Жақында жазғы сессия қарсаңында патофизиология кафедрасының оқытушылары 3 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ » атты шаралар ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты –сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Алдымен студенттерге сыбайлас жемқорлық жөнінде түсініктемелер берілді. Пара, сыйлықтар жөнінде түсіндірілді. Студенттің сессия кезінде оқытушыларға заттай немесе ақшалай сыйлықтар беруде студенттің өзі де жауап беретіні айтылды. Сыбайлас жемқорлық жағдайға ықтимал әкеп соғуы мүмкін мән-жайлар немесе адам қызметінің процесінде туындайтын оқиғалар жөнінде түсіндірілді.
Кафедрада сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында үздік тикток конкурсы ұйымдастырылды.
Жалпы медицина факультетінің 19-3-2 тобы вакцина жөнінде тикток,
ал 19-12-1 тобы студенттері сессия кезінде емтихан алушыға пара беру жөнінде видео түсірді. Студенттер өздерінің видеосында пара беру немен аяқталатынын көрсетті.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.