетістіктерге жетеді. Ия, бұлай оңай айтылғанмен, орындау үшін бірнеше жылдар, талай құлдырау мен асқақтау кезеңдері болады. Енді сол балалық шақтың асқақ армандардың бірі-дәрігер. Яғни,“ақ халатты абзал жан” деген қандай ұлы есім, қарап тұрсақ, ақ деген түсте бір пәктік пен адалдық елестейді. Ал “абзал” деген сөз, кеңесші әрі құтқарушы, үміт берушіден алатын кеңестерді тыңдауын “абзал” деген сияқты мағынада жеткізілген сияқты, солай емес пе?! Әрбір адамға өз мамандығы өзіне ерекше, өмірінде жеке бір орын алады, ал дәрігерлер жан қиналысымен келген адамдарды түсініп, емдеп, жан қиналысынан босатқандықтан әрбір адам үшін бір орын алады десем, артық айтпадым деп ойлаймын.
Жалпы, көп үлкен кісілердер екі істен жаңылма дегенде сөздерді естідік, жарың мен мамандықты дұрыс таңда, бірақ менің бұл мамандықты таңдау оқиғам мүлдем басқа, тіпті бастартуға тура келген сәттерде болған, бірақ бірбеткей мінезімнен бе , алдыға талпынысым ба, өмір медицина деген үлкен жолмен табыстырды. Бес жасымда, қасымдағы қыздармен ойнағанда, олар “мама-папа” ойнап жатқанда, мен “доктор” болам деп, маған алып келген ойыншықтарына сенің ойыншығында рак деген диагноз қойып беріп, талай қызды жылатып, ойыншықтарын осы рактан емдеген екенмін, қызық емес пе, бес жастағы кішкентай қыз рак дегенді қайдан біледі, неге сонша ауыр рак деген диагноз қойғанымды әлі күнге дейін түсінбедім. Уақыт өтті, рак деп диагноз қойып жүрген қыз бой жетті, тоғызыншы сыныпқа көшті де, ағылшын мен дүниежүзі тарихын таңдап, делдал боламын дедім, бәрі шын айтсам, таң қалды, қалайша деп, сөйтіп, бір жылымды дүние жүзі тарихына арнап, дайындалдым, бірақ, іштен дұрыс емес дегендей сезім болды, мен қобалжудан болған шығар деп жүрдім. Оныншы сыныпқа көшкен кез, химия сабағы, маған бұл сабақ аса қатты ұнамайтын, қатты көңіл бөлмедім, тек кейбір қызық реакцияларды зерттеп қана жүрген едім, бір күні лицейішілік олимпиада болып, химия пәнінен мені сол олимпиадаға химия мұғалімі жазып, қатыс деді, келісерден басқа амал жоқ, қатысып, бірінші орын жеңіп, қалалық іріктеуге өттім, осылай химияға деген қызығушылығым ояна берді, соңында химия және биология пәніне дейін ауысып, жаңағы бүкіліне рак диагнозын қоя беретін кішкентай қыз қайта оралды. Яғни, ең бірінші осы жолға мені әкелген химия мұғалімім болды. Әттең, өмір ертегі емес, тек қана жақсы сәттерден тұрмайды, ҰБТдан медицина грантына жетпейтін балл жинадым , бірақ Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінен грант ұттым, осы сәтте мен қуанышты да, бір өкініш сезімі де қатар тұрды. Анам жалғызбасты болғандықтан, қинамайын деп сол химия факультетіне түсуді жоспарладым. Он төртінші тамыз мен ҚазНУға документ өткізу керек едім, бірақ сол түні маған аян сияқты түс кіреді, түсімде үш икс(Х) және “ҚазНу” университетінің ғимаратын көрдім, ояна сала анама айттым, білмеймін неге, анам қатты қуанып кетті, құшағына қыса, “сен ҚазНУға емес, Асфендияровқа бар” дегенде, көзіме еріксіз жас келді, неге деп сұрасам, анамның жауабы “ол өлмейтін мамандық, адам тірі болса, адам жаны ауырады, ауырудан құтқарушы қай кезде болмасын керек”, менің ата-аналық борышым сені оқытқыздыру, уайымдама деді, түсінгендеріңіздей екінші осы медицинамен мені тоғыстырған, өзімнің анам болды. Алған бетімнен қайтпай, анамның үмітін ақтаушы, ел құтқарушы ретінде жалпы медицина мектебіне документ тапсырып, ҚазНУдағы гранттан бас тарттым. Енді рак диагнозын қойғыш қыз емес, сол рак диагнозынан айықтырушы онколог болғым келеді.
Қорытындылай келе, өзімнің қанатты сөзіммен аяқтағым келеді, “медицинаны сен емес, медицина сені таңдайды” демек, медицина таңдаса, оның қанша қиыншылықтары болсын, ауыр жағдайлары мен ұйқысыз түндерді қабылдау ғана, біліктілік пен шыдамдылық, ел алғысын алушы мен “ақ халатты абзал жан” деген атқа лайықты етеді.
18.Кенес Ринат
Почему медицина?
Иногда я просыпаюсь, и думаю почему я выбрал именно этот путь медика, ведь медицина не даст такие богатств как другие профессий, зарплаты вроде маленькие, учится долго, усилий приложить надо неимоверные. НО я не вижу себя в иной профессии кроме медицины.
Медицина это нечто святое для меня, это самая интересная наука, которую хочется изучать день за днем. Как работает наш организм, что может быть интереснее этого? Я никогда не видел ни одного человека которому не было интересно функционирование и строение человека, каждый из них хочет послушать из моих уст об удивительных фактах о нашем организме.
Врач — это профессия от Бога, она не дается каждому, чтобы постичь вершину и познать истинное знание о медицине, нужно любить это дело всей душой. Ничего больше для меня не важно, лишь бы мне дали заниматься этим делом. Ведь если человек истинно любит свое дело, он не будет работать ни один день, ведь каждый день будет лишь занятием хобби.
Меня спрашивают одногруппники, почему ты так хорошо учишься, в чем твой секрет? Секрет лишь один я безумно люблю медицину, и всё что с ней связано, мне нравится читать, анализировать, представлять структуры наше организма, и как они взаимосвязаны друг с другом, я подхожу к этому с таким бешенным энтузиазмом, что я ухожу в изучении темы очень далеко, я ищу дополнительную информацию, читаю ее, это просто одно удовольствие, и самое главное всё запоминается само собой, я не прилагаю больших усилий этому, и это прекрасно.
Я хочу в будущем стать ученым и продвигать отечественную медицину, что бы все знали и приезжали к нам говоря, что у нас самая лучшая и продвинутая медицина в мире. Я хочу быть толкачом прогресса в нашей стране. Ведь у нас все есть, нужно лишь взять и сделать это.
Думаю, я сохраню этот огонь внутри себя, огонь истинной страсти к медицине, и имея большую и незыблемую любовь к нашему Казахстану, я смогу поднять нашу медицину и сделать ее великой. Ведь у нас нет оправданий быть бедной страной, которая живет благодаря нефти и газу, мы должны развивать и научную сферу нашей страны, что бы все говорили какая у нас богатая и процветающая страна.
19.Жанархан Ескендір
Профессия врача — это подвиг,
она требует самоотвержения,
чистоты души и чистоты помыслов.
Антон П. Чехов
Начав свое сочинение со слов Антона Павловича Чехова, я хотел сказать одно – всем известна ситуация в которой мы сейчас находимся, по всему миру обитает вирус под названием СOVID-19, и все со мною согласятся в том, что врачи сейчас – Герои. Герои, которые не щадя своих сил, боряться за жизни людей. Ведь врачи самоотверженно сражаются с этим вирусом, зная в какой они опасности. Вот что такое человечность…
Я никогда не думал, что буду учиться на врача. В 8 классе мечтал о том, чтобы работать в Комитете Национальной Безопасности. В 10 классе я окончательно для себя решил, что стану программистом. И так каждый раз менял свое мнение.
Но однажды я заболел, меня отправили в Алмату на обследование. Выбрав самого лучшего врача в клинике внутренних болезней, я попал на прием к Жангентхану Абылаевичу.
Меня встретил спокойный, уверенный в себе человек, вселяющий доверие, дарящий веру в жизнь. Просто беседуя с этим человеком я получил столько эмоций, и казалось, я уже был здоров! Он прописал некоторые витамины, дал рекомендации. Узнав, что я учусь в одиннадцатом классе, он спросил о моих планах на будущее. Увидев, что я еще не определился с выбором профессии, он немного рассказал о себе. Как сейчас помню его слова: «Быть врачом — это значит учиться всю жизнь, быть в курсе новейших технологий, изучать иностранные языки, а самое главное, вселять надежды в сердца людей. Оглянись вокруг…»
На письменном столе врача лежало много книг, журналы на английском языке, на стене висели грамоты и благодарственные письма из стран, где он читал лекции. На прощание он дал мне «Бата», почему то, с пожеланиями стать врачом….
Наверное это повлияло на мое подсознание. По приезду домой, меня не покидали мысли о миссии врача. Продлевать жизни людей, излечить от болезней, помогать, дарить свет и добро… Так, через некоторое время, я начал учить химию и биологию.
Мама меня отговаривала: «Там нужна ответственность. Очень долго учиться, зачем это тебе?!». А я ответ: «Мама, я знаю что я делаю, я буду учиться и помогать людям!»
Так вот, я поступил в самый крутой медицинский университет нашей Республики. За полтора года обучения я получил здесь столько знаний! Да, пришлось нелегко, но я мечтаю стать лучшим врачом Казахстана, поэтому я стараюсь…
Эта профессия очень важна для людей, сейчас, как никогда все в этом убедились. Я очень горд и рад, что я буду Врачом!
20.Мамаберди Сандуғаш
Почему я выбрал профессию медика?
Меня зовут Мамберди Сандугаш, я являюсь студенткой первого курса, обучаюсь по специальности стоматология.
Встречаются люди, которые считают что абсолютно точно знают, какую специальность собираются получать. Это ошибка мышления, и это же, можно считать одним из моих первых диагнозов людям.
Невозможно при выборе профессии, сделать осознанный в полной мере выбор. Поскольку для этого как минимум нужно полностью проанализировать всю возможную человеческую деятельность. Начиная от занятий волонтёрством где-нибудь в Центральной Африке, заканчивая полетами в открытый космос.
В связи с этим, выбор сделан исходя из моего уровня знаний о профессии, которые здесь уже на Земле, в Казахстане мне кажется престижной. Ни в одной другой сфере нет такого количества авторитетных специалистов, врачи.
Одним из людей, немного повлиявших на мой выбор является мой брат. Учиться на медика сложно. Но невзирая на это, он решился, как и я, сомневаясь в своих возможностях, несмотря на сложности стать первоклассным специалистом.
Помимо прочего, одной из причин является то, что Казахстан молодая, но бурно развивающаяся страна, а медицине всегда есть куда развиваться, ведь кроме практической части, это целая наука, можно стать ученым, можно пойти в государственные структуры, и развивать структуру здравоохранения, делать ее еще лучше, можно в конце концов открыть свое дело, оказывать качественные медицинские услуги и преуспеть в этом. Возможности которые дает моя специальность вдохновляют!
Тему помощи людям затрагивать нет смысла, так как уже много об этом написано. Можно сказать, что всем помочь нельзя, человек не всесилен. Однако считаю облегчить жизнь тем, что живы – можно! Дать людям порадоваться, одной такой причины достаточно для меня, чтобы стать медиком.