Жақында «Мамандық таңдау-ертеңіңді ойлау» тақырыбында патофизиология кафедрасының доценті В.М.Сабырахметова кәсіби бағдар беру бағыты бойынша Алматы қаласы Мұхтар Әуезов атындағы №128 жалпы білім беру мектебінің 10-11 класс оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Бұл кездесудің мақсаты мектеп түлектеріне мамандықты саналы түрде таңдау, медицинаға деген қызығушылықты арттыру.
Доцент В.М.Сабырахметова 10-11 класс оқушыларының мамандыққа деген қызығушылығын, қалауын және білімін ескере отырып, өз мамандығын іздеу барысына әсер ететін келесі факторлар:
-оқу құны мен гранттық орындар;
-мамандықтың беделі мен қажеттілігі;
-оқуға түсу кезіндегі артықшылықтар;
-оқу жеңілдігі;
— оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктер жөнінде мағлұматтар берді.
Кездесу соңында В.М.Сабырахметова мектеп оқушыларына «Жалпы медицина-1» мектебінің тарихын, білім беру бағдарламасын, университтетегі мүмкіндіктерін, ПОҚ, ғылыми жұмыстарын, одан әрі оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін, студенттік өмірін презентация түрінде көрсетті.
Мектеп оқушылары өздерінің болашақ мамандығы туралы толық мағлұматтар алғанына ризашылығын білдірді.